Эссе.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.»
А.Құнанбаев.
Қазіргі уақытта мамандықтардың түрлері өте көп.Қандайда бір мамандықтар өзіңше күрделі және қызықты. Сол мамандықтардың бірі- жан-жақты икемділікті, білімділікті,мейірімділікті қажет ететін мамандықтардың бірі-ол тәрбиеші мамандығы. Тәрбиеші мамандығы киелі және көне мамандық. Ол адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыстары өзгеріп жатсада, қажеттіліктерін жоймай жас ұрпақтарды өмір сүруге дайындаған. Ал, бүгінгі, тәрбиешінің мақсаты- бәсекелік қабілетте өмір сүре алатын, білімге деген қызығушылықтары жоғары, жан-жақты танымы бар балаларды тәрбиелеу.
Тәрбиешіге ең тән қасиеттің бірі ол балаларды құрметтеу. Бұр жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Балаларды білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерін бойына дарытатын тәрбиешілерге, халқымыздың құрметі қашанда ерекше» – дегендей, дені сау, ой өрісі жоғары, интелектуалды балаларды тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті.
Біз бір үйдің үмітін, қызығын, бұзығын , еркесін тәрбиелеп отырмыз.Олардың күлкісі шынайы. Олар күлімдесе біз қуанамыз, олар ренжісе біз мұңаямыз.Осы мамандықтың қиынын да, қызығын да бала арасында жүрген жан ғана түсіне алады. Сондықтан да тәрбиеші мамандығы киелі деп айтқан.
Мен тәрбиеші болғаныма мақтан етемін.Тәрбиеші болу мен үшін үлкен бақыт. Биыл менің түлектерім балабақшамен қоштасады. Осы қуанышты сәттерімді өмірдегі ең бағалы, ең бақытты күндер деп бағалаймын. Өз жұмысымда мен балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші деп сезінемін.Еңбегімде ешқашан жалыққан емеспін. Менің негізгі мақсатым- балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, сапалы білім, саналы тәрбие беру.
«Ел есіңде бір жыл қалғын келсе- ас бер , он жыл қалғын келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғын келсе – бала тәрбиеле» — деген дана халқымыз. Балаларға тәрбие беріп, ой өрісін дамытып, қиялына қанат қосып , тіл байлығын молайту -ол әр тәрбиешінің сіңіретін еңбегі өте зор.
Біз балаларды әр түрлі мамандық иелеріне тәрбиелеп отырмыз десекте артық кетпес. Сондықтан сөзіміз- түзу , еңбегіміз- биік, рухымыз- мәңгі болсын деп, тәрбиеші мамандығын ұлықтай берейік!
Қараходжаева Құндыз Рысбекқызы