Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!
Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық. Осылайша, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың «Мәңгілік ел» мұратын қайта жалғадық. Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айрылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады. Дегенмен, соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады.
* * *
Арманда кеткен арыстардың асыл мұратына біз мыңжылдықтар тоғысында қол жеткіздік.
Айымыз оңынан туып, Тәңір тілекті берді.
Төрт құбыламыз теңеліп, төбедегі келді.
Алаштың айбыны асып, күн сөнгенше азат болды.
Қырандай қомданып, тұғырына қайта қонды!
Тәуелсіздік тәуменді жұртқа тәуекел берді. Азат еліміз атағы алты құрлыққа жайылған абат елге айналып, жаһандық қауіпсіздіктің алтын белдеуіне баланды.
Біз осылайша тарихта есесі кеткен еңсегей елдің еңсесін тіктедік.
Сөйтіп қазақ деген халықтың абыройын асырып, атын әлемге таныттық.
* * *
Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады.
Біз жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келеміз.
Қазақ: «Елу жылда ел жаңа», дейді.
Біз жиырма жылдан асар уақытта жүз жылға бергісіз жолды артта қалдырдық.
* * *
Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады!
* * *
Тәуелсіздікке қол жеткізу де, оны баянды ету де оңай емес.
* * *
Азаттық алумен іс бітпейді. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін заманға сай амалың болуы керек екен.
* * *
Біз тәуелсіздігінен айрылып қалған елдердің тағдырынан тиісті қорытынды шығарып, тағылымы мол сабақ алдық.
* * *
Іргемізді бекемдеп, байтақ шекарамызды халықаралық құжаттармен мызғымастай етіп бекіттік.
Ашық аспанымызды қас қақпай күзететін айбарлы армиямызды құрып, келелі Конституцияны басшылыққа алдық.
Қарышты экономикалық өрлеу арқылы Қазақстан дәулетіне сәулеті сай қабырғалы ел болды.
Біз ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекет құрдық.
* * *
Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық.
* * *
Болмысы бөлек қазақстандық үлгіні қалыптастыру үшін біз өз жолымызбен жүрдік. Түрлі «кеңесшілердің» айтқанын емес, халқымызға қанық, бағыты анық даңғыл жолды таңдадық. Болашақта да солай болуы тиіс.
* * *
Біздің баға жетпес байлығымыз — бабалардан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған береке-бірлігіміз. Құнды қазынамыз — тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз.
* * *
Ынтымақ кеткен жерден — ырыс, бірлік кеткен жерден — береке кетеді.
* * *
Бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман.
***
Менің арманым — Қазақстаның «Мәңгілік ел» болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ тәуелсіздік қалады.
***
«Отанды қорғау дегенде алдымен әкеңді, балаңды, анаңды қорғау. Соларды қорғау — Отанды қорғау»
***
Болашақ — білімді жастар қолында.
***
«Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес».
***
Талант — Жаратқанның сыйы ғана емес, сонымен бірге өзінің алдындағы, қоғам мен Отан алдындағы жоғары жауапкершілікте.
***
«Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»
***
Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді.
***
Ең асыл қазына бірлік.
***
Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.
***
Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз. Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.
***
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
***
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
***
Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.
***
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».
***
«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл».
***
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны».
***
«ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс».
***
«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек».
***
«Біз «білім ғылым инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз».
***
«Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады».
***
«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы».
***
«Ал біздің Қазақстанда әркімнің тұрақты өмір сүріп және отбасын асырап қана қоймай, балаларына білім беріп және болашақты жоспарлау мүмкіндігі бар».
***
«Дамыған елдердегі ең басты қағидат мынандай жұмыс адамды емес, адам жұмысты іздейді».
***
«Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет.
Сондықтан да тәртіп пен еңбек сапасы айрықша маңызға ие болуда».
***
«Мемлекет халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін қаншалықты күш-жігер жұмсаса да, егер әрбір қазақстандық өз тағдырының еңбексүйгіш қожайынына айналмаса, елдегі бар жақсылардың бәрін қадірлеп, оларды одан әрі еселемесе, ол артпайды».
***
«Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отаны-мыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол».
***
«Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол білім! Ол еңбек!
Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты».
***
Қазақстан халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды. Бір буын ауыспай-ақ, мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық. Күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетпіз. Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола салған жоқ.
***
Барша халқымыздың ең басты құндылығы Тәуелсіздік!
Біз көшпенділердің ұрпағымыз, ат үстінде жүрген елміз.
Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Естеріңде болсын, тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ. Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салды.
Бүгінгі тәуелсіз елімізде қазақтың ішкі бірлігі сақталуға тиіс.
Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір.
Сыртта жүрсек те, іште жүрсек те, барлық мәселені бірлесіп шешуге тиіспіз.
***
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан.
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып-сөкен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жасбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…
***
Кез келген мемлекеттің қуаты халқында.