Ауру атаулы дұрыс тамақтанбаудан, соның салдарынан ағзада қалдықтардың іркіліп қалуынан туындайды. Қанша жерден ереже сақтаймыз дегенмен, тамақты үнемі таңдап, талғап жеу мүмкін емес. Олай болса ағза тазартудың тәсілін меңгерейік. Алдымен ағза тазартуда басты дәрі саналатын арнайы шай дайындауды үйреніңіз. Ол үшін 200 грамм қара нанды турап, шыны ыдысқа салыңыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Үстінен 1 литр қайнап тұрған ыстық су құю керек. Осы қоспаны 8-10 сағат жылы жерге тұндырып қоясыз. Бұл сусын қара шай деп аталады. Ағзаны тазарту осыдан кейін басталады. Таңертең ояна сала аш қарынға бір кесе көк шай ішіңіз. Сағат 8.00-де дайын тұрған жылы қара шайды ішіп, артынша 1 дана алма жеңіз. Бір сағаттан кейін, яғни 9.00-де жарты стакан қара шайға сонша жүзім шырынын араластырып ішіп, осынша жейіз жеу керек. Енді 10.00-де 2 кесе көк шай ішіңіз. Ал 11.00-де жарты стакан қара шайға осынша сәбіз шырынын араластырып ішіп, одан кейін 1 дана алма жеңіз. 12.00-де 1 стакан жүзім шырыны мен 50 грамм мейіз жеу керек. Азырақ үзіліс жасап, сағат 15.00-де 2 стакан көк шай ішіңіз. 16.00 – жарты стакан қара шайға осынша сәбіз шырынын араластырып ішіңіз. Кешкі ас міндетті түрде сұйық болсын. Тым майлы нәрсе жеуден қашыңыз. Негізі мұндай диетамен ағзаны бір күнде де тазартуға болады. Бірақ жылдар бойы жинақталған қалдықтардан толық арылғыңыз келсе, бұл тәсілді алты күн қатар қайталаған жөн. Сонда асқазан-ішек, тоқ ішек жолдары тазаланып, өзіңізді өте жеңіл сезінесіз. «Ауырмаңыз!» газетінен алынды.