Мағжан  Жұмабаев

 

 (1893-1938)

Жұмабаевтың Абайдан кейінгі казақтың ұлы акыны екені. ¥зак уакыт шығармашылығына біржақты көзқарастың болуы. Мұның басты себебі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов негізін калаған азатшыл бағытынан айнымауы болып табылатыны, 20 жылдардағы әдеби айтыстарда өзіндік бағыт ұстануы.

СҚО, қазіргі М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл маңында дүниеге келген. 1909 ж.Абай өлеңдерін оқып, тағлым алады. «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды.

1910-1911 ж. Уфадағы Ғалия медресесінде Ғ.Ибрагимовтан білім алады. 1912ж. Қызылжар семинариясында оқыды.  1912-1913 ж.ж. «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шықты.

М.Жұмабаев, ең алдымен, сыршыл суреткер, лирик ақын.  Еуропа әдебиетіндегі ағымдардың ерекшелігін («символизм»,т.б.) қазак әдебиетіне алғашқылардың бірі болып ендірді. Ақынның махаббат, сезім такырыбына жазылған өлеңдеріндегі суреткерлік шеберлігі («Сүй, жан сәулем» «Сен сұлу», «Жұлдызды — жүзік, айды — алқа ғып берейін», «Шолпы»      т.б.). Ақын лирикасында ел тағдыры мен жер тағдыры, дала мен қала өмірінің салыстырмалы шындығы жырланады. Өмір мен өлім жайлы толғаулары терең философиялык түйіндеулермен беріледі. Өлеңіндегі саз, әуез, ырғақтар келісімді сипат тапқан. Абай мен Мағжан  поэзиясында лиризм үндестігі бар. Мағжан лирикасында жаңашылдық басым. Сонымен қатар ақынның көркем аударма саласындағы ізденістері оның тағы бір қырын танытады.. М.Горькийдің «Сұңқар жыры», «Жұртын сүйген жүрек», «Темірді жүмсартқан ана» «Хан мен ұлы» әңгімелерін аударудағы өзіндік ерекшеліктері байқалады.

М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт табиғатының даралануы ерекше көзге ұрып тұрады. Ақын поэмаларындағы қазақ тұрмысының өткенін жырлау арқылы, ұлттык, мәдениеттің ежелгі арналарының табиғи тұнбасын аршуға ұмтылудағы ерекшелігі де өзіне тән тағы да бір қыры. Аңыздық сюжеттерді өмір шындығымен тұтастыра жырлаған(«Қойлыбайдың қобызы», «Қоркыт» т.б.). Поэмаларында тарихи тақырыпты терең игергендігі («Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында») көрініп тұр..

Поэманың жанрлык ерекшеліктері, тақырып пен идея бірлігі, сюжеттік желі мен образдылығы тұтас. Поэмаларындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық кызметі. «Батыр Баян» поэмасында халык тұрмысның жеке бас трагедиясынан жоғары қойылуының мәні де ашылған. Отандық патриатизмнің жан-дүние, ішкі сезіммен ұштаса жырлануы да ұтымды шыққан.. Ақынның кейіпкер характерін жасаудағы шеберлігі айқын. Поэма екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда Баян батырдың махаббат пен  қызғаныш билеген бауыры Ноян мен қалмақ қызын өлтіруі.Екінші тарауда Баянның ерлік істеріне арналған.

М.Жұмабаевтың әдеби-көркем сын саласындағы еңбектері («Ақан сер,і Әубәкір ақсақал Диваев», «Базар жырау» т.б.) өте құнды. Ақынның сөздерін қастерлеу, өлең табиғатын танудағы өзіндік ой-пікірлері бар. «Алқа» атты жасырын  ұйым құрғаны үшін айыптап, он жылға айдауға кесті. Ұйымның ақын жасаған «Табалдырық» атты бағдарламасындағы ой-пікірлері жазба әдебиетін дамытудағы, жас ақын-жазушыларды тәрбиелеудегі ұстанымдары ерекше болды. М.Жұмабаевтың құнды еңбектерінің бірі «Педагогика» (1923 ж.) атты оқу құралы. Жалпы, М.Жұмабаев шығармашылығының қазак әдебиет тарихында алар орны ерекше.

 

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары

1.М.Жұмабаевтың шығармашылық өмірбаяны

  1. М.Жұмабаевтың лирикалары
  2. М.Жұмабаевтың поэмалары

 

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Бес арыс. Алматы,1992.

2.Досжанов Д. Абақты. Алматы,1992.

3.Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. Алматы,1991.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *