Мамандықтар әлемі

Пәні : Жаратылыстану

Ортақ тақырып: «Мамандықтар әлемі»

Ұзақ  мерзімді  жоспар  бөлімі:

«Заттар және олардың қасиеттері»

Бөлімше: Су.

Сынып:4

Мектеп: «Р.Марсеков атындағы орта мектеп» КММ

Мұғалімнің  аты-жөні: Кабланова Альбина Салимовна

 

Сабақ  тақырыбы:

Судың ластану көздері

 

 Оқу  мақсаттары                                                                                                                                                                                                                                                                  

4.3.3.3 Судың ластану көздерін анықтау.

4.1.2.2 Алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақ мақсаттары 

Барлық  оқушылар: Судың ластану көздерін анықтайды.

Көптеген  оқушылар:  Суды тазарту жолдарын атайды.

Кейбір  оқушылар: Суды қорғау  жолдарын  анықтайды, нәтижесін ұсынады.

Бағалау  критерийлері

Судың ластану көздерін айтады.

Суды тазарту  және қорғау жолдарын ұсынады.

Тілдік  мақсаттар:

Оқушылар  орындай  алады:Судың ластану көздерін анықтайды. Суды қорғау жодарын ұсынады.

Пәнге  тән  лексика  мен терминология:

Таза су, лас су, судың әсері, суды қорғау, өнеркәсіп

Диалог  пен жазу  үшін   пайдалы   сөздер  мен  тіркестер:

Суды кімдер ластайды?

-Зардабын кімдер шегеді?

-Ластанған суды қолдануға бола ма?

-Суды қалай тазартасын?

-Суды қалай қорғайсын?

Құндылықтарды   дарыту

Жалпыға ортақ еңбек құндылығының маңыздылығын түсіндіру. Судың адам өміріндегі маңызы туралы ақпарат бере отырып, суды қорғау қажеттілігін түсіндіру.

Пән  аралық  байланыс

Қазақ тілі – мамандықтар әлемінде ортақ тақырыбы аясында тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді. Өзен,  көл, теңіздердің аттарын оқиды, айтады

АКТ қолдану  дағдылары

Ғаламтордан дереккөздер табады

Бастапқы  білім

Cудың адам өміріне қажеттілігін түсінеді.Судың ерекшеліктерін атайды. Судың қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың 

жоспарланған

  кезеңдері

Сабақтағы  жоспарланған   іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың  басы

1 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

Психологиялық ахуал.

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Күндей жарқырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық

 

Үй тапсырамасын тексеру

«Сұрақ-жауап» тәсілі

1.     Жауын-шашын дегеніміз не?

2.     Жауын-шашын түрлері

3.     Жауын-шашынды өлшейтін құрал

4.     Жаңбыр деген не?

5.     Қар жылдың қай мезгілінде жауады?

 

Ағып жатқан судың дауысын аудиожазбадан тыңдату.

Оқушыларға сұрақтар қою:

Аудиожазбадан ненің дауысын естідіңдер?

Суреттерден ненің суретін көрдіңдер?

Оқушылардың жауабы (ағып жатқан судың дауысы, өзеннің, көлдің, судың суреттері)

Қандай су көздерін білесіңдер?

Оқушылардың жауаптары (өзендер, көлдер, бұлақтар, теңіздер, жерасты сулары)

 

Ендеше бүгін не туралы айтамыз?

Оқушылардың жауабы (су туралы)

 

Топқа бөлу

Оқушыларға суреттер көрсетіледі (өзен, көл, теңіз).

Қазақстандағы қандай ірі өзендер мен көлдерді,

теңізді білеміз (картамен жұмыс)

Оқушылардың жауаптары (Сырдария өзені, Ертіс өзені, Каспий теңізі, Балқаш көлі, Зайсан көлі, Сібе көлі – картадан көрсетеді)

Бүгінгі сабақта біз үш топқа бөлінеміз:

-өзендер

-көлдер

-теңіздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Судың дауысы — https://youtu.be/WFFxvgXx0N8

Ағып жатқан судың суреттері.

Өзен, көлдер, теңіздердің суреттері. Қазақстан картасы.

Топ аттары жазылған қима қағаздар

 

 

Сабақтың  ортасы

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

Оқушыларға «Судың ластану көздері» туралы бейнежазба көрсетіледі.

 

(МТ) Бейнежазбада көрсетілгеннің негізінде мұғалім судың ластануы туралы ақпарат береді.

Су жер шарының ¾ бөлігін алып жатыр. Тірі ағзалардың 60-70 %, ал өсімдіктердің 90 % судан тұрады. Су бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағынды өзендер  мен мөлдір көлдер.

Сусыз адам 2-3 күн ғана шыдай алады екен.

Су коммуналдық қалдықтар, өнеркәсіп қалдықтары, ауылшаруашылық қалдықтары арқылы және табиғи жолмен ластанады.

Суды механикалық, химиялық, биологиялық жолдармен тазартуға болады. Механикалық, яғни құралдар арқылы, суды хлорлау арқылы, улы материалдардан бактериялар арқылы құтылу.

Жер шарында ең лас Жерорта теңізі екен.Қазақстан жерінде 85022 өзен бар.

Өзендердің ішінде Ертіс су алыбы. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты,  Зырян зауыты сияқты өндіріс орындары Ертіс және Үлбі өзендерін өз қалдықтарымен ластауда.Өзен, көлдердің ластануының бірден-бір себебі, тазартылмаған ағын суларды өзен көлдерге жіберу. Сонымен қатар, желдің әсеріненде су қоймалары ластанады.

Суды тазарту үшін әртүрлі тәсілдер қолданылды: суды қайнату, хлорлау, т.б. Ең кең тарағаны хлорлау тәсілі, яғни хлорлы әктің 1 пайыз ерітіндісін пайдаланады.

Қазір әлемде 800-ден астам су тазартатын станциялар жұмыс істейді.

 

(Ө) 1-тапсырма

«Миға шабуыл» тәсілі

Суға байланысты сұрақтар қойылады:

 

-Суды кімдер тұтынады?

— Судың ластану көздері?

— Суды кім ластайды?

— Зардабын кім шегеді?

— Суды қалай тазартуға болады?

— Суды ластанудан қалай қорғауға болады?

(Т) 2-тапсырма

1 топқа —  «Постер құру» тәсілі

Судың ластану көздері тақырыбында постер құра.

 

2 топқа – «Постер құру» тәсілі

Суды тазарту тәсілдерін көрсет

 

3-топқа – «Постер құру» тәсілі.

Суды ластанудан қорғау жолдарынкөрсет

 

ҚБ: «4 бұрыш» тәсілі

1.     Келісемін

2.     Келіспеймін

3.     Жартылай келісемін

4.     Толық келісемін

 

Ойлау дағдыларының деңгейі: түсіну, талдау, жинақтау және бағалау

 

Бағалау критерийі

Дескриптор

1 топ – судың ластану көздерін анықтау

-Судың ластану көздерін атайды

-Судың ластану көздерін топта талдайды

-Судың ластану көздерін жазады

2 топ – суды тазарту тәсілдерін ұсыну

—         Суды тазарту жолдарын анықтайды

—         Суды тазарту жолдарын топта талқылайды

—         Суды тазарту жолдарын ұсынады

3 топ – суды қорғау жолдарын ұсыну

—         Суды қорғау жолдарын анықтайды

—         Суды тазарту жолдарын топта талқылайды

—         Суды қорғау жолдарын ұсынады

 

Сергіту сәті «Ақ бұлақ»

 

 

(ОТ) 3-тапсырма «Бақылау» тәсілі

Қажетті заттар: шәйнек, екі стакан, мақта, дәке.

Үй жағдайында суды тазарту үшін алдымен суды қайнатады (мұғалімнің көмегімен), салқындатады. Содан кейін стаканға құйып тұңдырады. Тұңған суды дәке мен мақтадан жасалған сүзгі арқылы екінші стаканға құяды.

Салыстыру: бастапқы сумен соңғы суды салыстырады, қорытынды шығарады.

 

4-тапсырма «Суреттер сөйлейді» тәсілі

Суреттерге мұқият қараңдар.

1 топ — № 1 сурет бойынша шағын әңгіме құрайды

2 топ — № 2 сурет бойынша шағын әңгіме құрады

3 топ — №1 және № 2 суреттің ұқсастығы мен айырмашылығы бойынша шағын әңгіме құрады

ҚБ: «Қонаққа бару» тәсілі арқылы әр топ жетекшісі басқа топ алдында өзінің жұмысын қорғайды.

 

 

https://youtu.be/9AkNAx4tqsY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Судың ластану көздері

 

 

 

 

 

 

 

 


Суды тазарту тәсілдері

Суды қорғау жолдаоы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 1 сурет

 

 

№ 2 сурет

Сабақтың  соңы

5 мин

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

Проблемалық сұрақ

Арал теңізінің проблемасы бойынша бейнежазба ұсынылады.

«Неге? Неге? Неге?» тәсілі.

Оқушылар бейнежазба бойынша «Неге?» деген сұрақты қоса отырып, бір-біріне сұрақтар қояды.

 

Рефлексия: «3 таяқша» тәсілі

Әр топ тақырыпқа байланысты 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея дайындап, көпшілікке ұсынады

 

Үй тапсырмасы

Әлемдік су қоры туралы бейнежазба ұсынылады.

 

Бір тәулікте неше литр су жұмсайсың? Бақылау жасау

 

https://youtu.be/nAuTWxbyjFA

 

 

 

 

 

 

 

https://youtu.be/j9p65ASOfdc

       

 

Саралау- оқушыларға  қалай   көбірек   қолдау   көрсетуді   жоспарлайсыз? Қабілеті  жоғары  оқушыларға   қандай   міндет  қоюды   жоспарлап  отырасыз?

Саралаудың тапсырма, дереккөздер, жіктеу,қорытынды және диалог пен қолдау көрсету тәсілдері қолданылды,

қабілеті төмен оқушылар көрсетілген бейнежазбалар көмегімен судың ластану көздерін атайды.

Қабілеті жоғары оқушылар суды тазарту және қорғау тәсілдері мен жолдарын ұсынады.

Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа сабақты бейнежазба және мұғалімнің түсіндіруі арқылы бердім.

Бағалау  — оқушылардың  материалдың  меңгеру  деңгейін  қалай  тексеруді  жоспарлайсыз?

 

«Сұрақ-жауап» тәсілі арқылы үй тапсырмасы бекітіледі.

«4 бұрыш» тәсілі – әр топ басқа топтың жұмысын бағалайды. Оқушылар келісетінін, келіспейтінін, жартылай немесе толықтай келісетінін айтады.

«Қонаққа бару» тәсілі – әр топ жетекшісі өзінің жұмысын басқа топ алдында қорғайды

«Неге? Неге? Неге?» тәсілі – оқушылар бейнежазба бойынш «Неге?» деген сұрақты қоса отырып, бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап бере отырып, мағлұмат алады.

Денсаулық  және  қауіпсіздік  техникасының  сақталуы.

Партада дұрыс отыру, оқу құралдарын дұрыс қолданулары қадағаланады.

Сергіту сәтін орындау және бақылау жүргізу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ  бойынша  рефлексия

Сабақ  мақсаттары /оқу  мақсаттары  дұрыс  қойылған ба?

Оқушылардың   барлығы ОМ қол  жеткізді ме?

Жеткізбесе  неліктен?

Сабақта  саралау  дұрыс   жүргізілді ме?

Сабақтың  уақыттық кезендері  сақталды ма?

Сабақ  жоспарынан  қандай  ауытқулар  болды, неліктен?

Бұл бөлімді  сабақ  туралы  өз пікіріңізді  пайдаланыңыз. Өз сабағың…ыз  туралы сол жақ  бағанда берілген  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

Жалпы  баға

Сабақтың  жақсы  өткен  екі  аспектісі(оқыту  туралы да  оқу  туралы  да  ойланыңыз)?

 

 

Сабақты  жақсартуға  не  ықпал ете  алады (оқыту туралы да  оқу туралы да ойланыңыз)?

 

 

 

Сабақ  барысында  сынып  туралы  немесе  жекелеген  оқушылардың  жетістік / қиындықтары  туралы нені  білдім, келесі  сабақтарда  неге  көңіл  бөлу  қажет

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *