Билік саяси феномен ретінде

Жоспар:

1.Билік мәні, тұжырымдамалары

  1. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері
  2. Биліктің легитимділігі, легальділігі.
  3. Халықаралық қатынастардағы мораль және биліктің сәйкестілігі.

 

  1. Билік мәні, тұжырымдамалары

Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

Телеологиялық анықтама билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

П. Моррис, А, Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

Америка саясаттанушылары Г. Лассуэл мен А. Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

Биліктің объектісі және субъектісі болады. Ол саяси өзгерістерге байланысты ауысып отырады.

  1. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері

Әдетте, «билік» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.б.

Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқыты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:

Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Ұлттық валюта, алтын қор, материалдық құндылықтар, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді. АҚШтың Конституциясында кез келген АҚШ азаматы Президент бола алады деп көрсетілген. Бір тарихтағы президенттердің бірде-бірі кедей отбасынан шықпаған.

Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Оларға көптеген рөлдер мен статустар беріледі.

Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет етушілерге мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, түрме және т,б,

Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл әлемді бақылай алады деп санайды. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры деп тегін айтылмаған.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.

5.5 Халықаралық қатынастардағы мораль және билік сәйкестілігі

Саясат пен мораль – адамдардың тәртібін реттейтін біршама өзіндік тәсіл. Саясаттың қоғамдық қатынастардың саласы ретінде өзектілігін, мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның игілігі үшін биліктің тетіктерін және ресурстарын тиімді пайдалану құрайды. Моральдің негізінде саяси қызмет мақсаттарының адамгершілігін, амалдары мен әдістерін дәлелдеу, тәжірибелік саясатты қоғамдық пікірмен бағалау және оны адамгершілік нормаларымен өлшемдеу. Бұл мораль мен саясаттың өзара әрекетіне себепші болады.

Біздің заманымызда саясаттың моральдық аспектілері үлкен өзектілікке ие болуда, баспасөзде ғылыми әдебиетте белсенді талқылануда. Кейде саясат пен адамгершілік ұғымдары жалпы үйлесімді ме, бұл категориялар бірін-бірі өзара жоққа шығармай ма деген сұрақтар да қойылады. Саясат пен моральдің ара- қатынастары саяси қарсыластарымен, әсіресе, сайлау науқандары. билік үшін күресте, қызмет орындары ұшін тайталастарда шиеленіседі. Ал, саяси билік үшін күресте барлық амал жақсы дегендей. Міне, сонда саясат пен моральдің арасындағы өзіндік шиеленіс алаңында саяси қимылдар өріс алады. Бұның бәрі – саясаттың өнегелі беделін кетіретін сыртқы көлеңке, «сырт пішіні».

Саясат пен моральдің арақатынасы турасынан саяси режимге тәуелді болады. Құқықсыз күш көрсету, террор, билікті асыра пайдалану,бюрократизм және коррупция жайлаған антидемократиялық, реакциялық режимді елдерде саясат пен моральдің аралары үзіледі. Керісінше, демократиялық режим жағдайында гуманизм мен адамгершіліктің бастауымен саясат заңдылық шеңберінде жүзеге асады.

Бұл арада атап өтетін нәрсе, ол мораль мен саясаттың басты қоғамдық функциялары сәйкес келеді. Саясат пен мораль жалпы игілік пен әлеуметтік әділдікті қорғауға негізі бар, бірақ та ол осындай адамгершілік міндеттерді орындаудан көп жағдайда қалыс қалады. Саясат оның ерекше қосымшасы ретіндегі моральдің реттеушілік сипатының жетіспеушілігінен туындайды. Сондықтан да, осы фактыны еске ала отырып, ежелгі дәуірдің ойшылдары саясатты этиканың бір бұтағы деп қараған. Саясат пен моралды бөлуді және ол туралы ілімді бірінші болып , тек қана ХУ ғ. аяғы мен ХУ1 басында Николо Макиавелли атап көрсетті.

Саясат адамгершіліктің өзін-өзін бақылау тетіктерінің объективтілеу түрі, сыртқы көрінісі ретінде көрінеді. Мысалы, моральге тән өздерінің бағаларын құқық түрінде беретін және белгіленген нормаларды бұзушыларға тиісті жаза тағайындайтын ар-ұжданы фунукциясын сот орындайды.

