(1872-1937)
Ахмет Байтұрсыновтың аса көрнекті қоғам қайраткері, саңлақ санаткер, ірі ғалым-лингвист екені. Шығармашылық және көсемсөздік (публицистикалық) мұрасының ұзақ жылдар бойы негізсіз жоққа шығарылып келгені. Қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсыновты қазақтың «рухани көсемі» деп тануы. А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, ғылыми, әдеби қызметінің шындығы.Оның шығармашылығының жазықсыз жазаланғанға дейінгі әдеби-ғылыми ортада бағалануы. А.Байтұрсыновтың шығармашылығы, азаматтық тұлғасы туралы М.Дулатов, С.Сейфуллин, М.Әуезов ой-пікірлерінің тарихи және ғылыми маңызы. А.Байтұрсыновтың халық ағарту, ғылым саласындағы еңбектерінің мәні. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі. Тұңғыш бейресми газет шығарушы екені. «Қазақ» газетінің бас жазушысы ретіндегі саяси-әлеуметтік, мәдени-ағарту, әдебиет пен өнер жайлы жазған мақалаларының құндылығы. Аударма саласындағы шығармашылығы («Қырық мысал» 1909ж.) – Мысал аудармаларының жаңашылдығы. Аудармадан төл туынды жасау шеберлігі. Мысал аудармаларындағы Абай дәстүрі және өзіндік ерекшелік («Қарға мен түлкі», «Бақа мен өгіз» т.б.). Пушкин, Надсон, Жадовская, т.б. жасаған өлен аудармаларының көркемдік жетістіктері. Аударма жинағының бұл жүйемен құрылуының өзіндік бет-бағдарды танытатыны. Тақырыбының әр алуандығына қарамай, жинақтағы басты ой-идея ел азаттығы екені.
Төл туындыларының жинағы («Маса», 1911ж.). Өлеңдеріндегі ой-идея сонылығы («Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жауға түскен жан сөз», «Бақ») – Азаттық сарынның басым келуі. Отаршылдық саясатқа ашық қарсы шығып, ел санасын оятуға ұмтылуы. Өлеңдерінің көркемдік жетіскері. А.Байтұрсыновтың ақындық жаңашылдығы. Ұлт-азатшыл бағыттың көш бастаушысы екендігі.
XX ғасырдың басында тюркология, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тар географиясы саласында жасаған еңбектері. Абайды алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеуші екені. («Қазақтың бас ақыны»). Қазақ жазба әдебиетін өркендетудің жолдарын меңзейтін мақалалары («Білім жарысы»т.б.).
А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиеті ғылымындағы әдебиеттануды қалыптастырушы ғалымретінде орны. «Әдебиет танытқыш» атты кітабының (1926) бұл саладағы тұңғыш еңбек екені. Зерттеу еңбектегі әдебиеттанудың ғылыми-теориялық бастауын жасап, басты-басты атаулар мен ұғымдардың терминдік негізін ғылыми жүйеге түсірудегі ізденістері.Жазба әдебиет, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет туралы ой-пікірлерінің ғылыми жүйелілігі. Жазба әдеби тіл, қазақ өлең өрнегі, осыған қатысты ата улар мен терминдерді қалыртастырудағы ғылыми ізденістерінің бағалылығы.
Ахмет Байтұрсыновтың XX ғ.б. қазақ әдебиетіне қосқан ұланғайыр арналы үлесінің тарихи мәні. Ол негізін салған азатшыл бағыттың кейінгі жастар шығармашылығында жалғасын табуы. Бүгінгі ғылыми-әдеби зерттеулердегі А.Байтұрсынов шығармашылығына деген жаңаша қөзқарастар.
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- Ахмет Байтұрсынов — аса көрнекті қоғам қайраткері, саңлақ санаткер, ірі ғалым-лингвист
- А.Байтұрсыновтың шығармашылық және көсемсөздік (публицистикалық) мұрасы
- А.Байтұрсыновтың ақындық жаңашылдығы.
- Ахмет Байтұрсыновтың XX ғ.б. қазақ әдебиетіне қосқан ұланғайыр арналы үлесінің тарихи мәні.
Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
- Бес арыс. Алматы,1992.
- Нұрғалиев Р. Арқау. Алматы,1992.
- Байтұрсынов А. Шығармалар. Алматы,1989.
- Досжанов Д. Абақты. Алматы,1992.