Пияз қабығының пайдасы



Пияз қабығының қайнатпасын халық
медицинасында көптеген ауруға қарсы қолданады. Өйткені оның құрамында дәрумендер мен пайдалы элементтер көп. Сондықтан әртүрлі ауруға қарсы белсенді күреседі. Біз сіздердің назарларыңызға пияз қабығы арқылы алдын алуға болатын бір топ ауру тізімін ұсынамыз.

Тамағыңыз жиі ауырса

Пияз қабығының үстіне қайнаған су құйып, сүзгіден өткізіп, тамағыңызды шайыңыз.

Тұмауға тап болсаңыз

Қайнап жатқан суға төрт ас қасық ұнтақталған пияз қабығын сеуіп, 3-5 минут ыстық буымен дем алыңыз.

Қатты жөтелсеңіз

2 стақан суға 2 ас қасық пияз қабығын салып, 15 минут қайнатыңыз және міндетті түрде сүзгіден өткізіңіз. Күніне үш рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын ¼ стақаннан тұтыныңыз.

Бүйрегіңіз бен қуық қалбыршағыңыз ауырса

3 ас қасық ұнтақталған пияз қабығын алып, үстіне 2 стақан қайнаған су құйып, 30 минутқа қалдырыңыз. Қуығыңыз қатты қабынып ауырса, күніне 2 рет 50 мл-ден 3-5 күн ішіңіз. Ал, үнемі ауыратын болса, онда күніне 3-4 рет 2 ас қасықтан 10 күн үзбей тұтыныңыз.

Тамыр аурулары мазаңызды алса

2 ас қасық ұнтақталған пияз қабығына 100 мл қайнаған су құйып, 7 күн күтіңіз. Дайын болған соң жақсылап сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 20 тамшысын ішіңіз.

Мынадай тәсілі де бар

2 ас қасық пияз қабығына 400 мл қайнаған ыстық су құйып, 6 сағат күтіп, кейін сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын ¼ стақаннан 7-10 күн ішіңіз. Бір апта үзіліс жасап, емделу курсын әрі қарай жалғастыруға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *