Жоспар:
- Саясаттанудың объектісі мен пәні.
- Саясаттану пәнінің әдістері мен функциялары.
- Саясаттану ғылымының негізгі парадигмалары және саясаттанудың негізгі мектептері.
- Заңгер мамандығындағы саяси білімнің қажеттілігі.
Әдебиеттер тізімі:
Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.
Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.
Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.
Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.
Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.
Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.
- Бүкіл әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Сондықтанда кәсіби мамандығына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрбір адамға қажет деп тұжырымдау орынды, өйткені ол қоғамда өмір сүріп отырып, басқа адамдармен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды. Саясат туралы білім алу қоғамдағы өзінің алатын орны мен атқаратын рөлін түсінуі, өз қажеттерін басқа адамдармен бірлесе отырып жақсырақ қанағаттандырғысы, оларды мемлекет ауқымында іске асырудың мақсаттары мен құралдарын таңдап алуға ықпал жасағысы келетін әрбір адамның мүдделеріне сай келеді. Ал саясатты түсінбеу және оны әдейі елемеу келеңсіз зардаптарға ұрындырады, адам тіршілігінен шектеп қалуға, ал ең қиын жағдайда оның негіздерін өзіне қатер төнуіне апарып соғады. Дүниежүзілік қауымдастықта және Қазақстанда қалыптасып отырған тарихи жағдай саяси білімдер деңгейіне, әрбір азаматтың белсенді саяси тәжірибиеге араласудың дәрежесіне біздің өміріміздің, біздің ойлау жүйеміздің, саяси іс-әрекетіміздің іс жүзінде байланысты екенін дәлелдейді.
Саясаттану адам және қоғам туралы өзге де ғылымдар сияқты адамның білімін қалыптастыруға, өткенді, қазіргіні, келешекті дұрыс түсініп, орнын анықтауға көмектеседі.
Саясаттану сөзі гректің «политика» және «логос» деген сөздерден шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясат термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымдармен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген.
Дәстүрлі түсінік бойынша саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұштасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүшелері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.
Саясат — өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.
Саясаттанудың объектісі – мемлекет, билік, билік қарымқатынастары.
Саясаттану пәні қоғамның саяси санасын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның құрлысы мен сан-алуан қызметтерін зерттейді. Ол адамзаттың қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастыру жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі саяси идеалық көзқарастар, саяси сананың дамуы туралы, дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол өткендегі және қазіргі саяси жүйелерді, адамдардың санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ал, бір жағынан жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Қорыта айтқанда саясаттану дегеніміз – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану ғылымы даму және қалыптасу жолында бірнеше кезеңдерден өтті:
- Антика заманынан Жаңа Заманға дейінгі кезең, Аристотель, Платон, Цицерон, Ф.Аквинский ойшылдармен көрсетіледі.
- Жаңа заман кезінен XIX ғасырдың ортасына дейін – Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс, Б.Спиноза және басқа көп үлес қосқан ойшылдардың кезеңі.
- XIX ғасырдың 80-90 жылдары мен XX ғасырдың басы – саясаттану өзінің пәні бар, әдіс-тәсілдері бар ерекше ғылым ретінде бекітілген кезі.
- 2. Саясаттану пәнінің әдістері мен функциялары. Саяси құбылыстар мен процесстер әр түрлі саяси әдістер арқылы зерттелінеді. Саяси зерттемелердің негізгі саяси әдіснамасы біртіндеп тарихи жолында қалыптасқан, бірнешесі қазіргі кезде кеңінен қолданылады.
Салыстырмалы (comparative) әдіс — екі немесе одан көп саяси объектілерді бір бірімен салыстыру арқылы зерттеме жасау. Бүл әдіс арқылы объектілердің жалпы ұқсастығы және айырмашылығы табылады. Кезінде бүл әдіспен Аристотель, Платон, Монтескье зерттемелерінде қолданған. Салыстырмалы әдіс арқылы: 1) саясат туралы дәлелденетін білім жүйесін қалыптастыруға; 2) саяси тәжірибені, тәртіпті және саяси процесстерді бағалауға; 3) саяси құбылыстарды, оның келешегін болжауға мүмкіндік табуға болады. Саяси әлімнің шын мәнін түсіну үшін, оның әр түрлі аумақтардағы, региондардағы ар алуан түрлерін зерттеу керек. Мысалы, мемлекет құрылымы, заң шығару органдары, партиялар, сайлау жүйелері және тағы басқалары.
Социологиялық әдіс – саяси өмірдің құбылыстарын талдау үшін бағытталған нақты социологиялық зерттемелердің жиыны: анкетирование, сұрақ қою, эксперименттер, статистикалық анализ, математикалық модель жасау. Социологиялық әдіс арқылы саяси болжамдау жасалынады. Қазіргі заманда осы әдістің негізінде қолданбалы саясаттану пайда болды, осында зерттемелердің нәтижесі интеллектуалды тауар болып табылады. Ал оған тапсырыс беруші – билік органдары, саяси партиялар, мемлекеттік ұйымдар.
Психологиялық әдіс – саяси тәртіптің субъективті механизмдерін, мінездемелерін, индувидуалды қасиеттерін зерттеуге арналған тәсіл. Бұл әдістің негізінде Аристотельдың, Сенеканың, Макиавеллидың, Ж.Ж.Руссоның, Т.Гоббстың тұлға мен билік, адам табиғаты туралы, азамат тәрбиелеу жайында идеялары жатыр. Психоаналикалық зерттеме арқылы көбіне саяси елбасшылық феномені зерттелінеді, оының ішінде – психобиографиялық және психотарихи бағыт. Психобиографиялық бағыт бойынша, басшылық феномені адамның бала және жасөспірім кезіндегі ерекшеліктерімен байланысты. Бұл әдіс бірнеше зерттемелерде орын тапқан: З.Фрейд және У.Буллит еңбегінде «Томас Вудро Вильсон, 28-і президент АҚШ. Психологиялық зерттеме», Г. Лассуэл «Психопатология және политика», В.Витгенштейн «Революциялық тұлға. Ленин. Троцкий. Ганди» және т.б.
- Саясаттану ғылымының негізгі парадигмалары және саясаттанудың негізгі мектептері. Көптеген гуманитарлы ғылымдар секілді, саясаттану пәні полипарадигмалық пәндерге жатады, яғни саясат зерттеуінде бірнеше концептуалды (тұжырымдамалы; жаңа ғылыми білім шығарған бағыт) бағыттардың мүмкіндігін мойындайды. Ал парадигма деген ол грек сөзінен алынған paradeigma – зерттемелі ғылыми есеп шығарудағы үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда келесі ғылыми парадигмалар бөлінеді:
Теологиялық парадигма — әлемнің бәрін діни тұрғыдан түсіндірілген кезден пайда болған. Билік, мемлекеттік құрылым, елдің тұрмысы – бәрі де Құдай құдіретінен туындаған әлемнің бөлігі деп қа растырылған.
Натуралисттік парадигма – саясатты табиғи факторлермен түсіндіреді: географиялық ортамен, ауа райының ерекшеліктерімен, адамдардың биологиялық және нәсілдік айырмашылықтарымен.
Натурализм көне заманда пайда болған. Мысалы, Гиппократ, Платон, Аристотель еңбектерінде географиялық ортаның саясатқа ықпалын көрсеткен. Шарль Луи Монтескье «Заңдар рухы туралы» еңбегінде әр халықтың рухы, адамгершілік бейнесі, дамуы, мемлекетінің түрі географиялық ортамен байланыстырды. Сонымен, натурализм саясаттану пәнінде геосаясат, биополитика және психологиялық клнцепцияларға айналды.
Биополитикалық парадигма – адамның саяси тәртібін анықтайтын – оның жынысы, тумалы генетикалық қасиеті. Осы парадигманың принциптарынан бихевиоризм бағыты қалыптасты – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. Бихевиоризм – XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында пайда болған американ саясаттану мен әлеуметтанудың басты бағытының бірі.
Психологиялық бағыт — XX ғасырдың 50-60 жылдары пайда болған адамның психологиялық қасиеттеріне шексіз көңіл бөлген бағыт. Психологиялық бағыт З.Фред, К.Юнг еңбектеріне сүйенеді. Бұл бағыт бойынша, әр саяси құбылысты тұлғаның психологиясы арқылы түсіндіруге болады. Бұл концепция Б.Расселдің саяси зерттемелерінде орын тапқан. Рассел бойынша, билік психологиясы ерекше индивидуалды қасиеттерді зерттеуі керек: мысалы, қорқу, коллективті истерия, қажу, көпшіліктің қозу қасиеттері биліктегі адамды диктатор болуға итермелейді. Сондықтан, демократияны сақтау үшін, диктаторлық режимнен аулақ болу үшін осы қасиеттерге жол бермеу керек.
- Заңгер мамандығына саяси білімнің қажеттілігі.
Заңгер дегеніміз – заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді (құқықтық нормаларға сәйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін және қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды реттеуші) жүзеге асыратын маман. Жоғарғы оқу орындарында заңгерлікке даярлық қазіргі заман талабына сәйкес жүргізілуі тиіс. Мұның өзі, сонымен қатар, оқыту процесінің негізгі мазмұнын құрайды және оның маңызды мәселелеріне жауап береді.
