Ашығудың пайдасы


“Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтын жемісі болып табылады.” Б.Шоу

Сусамыр – қант диабеті ауруы таңқаларлық ауру. Көпшілік бұл аурудың қайдан пайда болатынын ойлап таңырқайды. Ең бастысы қалай сақтануға, жазылуға болады?

Сусамыр – қант диабеті ықылым заманнан бері белгілі. Гиппократтың озі толықтай жазып, белгілерін суреттеп кеткен.

Диабет деген создің мағынасы гректін «диабайно» деген сөзінен, ягғи бірдеме арқылы ағып өту дегенді білдіреді. «Қант» деген анықтама: аурудын негізгі себебі, сырқаттың ағзасы арқылы қанттың мөлшерден тыс ағуы және кіші дәреті арқылы шығуын 1674 жылы Томас Уиллис анықтаған.

ХIХ гасырдын соңында Л. В. Соболев сусамыр ауруының себебі, ұлтабардың толықтай емес, белгілі бір бөлігі «Лангерсен аралшыгы»-ның зақымдануынан болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. «Лангерсен аралшығы» ұлтабардын құйрық ұшында көптеп шоғырланып, ағзадағы зат алмасуын реттейтін бірқатар гормондарды жасайды, бөледі.

1921 жылы Канада галымдары Ф. Бажтинг пен П. Бреет жана туған бұзаудың ұлтабарынан инсулин гормонын (инсула деген создін мағынасы – аралшық) алып сусамыр ауруын емдеудің жаңа дәуірін ашты.

Сусамыр – қант диабетінің негізігі белгісі: қан құрамында қаныттың (глюкоза) көбейіп кетуі – гипергликемия.

Сусамырмен көбінесе 40…50 жастан асқандар ауырады. Бірақта, соңғы кезде балалар да осы қатерлі ауруға жиі шалдыға бастады. Бұл ауру жыл сайын асқынып, жасарып келеді.

Бул аурудың ерекшелігі – көптеген науқастар (30…40 %) өздерінің сусамыр ауруына шалдыққандарын білмейді. Себебі, аурудың бастапқы белгілері жөнді білінбейді.

Ашығу – сусамыр (қант диабеті) ауруының алдын алады. Сусамырдың екінші түрімен ауырғандарды ашыгу емдейді, жазады. Себебі, ашыққан кезде қан айналысын жақсартып, қанытты және инсулинді қалпына келтіретіндіктен қандай болмасын сусамыр ауруына таптырмайтын дауа, шипа. Сусамырмен ауыратындарға ең қатерлісі – қан құрамы мен кіші дәрет қурамындағы қаныттың көптігі емес, осының әсерінен болатын қосымша жанама аурулар. Мысалы, тамырдың жіңішкеруі (склероз сосудов), жүрек аурулары, бүйрек пен бауырдың кызметінің әлсіреуі, қорғаныс қабілетінің (имунитет) төмендеуі. Бұл ауру өмір бойы созылады, бұдан тез арада құтылу мүкін емес.

Ашығу – ұлтабардың (поджелудочная железа) қызметін реттейді жане өте жақсы әсер етеді. Диабетик тағам мәзірін (диета) бұзып, артық бірдеме жеп қойса, ашыққан кезде осы артық глюкозаны шырмап-матап алады да сіңіуіне мүмкіншілік бермей, үлкен дәретпен сыртқа шығарып тастайды. Сондықтан да, қандай сусамыр ауруына шалдыққан науқас болмасын, бірінші қажеттілік – ашығуды үнемі үзбей ұстап, тамақ мәзірін қатаң түрде сақтау.

Сусамырмен ауырған адам, ашыға бастаса, мөлшермен үш күннен кейін аяғының ауырғаны басылады, ал бір аптадан кейін тершендігі жоғалады. Жарты айдан кейін өзінің тәбетін бақылап, 7…10 күннен кейін қан құрамындағы қаныттың денгейінің түскенін байқай алады. Адамды бір айдан кейін танымай қалуыңыз мүмкін, себебі адам әрленіп, жақсы жаққа қарай өзгеріп кетеді.

Алемде дәрі-дармекке тәуелді созылмалы аурулар көбейіп, осы дарілердің жанама асерлерінен науқастар (лекарственная эпидемия) зардап шеккендіктен, ашығудың негізінде денсаулықты бастапқы қалпына келтіру, қазіргі ғасырдың басты талабы болып отыр.

Ашығудың тағы бір қасиеті – асқазандағы запыранның қышқылдылығын қалпына келтіруі. Сондай-ақ, буын-буындағы шөгіп қалған тұздарды, қышқыл қалдықтарын тамақ жоқ болғаннан кейін өзі жеп қояды.

Ашығу – міндеті, әсері жөнінен төмендегі топқа жіктеледі.

1. Тұрақты тепе-теңестірілген қорек:

Біз ашығу жайлы айтқанда, міндетті түрде оның қайталанбас ғажап (эксклюзивный) ем екенін үнемі есте тутыңызды өтінеміз. Ашығу емінің жетістіктерінің біреуі, ашығудан шыққаннан кейін: тұрақты түрде 60 пайызы көкөністерден тұратын тепе-теңестірілген тамақты қабылдау. Ашығу – миллиондаған адамдардың денсаулығын түзеуге көмектесті.

2. Екінші – ішекті тазалап, ағзадан уларды шығарады:

Ашығу – ішекті тазалайды. Егерде адамның іші үнемі қатып, үлкен дареті уақтылы шықпай жүрсе көптеген келеңсіздіктерге ұрынады. (Іш катуды бал мен лимон қосылган ыстық су жане қазақтың шалабы не «Тан», «Тандем» сусындары бірден қалпына келтіреді). Осының салдары қант ауруы сусамырды және қан-тамыр, түтікшелердің ауруына әкеп тірейді. Осы кезде ашығу денсаулығыңызды қалпына келтіреді. Ашығу ағзамыздың биологиялық міндеттерін жандандырады.

3. Қорғаныс қабілетін (иммунитет) реттейді:

Ашығу арқылы ағзаның барлық мүшелері оздерінің биологиялық міндеттерін мінсіз атқарып ағзаның қорғаныс қабілетін реттейді. Олар тек қана қан-тамырлары мен түтікшелердің жағдайын жақсартып қоймай, қартаю ағымын саябырлатады.

4. Әріңізді кіргізеді сондай ақі жасарып құлпырып кетесіз:

Ашығу арқылы сыртқы келбетіңізді де жақсарта аласыз. Қазір барлық жерде химияны көптеп қолданады. Жай ғана топырақ пен құмды сумен шая салуға болады, бірақта улы заттарды сумен кетіре алмайсың. Егер де осы улы заттар – жеген жеміс пен көкөніс арқылы ағзамызға түссе, ауырамыз, тіпті қатерлі ісікке де шалдығуымыз мүмкін. Ашығу – осы келеңсіздіктердің алдын алады. Ашығу – дені сау, әрі әдемі, көрікті, келбетті сулу болу ушін, әрбір адамға міндетті түрде қажет.

Егер де сіз үнемі ашығу әдісін қолдансаңыз, денсаулыгыңыз біртіндеп түзеледі. Ашығу – әрлендіргіш. Сіздің сыртқы келбетіңізді, бет әлпетінізді шырайландырады, жақсартады. Бұл кімге де болмасын қажет.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *