Құнанбай өте шешен, сөзге тапқыр адам болған.
Оның сөйлеген сөзін естігендер Құнанбайдың сөзі бұлақтай ағып, өлеңдей қисынып тыңдаушыны ұйытып жіберетін еді, деседі. Құнанбай нақыл сөздерді де қолданатын, бірді-жарым ауыз өлең де шығаратын адам болған. Бірақ, өлең жазып, оның жолына түспеген көрінеді. Нақыл сөздері, бірлі-жарым айтқан өлеңі ұмытылған:
“Көптен ажал да жасқанар, адалдан арам да жасқанар”,
“Елге еңбек етсең, бермесін аласың, Қиянат етсең тамұқта жанасың”,
“Арсыздық малға байланысты, адамдық арға байланысты” “Көптің күшіне сен, Басшының ісіне сен”,
“Жанымнан малым садаға, арымнан жаным садаға”
деген сияқты нақыл сөздері де болған.
Ахат Шәкәрімұлы
“Құнанбай туралы” атты естеліктен.