Сабақтың мақсаты: Дипломатиялық өкiлдiгi:оның қызметiн
құқытық реттеумен танысу.
Жоспар:
- Нунциялардың және интернунцияның, сенiм бiлдiрген уәкiлдердiң,
уәкiлдiң және елшiнiң құқықтық жағдайлары
- Дипломатиялық уәкiлдiктiң мiндеттерi және функциялары
- Елшiлiк пен миссияның дипломатиялық құрамы
- Нунциялардың және интернунцияның, сенiм бiлдiрген уәкiлдердiң,
уәкiлдiң және елшiнiң құқықтық жағдайлары.
Дипломатиялық қатынасты орнату жөнiнде ҚР 1993 жылы Вена Конвенциясына қосылды. Мемлекет тәрiздi Ватикан елдерiнiң өкiлдiгiн немесе елшiлiк тәрiздi өкiлдiктердi орнатылады. Нунция дегенiмiз-ол, Ватикан мемлекет тәрiздес дни ұйымның бөтен елдегi уәкiлдiгiн айтады. Нунция-ол, әдеттегiдей елшiлiктiң мiндетiн атқарады жәнек оның құқұықтық мәртебесi соған тең болады.
Интернунция дегенiмiз –ол, Ватикан мемлекет тәрiздес дни ұйымның бөтен елдегi әдеттегiдей консулдық мiнднттi атқаратын уәкiлдiгiн айтады.Сенiм бiлдiрген укiлдiктер дегенiмiз-ол, белгiлi бiр мәселе жөнiнде бөтен мемлекеттiң келген мемлекет аумағында нақты жұмыс iстеуiн айтады. Мысалы садуа жасау және басқа да зерттеу, өңдеу жұмысын айтуға болады. Елшiнiң құқықтық жағдайлары “ҚР Дипломатиялық қызметi туралы” ҚР Заңында 07.03.2002.
- Дипломатиялық уәкiлдiктiң мiндеттерi және функциялары.
Дипломатиялық уәкiлдiк дегенiмiз-ол, Сыртқы iстер министрлiгi органынынң шетелдегi елшiлiк секiлдi әукiлдiк мекемесiн апйтады; Уәкiлдiктiң мiндеттерi мынадан тұрады:1.ҚР сыртқы саясатын жүзеге асыру және ҚР сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруына жағдай жасау; 2. ҚР өкiлдiгiнiң халықаралық қарым-қатынасқа қатысуына жағдай жасау; 3.Дипломатиялық құрал- тәсiлдерi арқылы мемлекеттiң егемендiгiн қорғау және тәуелсiздiгiн сақтау; 4.Ұлттық қаупсiздiгi мен аумақтық бөлiнбес бiртұтастығын қамтамасыз етуге жағдай жасау; 5.ҚР Азаматтарының құқығы мен мәртебесiн қорғау.
- Елшiлiк пен миссияның дипломатиялық құрамы.
Елшiлiк пен миссия арасындағы қатынас мiндеттi түрде тығыз байланысты болады. Миссия дегенiмiз ол-мемлекеттiң бөтен бiр мемлекетке iс-сапармен немесе басқа да мемлекеттiк маңызы бар жұмыспен барып сонда тиiстi жұмысын орындауды айтады. Мысалы, ҚР преғзидентi АҚШ барған кезде оның құрамында бiрнеше министрлер мен басқа да ведомстваның жауапты қызметшiлерiнiң болуын миссия деп атайды. Миссияны ел басы немесе басқа да жоғарғы лауазымды тұлға басқаруы мүмкiн. Миссия-ол, шетелге нақты бiр жұмыспен баруды айтады. Ал онда жұмыстар көп саладан тұруы мүмкiн.
Әдебиеттер:
1 Альтшулер А.Б.Международное валютное право. М.,1984.-254 с.
2 Арцибасов И.Н.,Егоров С.А.,Вооруженный конфликт:право,политика,
дипломатия. М: Международное отношения,1989.-245с.
3 Богуславский М.М.Международно-экономическое право.М.,Баскин
Ю.Фельдман Д.И. История международного права.М.1990. -207Сс.
4 Бельсон Я.М.Интерполд в борьбе с премступностью.М.,Наука.1989.-239с.
5 Блищенко И.П.Дипломатическое право. М: Высшая школа,1990.-287с.
Бақылау сұрақтары:
1.Нунция және интернунция дегенiмiз не?
- Елшiлiк және өкiлдiк дегенiмiз не?
3.Миссия дегенiмiз не?