Элементтерінің жалпылығына қарамай, саясаттың моральден түбірлі айырмашылығы бар. Олардың ішінде ең маңыздысы саясаттың шиеленістілігі. Бұрын аталғандай, саясат бүкіл қоғамды қамтитын және билікті қолдануды қажет ететін топтық әлеуметтік жанжалдарды шешуге бағытталған қызмет болып табылады. Ал, мораль көбіне саяси шиеленіске жете бермейтін жеке жанжалдардан тұратын адамдар арасындағы күнделікті қатынастарды сипаттайды.

Саясаттың тікелей қайнар көзі экономикалық және басқа да қажетті мүдделері болады, оның ішінде ең бірінші, ірі әлеуметтік топтардың мүдделері: ұлттар, таптар, қалың бұқара топтары,т.б. Моральдің тікелей қайнар көзі жалпыадамзаттық, тағы басқа да ұжымдық құндылықтар болып табылады, бірақ оған ілесу тұлғаға ешқандай жеке пайда бермейді. Сондықтан да мінез- құлықтың моральдық және саяси сарындарының бәсекелестігі – бұл рухани құндылықтардың және тікелей, ең алдымен материалдық, жеке мүдделердің күресі.

Көптеген моральдің императивтері идеалды сипат алады,олармен өз әрекеттеріңді біріктіру қажет, бірақ та шынайы өмірде оған жетуге ешкімнің қолы жете бермейді. Мысалы, өмірінде ешбір қулыққа бармаған, тек шындықты ғана айтқан,немесе христиандық адамгершілік өсиеттерімен өзін сүйген сияқты әрбір өзінің жақындарын сүйген адамды кездестіру қиын.

Мораль ылғи жеке дара болып келеді, оның субъектісі және жауапкершісі – өзінің адамгершілік таңдауын жасайтын жеке адам. Ал, саясат топтық,ұжымдық сипатта болады. Онда индивид жеке бөлік немесе таптың, ұлттың, партиялардың өкілі ретінде көрінеді. Оның жеке жауапкершілігі ұжымдық шешімдер мен әрекеттерде зым-зия жоқ болып кетеді.

Саясат жағдаятты болады. Табысқа бет түзей отырып, ол мақсаттарға жетуге әсер ете алатын шынайы жағдайларды, барлық факторларды есепке алуы қажет. Ал, моральдық талаптар өз негізінде универсалды және өз кезегінде, нақты жағдайдан тәуелсіз болады.

Саясаттың ең маңызды ерекше айырмашылығы күшке сүйену,талаптарды орындамғандарға мәжбүрлеу санкциясын қолдану болып табылады. М.Вебердің сөзімен айтсақ, саясат, «ерекше амалдың көмегіне сүйенеді – ол оның артында тұрған билік».

Ал, мораль шын мәнінде күшті мінейді және ең бастысы ар-ұжданға арқа сүейді. Жеке басының ар- ұжданы, егер ол дамымаған болса,тіпті адамды қылмыс жасағаны үшін де кешіруі мүмкін. Ал, саясат тек қана дұшпандары мен қылмыс жасағандарды ғана емес, кейде адамдарға қорқыныш тудырып,кінәсіздерді де жазалайды.

Жоғарыда көрсетілген мораль мен саясаттың ерекшеліктері осы өмір қызметі салаларының өздерінің дербестігін дәлелдейді де, саясат пен моральдің өзара әрекеттестігі, ара-қатынастары туралы әртүрлі пікірлердің тууына негіз болады.

Атап өту керек, саясат пен моральдің өзара қарым- қатынастары туралы әлемдік әлеуметтік-саяси өмірде төрт негізгі көзқарас бар екенін бөліп айтамыз. Олардың ішінде тарихи жағынан ең бірінші моральдық көзқарас болып табылады. Бұл көзқарас тұрғысында,саясат жоғары адамшылық мақсаттарға ие болып қана қоймай (жалпы игілік, әділеттілік,т.б.), сонымен бірге қайсібір жағдайларда да мүмкін болатын адамшылық амалдардың көмегімен адамшылық принциптерді бұзбау (шыншылдық, адамдарға мейірбанды болу, адалдық және т.б)

Тіпті Жаңа заманға дейін қоғамдық ойда үстемдік еткен саясаттағы моральдық көзқарас ХХ1 ғасырда да өзінің маңызын жойған жоқ. Гректің ұлы ойшылы Аристотель: «рақымдылықсыз адам ең ұждансыз және өте жабайы жәндікке айналады» деп пайымдаған. Сондықтан да саясат азаматтар алдында билік құрылымдарының міндеттері бар әлеуметтік этика, өнегелілік философия болып табылады.

