Сабақтың мақсаты: Казахстан Республикасындағы
дипломатиялық корпусы және оның құқытық жағдайларымен танысу
Жоспар:
- Дипломатиялық корпустың ұғымы және ерекшелiгi.
2.ҚР Мемлекет органдарымен дипломатиялық корпустың өз ара iс-әрекет
жасау нысандары.
3.Аккредитацияланған дипломатиялық корпустың жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ететiн ҚР мемлекеттiк органдарының жүйесi.
- Дипломатиялық корпустың ұғымы және ерекшелiгi.
Дипломатиялық корпус дегенiмiз-ол, шет мемлекетте ҚР өкiлдiк етушi қызметiн атқаратын мекемелердi және сонда қызмет атқаратан қызметшiлер құрамын айтады; Дипломатиялық корпустың құрамында штатқа байланысты қызметшiлер болады.
Дипломатиялық корпустың ерекшелiгi:
-Шет мемлекеттерде орналасуы;
-келген мемлекеттiң заңдарын және мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеу;
-екi ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар мәселесiн
реттеу;
-Халықаралық келiсiм-шартты бекiту жөнiнде жағдай жасау.
2.ҚР Мемлекет органдарымен дипломатиялық корпустың
өз ара iс-әрекет жасау нысандары.
Дипломатиялық корпустар өздерiнiң қызметтiк мiндетiне байланысты ҚР мемлекеттiк органдарымен тiкелей байланыфсты болады. Оның себебi қызмет бабына қарай әр-алуан мәселелер пайда болуы мүмкiн. Мысалы шет елге бару үшiн тиiстi құжат алу, визаны алу бұл мәселенi Көш-қон полициясы мен Әдiлет органдары арқылы жүзеге асырылатын болады. Яғни ҚР Iшкi iстер министрлiгi мен Әдiлеғт министрлiгiнiң мекемелерiмен байланысуды қажет етедi. Азаматтықты қабылдау немесе саяси пана мәселесiн шешу- ол, тек ҚР Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылатын болады.
3.Аккредитацияланған дипломатиялық корпустың жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ететiн ҚР мемлекеттiк органдарының жүйесi.
Аккредитация дегенiмiз ол- ҚР елшiлiгiн сол келген елдiң танып оған тиiстi орын бөлiп баспана беру және келген ел басшысының сенiм грамотасын қабылдаған соң пайда болатын екi жақтың қарым-қатынасын айтады. Аккредитация енген күннен батап дипломатиялық жұмыс толқы түрде жүргiзiлетiн болады. Дипломатиялық қызметтiң жұмыстары алуан түрлi және алуан саладан тұратын болады.
Әдебиеттер:
1 Альтшулер А.Б.Международное валютное право. М.,1984.-254 с.
2 Арцибасов И.Н.,Егоров С.А.,Вооруженный конфликт:право,политика,
дипломатия. М: Международное отношения,1989.-245с.
3 Богуславский М.М.Международно-экономическое право.М.,Баскин
Ю.Фельдман Д.И. История международного права.М.1990. -207Сс.
4 Бельсон Я.М.Интерполд в борьбе с премступностью.М.,Наука.1989.-239с.
5 Блищенко И.П.Дипломатическое право. М: Высшая школа,1990.-287с.
Бақылау сұрақтары:
- Дипломатиялық корпус қай құрамнан тұрады?
- Сыртқы iсмтермен ҚР қанай органдары байланысты болады?
- Аккредитация дегенiмiз не?