Негізінен, заңгер кәсібіне қойылатын талаптар: нақты теориялық білімді, қазіргі құқықтық және экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс, мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу керек. Сондай-ақ, олар заңдарды біліп, өзінің білімін кәсіби қызметтегі тәжірибеде пайдаланып, мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп, жұмысында қолдана алуға қалыптасуы керек. Ал, заңгерлердің кәсіби мәдениеттілігі – басқару әдістерін білу, ел арасында тәрбиелік және құқық жұмыстарын жүргізіп насихаттау, үнемі біліктілігін жетілдіру, нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қатынас жасай білу қасиетін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруды басты мақсат ретінде алдына қоя отырып, өзінің Ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,…» деп көрсеткен. Тәуелсіздігін алғаннан бері азаматтық қоғам қалыптастыру барысында, мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы демократиялық мемлекет құруда бірден-бір дұрыс жол болып табылады. Бүгінгі таңдағы жаһандану жағдайында шын мәнінде демократиялық, құқықтық, әділ мемлекет және өркениетті, азаматтық қоғам қалыптастыру заңгерлік білімі жоғары мамандардың қатыспауынсыз мүмкін емес. Ал азаматтық қоғамның саяси фундаменті болып құқықтық мемлекет және демократия болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасы шын мәнінде құқықтық мемлекет болып даму үшін ең алдымен заң білімі дұрыс жолға қойылуы тиіс.
Біздің қоғамымызда заңгер мамандығы қызметін қамтитын салалары кең. Бұған мемлекетіміздің заң шығару, атқару және сот билігінен бастап, басқару органдарының барлық сатыларындағы қызметті, кәсіпорындардың қызметін, құқық қорғау органдарының қызметін жүргізу, адвокаттық, нотариалдық қызметті және әртүрлі саладағы заңгерлер қызметі мен оқытушылық қызметті қоса қамтитын әлеуеті зор ауқымды мамандық. Сондықтан құқықтық білім беру кезінде ондағы болашақ мамандарға ерекше назар аударған жөн.
Жалпы әлсіз құқықтық мәдениет жағдайында жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс жасау үшін қолайлы орта сақталады, сондықтан қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру алға қойылуы тиіс. Жоғары құқықтық мәдениет қалыптастыру саласындағы қызмет екі бағытта жүруі тиіс: біріншісі — кәсіби заңгерлерді дайындау сапасын көтеру, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қоса алғандағы мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне құқықтық білім беру; екіншісі — ел халқын құқықтық тұрғыдан ағарту. Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша ҚР-да қазіргі таңда 45 заң ЖОО-ы мен факультеттер бар және олар жылына 90 мың маманды дайындап шығарады. Заңгерлік білім беру бойынша зор жетістіктерге жеткен Америка Құрама Штаттарында құқықтық мектептер саны Қазақстандағы көрсеткіштен 4 есе көп болса, халқының саны 19 есе көп. Бұл көрсеткіштерді салыстырмай-ақ біздің еліміздегі заңгерлер саны, ал олардың білімінің сапасының төмендігі біздің қоғамымызда ең өзекті мәселенің бірі болып отырғандығы айқын.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: саясат, парадигма, саяси философия, саясаттың субъектісі, саясаттың объектісі т .б.
1 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand—outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
- Саясаттану – ол:
- саясат туралы ілім
- экономикалық жадай туралы ілім
- әлеуметтік даму туралы ілім
- адам психологиясын зерттейтін ілім
- Грек тілінен аударғанда саясат қандай мағына береді?
- адам психологиясы
- жеке меншіктік
- ел басқару өнері
- қоғамтану
- Саясаттану объектісі:
- жануарлар
- өсімдіктер
- мемлекет, партиялар
- қала тұрғындары
- аул шаруашылық
- Саясаттанудың психологиялық әдісі нені зерттейді?
- саяси тәртіптің субъективті механизмдерін, мінездемелерін, индувидуалды қасиеттерін
- адамның жан дүниесін
- саяси құбылыстардың әлеуметтік механизмдерін
- саяси процесстердің компьютерлік қамтамасыздануын
- Саясаттанудың теологиялық парадигмасы:
- әлемнің бәрін діни тұрғыдан түсіндірген
- саяси құбылыстарды биологиялық бастамамен байланыстырған
- қоршаған ортаны физикалық зерттемелермен айқындаған
- ел билігін, елдің ұйымдастырылуын адам психологиясымен байланыстырған
- Саясаттанудың психологиялық мектебінің өкілдері:
- Г. Гегель
- И.Кант
- З. Фрейд
- А.Швейцер
- Саясаттанудағы «мектеп» деген не?
- ғылыми орталық
- заңды мекеме
- орта білім беретін орын
- қысқа мерзімді оқу орны
- Саясатты табиғи фокторлармен түсіндіретін қай парадигма?
- натуралисттік
- теологиялық
- әлеуметтік
- биотехнологиялық
-
- Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- Саясаттану пәнінің объектісі не?
- Саясат ұғымы нені білдіреді? Оның қандай анықтамаларын келтіре аласыз?
- Саясаттанудың негізгі мектептерін анықтап, олардың ерекшеліктерін айтыңыз.
- Саясаттанудың негізгі категорияларын айтып, мәнін ашып беріңіз.