Тәуелсіздік ту көтерілген күн

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік ту көтерілген күн».

Мақсаты: Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізге осы тәуелсіздікке жету жолын да талай боздақтарымыздан айырылғанымызды, желтоқсан құрмандарына әрдайым құрмет көрсету, адамгершілікке ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Дамытушылық : Балалардың сөздік қорын молайту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, есте сақтау қабилетін дамыту, патриоттық сезімдерін ояту.

Сөздік жұмыс: Рәміз , Ту , Елтаңба ,Әнұран ,Елбасы , елорда ,желтоқсан боздақтар.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру , сұрақ – жауап, тақпақ, өлең ,мадақтау, қортынды.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің   әрекеті

Балалардың  әрекеті

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты!                               Алтын сәуле таратты!    Жарқырайды даламыз!                   Жайнай түсті қаламыз!                  Қайырлы таң достарым! Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Өте жақсы балалар, олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап не сезініп тұрмыз?                

 

Бір-бірімізге деген тілектерімізді тақпақ арқылы білдірейік.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Балалар қонақтармен амандасып, қайырлы таң тілейді.

 

 

 

-Алақан жылулығын. Ыстықты,мейірімділікті.

                                                                      -Елімізге тыныштық тілейміз.                                                                     Күніміз жарық болсын.           Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын.                    Отбасымыз аман болсын.

 

Негізгі бөлім

-Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі болады.Оқу қызметіміз бастамас бұрын, оң қолымызды жүрек тұсына қойып әнұранымызды айтайық.

Әнұран.

-Өте жақсы балалар, олай болса орындарыңа мұқият жайғасып  отырыңдар                                     -Балалар жылдың қазір қай мезгілі?.                                                          -Қыс мезгілінде неше ай бар?      

-Үш айды кім атап береді?      

Өте жақсы балалар,ендеше бір аптада неше күн бар екен?                    -Кім қане осы жеті күнді атап береді?

 

-Өте жақсы жарайсың, ал ендеше қыс мезгілінің ерекшеліктерін кім айтып береді?

 

 

 

-Өте жақсы балалар,олай болса өткен оқу қызметін қысқаша еске түсіріп өтейік.Сөйлеуді  дамыту оқу қызметінен тақырыбымыз қандай болып еді?           

 

-Әрбір жылдың 16 желтоқсан айында еліміздің тәуелсіздік мерекесін тойлаймыз.

Бүгін оқу қызметіміз сол тәуелсіздікке арналады. Енді мен сендерге тәуелсіздік туралы түсінік беріп өтейін.

«Тәуелсіздік» — дегеніміз егеменді, ешкімге тәуелсіз емес деген ұғымды білдіреді.Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.

Енді балалар экранға назар аударайық. Слайдпен көрсетіліп тұрады. Тәуелсіздік жолында бабаларымыз, батырларымыз, найзаның ұшымен, біліктің күшімен жерін қорғаған.

1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында ұлт намысын қорғап, алаңға шыққан жалын жүрек жастардың арасында

Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаммеджанова, Ляззат Асанова,Қайрат Рысқұлбеков бар енді.Өздерінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған , өз халқының тәуелсіздігі үшін жандарын қиған, осы аға апаларымыздың арқасында тәуелсіз ел болдық. 1991 жылы толық тәуелсіздігін алды.1992 жылы 6- маусымда Республикамыздың астанасында өз жалауымыз желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.Еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны, пайда болды, тіліміз жаңғырды. Төл теңгесін шығарды.Ата заңын қабылдады. Мемлекенттік рәміздерін белгіледі. Алғашқы президентін сайланды. Міне, балалар біздің еліміз осылайша егемендікке қол жеткіздік. Содан бері әр жылдың 16 – желтоқсанында осы тәуелсіздік үшін өмірлерін қиған жастарымызды еске алып , келешек болашағымыз сендердің қолдарыңызда екенін айтып Отанды , өз елімізді тілімізді, дінімізді, қастерлеп жоғалтып алмау керекпіз.Тәуелсіздік қалай келгенін түсіндіңдер ме, енді рәміздеріміз туралы кім тақпақ айтады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтті:

Достарым көп бақшада,                                       Көңілдіміз күнде біз.                         Достықты біз сүйеміз,                         Бірге күліп жүреміз.

 

 

 

 

 

 

 

-Қыс мезгілі.

-Үш ай бар.                    

-Амина: Желтоқсан,қаңтар,ақпан.                            -Жеті күн бар.

-Айару.Дүйсенбі,Сейсенбі, Сәрсенбі,Бейсенбі,       Жұма,Сенбі,Жексенбі.                                   

 

-Айқын:Қыс  мезгілінде ауа райы салқындайды.Жапалақ-тап қар жауады.Балалар аққала жасайды.Адамдар жылы-жылы киімдерін киеді.               

 

 

 

-«Қазақтан Республикам менің» өлеңін оқу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап , сабаққа қызығушылықпен қатысады.Олар Қазақстан Республикасының байлықтарымен, рәміздерімен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

 

Сұғат:                                                 Анаң-күнің,жүрегің,                          Әкең-өмір тірегің.                                              Сен-бақытты ұлансың,                                                    Бәрі саған қуансын!

Алихан:                                         Көк аспандай көкпеңбек,                 Қазақстан жалауы.                           Көк емес ол тектен-тек,                                  Елдің ашық қабағы.   

Інжу:                                       Тәуелсіздік жолында,                               Талай-талай тер тамған.                    Билігім өз қолымда,                    Еркіндігім-Елтаңбам.

Ғыйзат:                                                        Аспанымдай мөлдірмін,                                         Жайлауымдай жазықпын.                  Өзенімдей өршілмін,                           Гүлдерімдей нәзікпін. 

-Балалар сергіту сәтіне қарай қимыл-қозғалыс жасайды.

Қорытынды бөлім

Балалар ,біз қандай республикада тұрамыз?

Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар?

                                                       Туымыздың түсі қандай ?

Өте жақсы балалар, бүгін барлығынызда оқу қызметімізге жақсы қатыстыңыздар.Мысалы,  Айару,Ринат,Ақбота бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатысты.

-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Қазақстан Республикасының рәмміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран,

-Туымыздың түсі көк.

Күтілетін нәтиже:

Білді: Республика рәміздері туралы білімдерін кеңейту;

Білу керек: Тақпақты мәнерлеп айту;

Біледі: 16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн екенін.

 

 

                                                                                       

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *