Консулдық құқықтың ұғымы және шығу көздерi


Сабақтың мақсаты: Консулдық құқықтың ұғымы және шығу
көздерiн оқып танысу болады.
Жоспар:
1.Консулдық құқықтың дамуы және пайда болу сұрақтары, ұғымы.
2.Консулдық құқықтың шығу көздерi және оның түрлерi.
3.Халықаралық құқытық дәстүр.
4. Консулдық қызмет жөнiндегi ҚР заңнамалары.

1.Консулдық құқықтың дамуы және пайда болу сұрақтары, ұғымы.
Консулдық құқық ол ежелгi құлиеленушiлiк дәуiрден бастап пайда болды. Оның шығу отаны Грекия мен Рим болды. Консулдың пайда болу себебi сол кездегi сауда-саттықтың және теңiз, су қатынакстарынынң дамуы нәтижесiнде пайда болды. Яғни сол кезеңде диломатиялық қатынастың болмауынан консулдық қатынас пайда болды. Ежелгi Грекияның тiлi бойынша консул- ол, “Проксения” яғни “Қонақжайлы” деген мағынаы бiлдiрген. “Проксения” лауазымыфна ие болу үшiн әрбiр Полистiң халық жиналысының шешiмi бойынша сайлантын болды.Сол дәуiрде Греуия аумағында 78 полисте “Проксения” болды.

2. Консулдық құқықтың шығу көздерi және оның түрлерi.
Ежелгi Римде және Грекияда консулдық мiндеттерiн жергiлiктi Проксения мен Преторлар атқарды. Консулдық құқықтың шығу көздерiне: халықаралық келiсiм-шарт болып табылады. Оның себебi әрбiр мемлекет аралық келiсiм шарттар ратификациядан өткен жағдайда заң күшiне енедi. Ол орындалуға мiндеттi.Сонымен қатар халықаралық деңгедегi қабылдаған конвенциялар, атап айтқанда:1911 ж. “Консулдық қызмет туралы” Каракас конвенциясы. 1928 ж “Консулдық шенеуниктер туралы” Гавана конвенциясы. 1963 ж. “Консулдық қатынас туралы” Вена Конвенциясы.

3. Халықаралық құқытық дәстүр.
Халықаралық құқытық дәстүр дегенiмiз-ол, бұрыннан сақталап келе жатқан жалпы қабылданған салт-дәстүр мен әдет –ғұрыптарды айтады. Халықаралық деңгейде шетелдiк қоеақты қарсы алу үшiн тиiстi рәсiмдердi өткiзу және жалпы танылған ереже бойынша рәсiмделетiн болады. Осы аталған салт-дәстүр мен құқытық дәстүрдiң нәтижесiнде халықаралық құқық пен құқытық қатынастар пайда болды. Осының нәтижесiнде қатынастар күннен –күнге нығайуда.

4. Консулдық қызмет жөнiндегi ҚР заңнамалары.
1. “ҚР Дипломатиялық қызмет туралы” ҚР заңы., № 299-II,07.03.2002 ж. қабылдаған; Осы заңның 1-баптың 2-шi тармағында ҚР Консулдық қызмет туралы айтылған.2. “ҚР Дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктер туралы” ҚР Президентiнiң Жарлығы, 04.02.2004 ж.,№1287. 3. “ҚР Консулдық жарғыны бекiту туралы” ҚР Президентiнiң Жарлығы.,27.12.1999.,№217.

Әдебиеттер:
1 Боярс Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве.М., Международное
отношения,1986.-160с.
2 Васильевская Э.Г.Правовые прорблемы освоения Луны и планет.
М:Наука.,1986.-224с.
3 Заңы.05.07.1996 ж., өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлген 02.07.2003ж.,12б.
4 ”Ұлттық қаупсiздiк туралы” ҚР Заңы.26.06.1998ж.,15б.
5 ”Мемлекеттiк құпия туралы” ҚР Заңы.,15.03.1999 ж.,21б.

Бақылау сұрақтары:
1.Проксения дегенiмiз не?
2. Ең алға консулдар қай елдерде пайда болды?
3.Дәстүрдiң маңызы неде,?
4.Консулдық қызмет туралы ҚР қандай заңнамалары бар?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *