Білім алу — батылдық,
оны толықтыру – даналық,
ал шебер қолдана білу – өнер! Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсетті. Қазіргі заманның осындай ерекше талабын орындау да өзінің өткір ой – өрісімен, шабытты шығармашылығы мен ордалы білім мекемесінің мақтауға да, мақтануға да лайық ұстаздар қауымы талмай еңбек ете бермек.
Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» – деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.
Осы міндетті жүзеге асыру барысында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды.
Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып дайындалған.
Аталған Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
† Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
† Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
† Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар
† Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
† Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
† Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Осы Ұлттық жоспардың мақсатын орындау – ең алғаш мектептегі бастауыш сатыдан басталады.
Бастауыш саты –
Бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ.
Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Осындай білікі мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқының тарихымен,мәдениетімен жете танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
Өзектілігі: Бастауыш сыныпта жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту.
Мақсаты: Бстауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»- деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу.
Міндеттері:
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады
Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады
* оқу, жазу сауаттылығынан;
* жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
* математикалық сауаттылығынан;
* компьютерлік сауаттылықтан;
* денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
- құқықтықсауаттылығынан.
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді.
Сауаттылық мазмұнының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды
Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.
Функционалдық сауаттылық –тілдік тұлғаның әлеуметтік –қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
Сұхбаттық тапсырмалар диалогтан тұрады. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда диалогты таңдауымыздың себебі ол күнделікті өмірде қолданылатын ауызша сөйлеу тілінің ең көп тараған және тілдік қатынастың табиғи түрі. Диалогтың жағдаяттылығы, алдында және артындағы айтылған жалпы ойға байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі екені ескерілді.
Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары мен шартты сөйлеу жаттығулары ұсынамын. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар аламын. Оқушыларға дайын үлгілерді кезекпен бірнеше мәрте оқытып, диалогтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытамын.
Мысалы:
— Сен бүгін театрға барасың ба?
— Жоқ, бара алмаймын.
— Неге?
— Ауылдан апам келеді. Сол кісіні күтіп алуға автобекетке барамыз.
— Кіммен барасың?
— Мен, бауырым мен қарындасым, әкем –төртеуіміз.
— Анаң ше?
— Ол үйде апама дастархан жайып, ас мәзірін даярлайды.
-Жарайды, жақсы.
Оқушылларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды. Диалогтің осындай түрлері де ұсынамын.
Диалогтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтік сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту, таңдану, бұйыруды қолдану, бір-бірімен әңгімелесе білу, мәліметтерді нақтылап сұрау, тыңдап отырып қайта сұрақ беру, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетіледі.
«Мұражайға саяхат» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды.
Тапсырманың мақсаты: оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген-білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері. Көрген экспонат, мұралардың ішінен қажеттісін екшеп бөліп алып, сол туралы ақпарат беру біліктерін қалыптастыру көзделді.
Тапсырма: 1. Қазақстанның мұражайлары жайында ақпараттар іздеп табу.
- Ақпаратты жазбаша түрде дайындау.
- Сынып алдында ақпараттың мазмұнын баяндау.
Нәтиже: өздеріне қажетті ақпаратты іздеп, табуға жаттығады. Әңгімелеу, жазу, жұмыста жұмыс істеу дағдылары дамиды. Жұмыс кезінде коммуникативтік, мәселелердің шешімін табу құзыреттіліктері тапсырмаларын орындауды ұсынамын.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда қатысымдық әдіс функционалдық сөйлеудің грамматикалық жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі ретінде аламын. Қатысым әдісі бойынша оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, тілді үйретуді күнделікті өмрде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз етуді ескремін.
Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері арқылы іске асады. Бұл қатысымдық бағытта дайындалған тапсырмалардың мәні оқушыларды ана тілінде қарым-қатынас үдерісіне дайындау, сыныпта қарым-қатынас жасауға жағдай тудыру болып табылады. Қатысымдық әдіс ұсынылған тапсырмалардың бәріне ортақ, әсіресе жағдаяттық, рөлдік ойын, сұхбаттық тапсырмаларда басым болады. Осы әдістің функционалдық сауаттылықпен байланысы жағдаяттық, сұхбаттық тапсырмалардағы тілдесімде ерекше басымдылыққа ие болады. Рөлдік ойын әдісінде балалар қарым-қатынасқа тез түседі де, кез-келген рөлді ынтамен орындайды. Рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіруге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтиже
Мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; сөз таптарын ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды; жіктеу есімдіктерін табуды және оларды септеуді; мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді табуды; жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды; өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды; берілген мәтінге жоспар құруды; қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді; диктант (көлемі 65-75 сөз), мәтін бойынша мазмұндама (мәтін көлемі 150-200 сөз), көлемі 50-60 сөзден тұратын шығарма (сипаттама, баяндама, пайымдау) жазуды; бастауыш сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан; алынған ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет; өз ана тілін жетік білуі және құрметтеуінен.
Қорыта келе, Елбасының — -«-Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты»- атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда өскелең ұрпақтың ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі — -педагогикалық көзқарастарды үнемі басшылыққа алу қажет.
Пайдаланылғанәдебиеттер:
- -Н.А.Назарбаев.Әлеуметтік-экономикалықжаңғырту&ndash- Қазақстандамуыныңбастыбағыты. // Анатілігазеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.
- -Мектепоқушыларыныңфункционалдықсауаттылығындамытужөніндегі 2012 — 2016 жылдарғаарналғанұлттықіс-қимылжоспары.
- -Ж.Аймауытов. Бес томдықшығармаларжинағы. ІҮ том. Алматы, Ғылым, 1998ж &ndash- 437 бет.
-Ж.Аймауытов. Бес томдықшығармаларжинағы. Ү том. Алматы, Ғылым, 1999ж &ndash- 301 бет
Алмабекова Гүлнар Ботаевна