Айта кету керек, бүгінгі күні ұшқарылықтан айырылған моральдық көзқарас, мысалы, қазіргі заманның ең ықпалды саяси қозғалыс болып табылатын христиан –демократиялық қозғалыстың идеологиясында көрініс тауыпотыр. Мұндай көзқарас саясат субъектілерінің адамгершілік бағыты деп түсіндірелетін,олардың оны әлеуметтік шындықты еске ала отырып, инабаттылық ету саясатты гуманизациялауға көмектеседі. Сонымен бірге өмір көрсеткендей, моральдық абсолютизм рухында саясатты адамгершілікке толық бағындыру оны тиімсіздікке апарып соғады да,мораль мен саясаттың абыройын төгеді.

Саясат пен моральдің өзара қатынастары проблемаларына екінші көзқарас Жаңа дәуір заманының алғашқы кезінде пайда болды және ол Н.Макиавелли есіміміен байланысты. Оның негізінде моральды саясаттан бөлу идеясы жатты және оның әрбіреуінде өз заңдылықтары қызмет етеді деп танылды. Н.Макивеллидің пікірінше:

  1. Мораль – мәңгілік саласы, ол олардың белгілі ережелерді өз еркімен орындау арқылы адамдардың жеке қатынастарын реттейді. Адамдар өздерінің қарым –қатынастарында игілік пен жауыздық туралы, адамгершілік өсиеттері, идеалдар туралы өз түсініктерін басшылыққа алып, идеалдың талаптарын универсалды, барлық жағдайларда дұрыс деп есептейді.
  2. Саясатта мақсаттылық үстемдік етеді және көптеген әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайды: таптардың, ұлттардың, қалың бұқара топтардың, т.б.; осы мүдделердің мазмұндары нақты сипатта болады; оларды жүзеге асыру олардың әсерімен саясаттың субъектілері өз мақсаттарын өзгертуіне мүмкін болатын белгілі жағдайларда болады; әртүрлі жағдайлар мен мүдделердің күресі кезіндесаясатта күшті, озбырлықты, алдауды игілікті мақсаттарға жету үшін қолданылуы орынды болады.

Н.Макиавелли адамгершіліксіздік саясаттың негізгі болып саналатын «Мақсат амалдарды ақтайды» деген қағиданың авторы.Оны қолданудың салдары бүлдіруші жәнеқайғылы. Ол утопиялық «жарқын келешек» идеясының құрбаны болған миллиондардың өмірі ғана емес, сонымен бірге адамның тұлға ретінде адамгершілік тұрғыдан өзгеруі, еркіндік, индивидуалдық, меншік , т.б. қарапайым адами құндылықтардың шайылған екі жақты, тіпті үш жақты стандарттардың үстемдігі еді.

Айта кету керек, саясатты адамгершілікті бағалаудан бөлу амалдары, оны игілік пен жамандықтың арғы жағына қою амалдары, әдетте, адамгершілікке қарсы әрекеттерді ақтау үшін, немесе ең құрығанда, саясатты сыннан қорғау болып табылады. Саясаттың адамгершілік құндылықтарын ескермеушілігі оны құлықсыз қылады. Шынайы өмірде саясаттың адамгершіліксіздігі – көп тараған құбылыс.Бұл саясат пен моральдыигілік (мораль) және жамандықты (саясат) бітіспейтін жақтар етіп түсіндіруге негіз болады. Бұл олардың ара- қатынасын көрсететін үшінші көзқарас.

Анархизм саясатты ең келеңсіз бағалайды. Саясат және оның негізгі атқарушысы – мемлекет, «тек қана күшпен, күшпен ғана ашық және жасырынған үстемдікке», деп жазды орыс анархизмінің атасы М.А.Бакунин. Жауыздық, деп жалғастырды ол, саясаттың өзінің табиғатында жатыр – ол билік. «Кім билікке ие болса, өзгермейтін әлеуметтік заңға сәйкес қалайда қоғамның қысым көрсетушісі және қанаушысы болады». Сонымен бірге билік оның иелерін ғана емес, онымен қатар оған бағынуға мәжбүр болғандарды да бұзады.

Саясатты жалпы бағалауда анархизмге жақындау марксизм болады. Ол қанаушылық, таптар және әлеуметтік теңсіздіктердің, келеңсіздіктердің, күш көрсетудің болуы жағдайында саясат болмай қалмайды деп түсіндіреді. Бірақ та бұл келеңсіздіктерді пролетариатқа қанаушыларды құлатуға, олардың қарсылықтарын басуға және әлеуметтік теңдік,қоғамдық өзін-өзі басқару және тұлғаның еркіндігіне негізделген саяси емес коммунистік қоғам орнатуға пайдалану қажет.

Саясаттың жағымсыз бағаларын либералдық ойшылдардан да табуға болады. Мысалы, орыстың белгілі философы Н.А.Бердяев былай деген: «Менде оны сыртқа шығаратын, адамзат тіршілігінің ең қатерлі түрі ретінде саясатқа жиіркеніштемін». Ол ылғи өтірікке негізделген. Саясат көп жағдайда адамдарды меңгеріп алатын, олардың қанын ішетін арамтамақ өсік, сондықтан ол жалған болып табылады».

Саясат пен моральдің ара-қатынасына төртінші көзқарас – бұл ымырашылдық көзқарас. Бұл көзқарас бүгінде ғалымдар мен саясаткерлердің арасында үлкен орын алады. Ол саясаттың ерекшелігін ескере отырып, адамгершіліктің оған әсер етуін мойындау қажеттігін айтады.

Ымырашылдық көзқарастың ең белгілі негізін қалаушылардың бірі Макс Вебер. Ол этика мен саясатты түгел бөлудің қажеті жоқ деп есептеді, бірақ соңғының ерекшелігін өте ұқыпты ескеру керек. Жолдастарың мен бәсекелестеріңе, қызмет бабы мен отбасылық қатынастарға, іскерлік пен жеңсіқұмарлыққа,т.б., бәріне бірдей қолданатын біріңғай адамгершілік кодексінің болуы мүмкін емес. Оның ойынша, этика саясаттың, оның ішінде ең негізгісі күш қолдану болып табылатын ерекшелігін ескеруі қажет. Дәл айтқанда,адамзат одақтары қолындағы заңды күштердің ерекше амалы,- деп көрсетті ол, – саясаттың барлық этикалық проблемаларының ерекшелігіне себепші болады.

Саясатқа адамгершіліктің әсері шекарасын белгілеу үшін М.Вебер моральді сенім этикасы және жауапкершілік этикасы деп бөледі. Шығындар және құрбандармен есептеспей, қандай нәтижеге келуіне қарамастан сенімнің этикасы адамгершілік принциптері жолымен жүретіндігін көрсетеді.

Керісінше, жауапкершілік этикасы нақты жағдайды есепке алуды, саясатты ең алдымен оның салдарына бағыттау,саясаткерлердің болжамдауға болатын үлкен зұлымдықты алдын-ала болдырмау, сонымен қатар кішкентай зұлымдықтың көмегімен өз әрекеттерінің нәтижесіне ішкі жауапкершілігін талап етеді. Нақты әрекеттерде жауапкершілік этикасы мен сенім этикасының ара-қатынасын анықтайтын саясатшының өзі болады.

М.Вебердің мораль мен саясаттың ара-қатынастары туралы осы идеялары әлемде кең тарады. Бірақ та өзіндік шынайлығына қарамастан оның бірқатар осалдығы бар. Ең әуелі М.Вебер саясатты шындығында күш амалдарын ашық қолдануға саяйды да, сонымен бірге адамгершіліктің саясатқа әсерінің мүмкіншілігін тарылтады. Бірақ та,саясаттың міндеттері, әсіресе, қазіргі демократиялық мемлекеттерде, күш қолданудан да көбірек күрделі. Бірқатар саяси мәселелерді шешуде күш қолдану немесе оны қолдану қаупі істерге кедергі келтіруі мүмкін. Саяси акторлардың азаматтық жауапкершілігінсіз, ымыраға дайындықсыз,ынтымақсыз және кооперациясыз қазіргі замандағы құқықтық мемлекет мүмкін емес. Саясат мазмұнының күш қолдану саласының ар жағына шығуы онда адамгершілік құндылықтарынкең қолдануға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда моралдің саясатқа әсер етуі бірқатар бағыттарда іске асыруға болады және асыру керек. Бұлар – адамгершілік мақсаттарын қою, оларға теңбе- тең және шынайы жағдайлардың әдістері мен амалдарын таңдау,қызмет процесінде моральдық принциптерді есепке алу, саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету. Әрине, шынайы саясатта осы барлық талаптарды орындау – өте күрделі міндеттер. Іс жүзінде адамгершілік тек жарияланған мақсаттарға тәуелді болмай, қайта оларға қол жеткізуде қолданылатын әдістер мен амалдарға байланысты болады.

 Қорыта айтқанда, мораль саясатқа саяси процеске қатысушылар қызметінің нәтижесі мен тәртібін бағалау, оларға моральдық талаптар қою арқылы әсер етеді. Өз кезегінде, саясат моральға азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастырып,оларды мемлекет пен қоғамды басқаруға итермелеу арқылы әсер етеді. Адамгершілік саясат үлкен өзгертуші күшке ие болады. Керісінше, саясаткерлердің моральдық нормаларды ескермеуі олардың қызметінің әлеуметтік тиімділігін төмендетеді, қоғам мен тұлға үшін бүліншілікпен айналып келеді. Сонымен, саясат ылғи да бар және келешекте де оның субъектісінің моральдық жауапкершілігінің саласы болады. Саясат моральмен одағынсыз оған жоғары қоғамдық мақсаттарды және оларды өмірге енгізетін гумандық амалдарды көрсететін компастан айырылады. Адамгершіліксіз саясат қрғамда демократиялық өзгерістерді және оның прогресін, адамды рухтандыратын және көтеретін идеалдар мен құндылықтарды қамтамасыз ете алмайды.

Саясат мұратында ғылымның, моральдың және өнердің қорытпасы, синтезі болуға тиісті. Ғылыми саясат өзіне тек қана адамгершілікті ғана емес, ол сонымен бірге әртүрлі фактілер мен шындықтың оқиғаларына теориялық талдау жасайтын өнерді де, шеберлікті де, жанжақтылықты да және икемділікті де өзіне қосып алады.

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: билік, билік легитимділігі, легализация, легитимация, мораль, ұждан, адамгершілік.

 

 

5 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Handouts)  – белсенді үйлестірмелі материал:

  1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.

                                                   

  1. Биліктің тармқталу теориясының қалаушысы:
  • Джон Локк
  • Г.Флобер
  • К.Маркс
  • Аристотель
  • Макиавелли
  1. Биліктің телеологиялық анықтамасы:
  • билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі ретінде көру
  • билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
  • билікті сыртқы күштерден пайда болван рекет деп. Көру
  • би лікті ұлы зұлымдық деп тисіну
  1. Биліктің бихевиористтік анықтамасы:
  • билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі ретінде көру
  • билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
  • билікті сыртқы күштерден пайда болван рекет деп. Көру
  • билікті ұлы зұлымдық деп тисіну
  1. «Ерекше амалдың көмегіне сүйенеді – ол оның артында тұрған билік» — авторы:
  • М. Вебер
  • Аристотель
  • Авиценна
  • Сократ
  • Платон
  1. «Рақымдылықсыз адам ең ұждансыз және өте жабайы жәндікке айналады» сөзінің авторы:

Аристотель

— Сократ

— Платон

— Гегель

  1. Биліктің ресурстары деген:

— экономикалық қор, ақпарат құралдары

— спорт кеңесі

— мұғалімдер ұйымы

— әлеуметтік орта

  1. «Мақсат – амал-тәсілді ақтайды» — сөзінің авторы:
  • Макиавелли
  • Аристотель
  • Авиценна
  • Сократ
  • Платон
  1. Атақты орыс философы, ойшылы, анархизм бағытының басшысының бірі:

 

  • М.Бакунин
  • Аристотель
  • Авиценна
  • Сократ
  • Платон
  1. Атақты орыстың либералды ойшылы, философы:

 

  • Н.Бердяев
  • Аристотель
  • Авиценна
  • Сократ
  • Платон

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *