Ғарышта не бар?

ЖББ  №89 мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Илиева Захидам Абдулмажитовна

4-сынып. Жаратылыстану пәні.

 

Сабақтың тақырыбы

Ғарышта не бар?

Оқу мақсаты

4.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау.
4.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау.
• қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.
• жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
• Тірек сөздерді есте сақтайды.
• Оқушылар жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын біледі;
• Ғарыштағы 4-5 ғаламшарларды есте сақтайды және ең алғаш ғарышқа ұшқан жануарларды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:
• Жердің шарға ұқсайтынын анықтайды;
• Ғарышкерлердің атын атайды.

Кейбір оқушылар:
• Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде біледі және сабақта қолданады.

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз  тіркестер:
 Қазақша  Орысша  Ағылшынша
 Ғарышкер Космонавт  Astronaut
 Скафандр Скафандр  Space suit
 Зымыран  Ракета    Rocket

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ғарышқа ұшқан жануарлардың аты қалай аталады?

Қазақстандық қандай ғарышкерлерді білесің?

Ю.А. Гагарин кім?

Ресурстар

Жұлдызды аспанның картасы;
Ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері.
Интернет-ресурстар:
Астрономия тарихы туралы бейнефильм.
Астрономия https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/astronomiya; https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/harysh-kengistigin-alhashqy-zertteu-kezengi

https://bilimland.kz, http://imektep.kz/tabigat, интербелсенді тақта, флипчарт, тест.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:
Ғарыш ұғымымен танысады;
Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;
Шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады;
Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.

Тірек сөздер

Астрономия, ғарыш, шоқжұлдыз.

   

 

І. Қызығушылықты ояту.
Өткенді пысықтау

Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы.                           (Ғарыш кемесі)

Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.       (Зымыран)

Құстан аумайды,
Көкте зулайды.                                    ( Ұшақ )

ІІ. Мағынаны тану

 

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыстарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.
Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған. Олар күн мен түннің және жыл мезгілдерінің, Ай фазаларының ауысуын байқаған.

Ғалам — уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол — адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.
Балалар «космонавтика» — грек тілінен аударғанда «кеме басқару»  деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабілін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет,  ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс.                  Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К.Э. Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да  ғарыш кеңістігін игеру С.П. Королевтың есімімен тығыз байланысты.

Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.

—         Ғарышқа ұшатын ғарышкер қандай болуы керек? (оқушылар ойын тыңдау).

Балалар адам ғарышқа көтерілер сәтте өте қолайсыз жағдайларға тап болады, қуатты мотор дауысы құлақты тұндырады, тек орбитаға шыққан сәтте тылсым тыныштық орнайды, өз салмақтарын сезбейтін халге келеді. Ал осының бәріне шыдау үшін ғарышкерлерге ең алдымен өте күшті денсаулық, мықты төзімділік қажет.

Болашақ ғарышкерлер ұшу алдында ұзақ жылдар бойы дайындықтан

өтеді. Олар спорттың әр түрімен жаттығып, парашюттерден секіріп үйренеді. Ұзақ уақыт бойы сурдокамерада (дыбыс өткізбейтін камера) тұрады, көптеген сындардан өтеді, сондықтан да «Азамат сыны -ерлік» -деп бекер айтылмаған. Ғарышкерлерге жерден көтерілу мен  түсер сәтте де өте мықты төзімділік қажет, соған шыдау үшін оларды «центрифуга» -деп аталатын, тағы да басқа ондаған аппараттарда айналдырып сынақтан өткізеді. Сонымен бірге  балалар, ғарышкерлердің міндеті тек ұшу емес, олар математика, физика, астрономия сияқты  көптеген ғылымдарды меңгерген  жан-жақты болу тиіс, себебі олар ғарышта атмосфераға, жерге, жұлдыздарға зерттеулер жүргізеді.

Міне сондықтан да «Бәрінен күшті адам – өзіне — өзі сенетін адам» -деп біз ғарышкер ағаларымызды айта аламыз, себебі олар өздеріне сенгендіктен осы ұшқыш мамандығын таңдаған.

—         Ғарышқа алғашында нелерді ұшырып еді?

—         Лайка —  ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

—         1957 жылдың 4 қазанда ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі.

1.      Ғарыш, аспан, Жер, жұлдыз дегенде не елестейді? (оқушылар пікірін тыңдау).
2. Мұғалімінің кіріспе әңгімесі.
(Берілген суреттер бойынша аспан денелері, жұлдыз т. б. туралы баяндау)
— Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?
— Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар)
Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.
Ежелгі астрономия.
Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
— Балалар, қалай ойлайсыңдар “Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты?
— Олар нені байқаулары мүмкін еді? (Олардың назарын суретке аударып, болжам жасап көруді тапсырамын)

Тыңдалым: топтарға сұрақтар беріледі.
— Адамдар ерте заманда немен айналысқан?
— Қандай құралдарды қолданған?
— Адамдар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, қосымша мағлұмат беремін.
Сол кездегі адамдардың негізгі іс-әрекеті диқаншылық, аңшылық және балық аулау болған. Көптеген халықтар, сонымен қатар қазақтар да көшпенді өмір сүрді. Сондықтан олар жұлдыздардың қозғалысын бағдарлап, жыл маусымдарының ауысуын болжаған. Себебі оларға қай уақытта егін егіп, қай уақытта жинап алу керектігін анықтау қажет болды. Сонымен қатар кейбір елдерде өзендердің арнасынан шығу кезеңдерін білу маңызды рөл атқарды. Оны алғашқы күнтізбелерден байқауға болады.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқып шығып, топта талқылайды.
 Астрономия https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/astronomiya

Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушыларға сұрақтар қойылады:
— Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар)
— Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар)
— Кейбір жұлдыздардың бір-біріне жақын орналасқанына қарай қалай атауға болады? (Осындай жұлдыздар тобын шоқжұлдыз деп атауға болады)

Зерттейік. Ғарыш кеңістігін алғашқы зерттеу кезеңі, https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/harysh-kengistigin-alhashqy-zertteu-kezengi
Топтық жұмыс. Топтарға жұлдыздар туралы аңыздардан үзінді беріледі. Оқушылар өздері оқи отырып, тауып алған ақпараттарын тірек сөздердің көмегімен жазып алуды тапсырамын.
Топ мүшелері міндеттерді бөліп алып: олардың жартысы шоқжұлдыздардың суреттерін салады, келесі бөлігі шоқжұлдыздарды бірнеше сөзбен сипаттай алады, қалған оқушылар кітаптың мұқабасын әзірлей алады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын сыныптың талқылауына ұсынады.
Зерттеу барысында қойылатын сұрақтар:
— Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алындың?
— Ол несімен қызықты?
— Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет болды?
— Жұлдыздар қандай заңдылықтарға бағынады?
— “Астрономия” сөзінің аудармасы қалай екен?
Топтар бір-біріне «Неге?» – деп, сұрақ-жауап жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

—         Ғарышкер киімі қалай аталады? (скафандр)

—         Тұңғыш ғарышкерді атаңыздаршы?

—         Тұңғыш әйел-ғарышкер кім?

1961 жылдың 12 сәуірінде, бір орынды «Восток» кемесімен, тұңғыш рет Совет Одағының азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді, С.П. Королевта өз арманына жеткен болатын. Кейіннен көп орынды «Восход» кемесі іске қосылды, тағыда көптеген кемелер жасалды, олармен Совет Одағының және шетелдік ғарышкерлер орбитаға барып барып, ғарыш кеңістігін зерттеуде өз үлестерін қосты, олардың ішінде әйел-ғарышкер В.Терешкова да бар еді.

Енді міне балалар қазақ халқының «Бір қазақ ұшса ғой» — деген арманы қашан  орындалды?

—         Ең алғашқы қазақ ғарышкерін атаңыз, ғарышқа қашан көтерілді?

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы

1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,

«Бірінші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.

1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ — 13” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми  зерттеу жұмыстарын жүргізіді.

1991ж   қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

—         Тоқтар Әубәкіровтен кейін ұшқан қазақ ғарышкері кім еді?

-Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы – ғарышкер

1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы аулында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.

Т.А. Мұсабаев Рига қаласындағы авиация инженерлік институтын, кейін Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірген. 1986 жылы азаматтық авиацияның 30 жаттығу дайындығынан өтіп, осы саланың ұшқышы мамандығын алды.

Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран

кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.

1994ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.

Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге.

Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.

2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.

—         Ғарышкерлер тағамдарының қайда сақталатынын білесіздер ме? (арнайы тюбиктерде).

 

Бекіту


















 

ІІІ. Қорытынды

Мәтінді сатылай кешенді талдау.
Ғарыш дегеніміз не?
1. Анықтама.
2. Тану.
3. Ерекшелігі.
4. Салыстыру.
5. Экологиясы.
6. Қорытынды.
7. Нәтиже.
1. Анықтама.
Жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
2. Тану.
Ғарыш денелеріне: ғаламшарлар, Жер серіктері, жұлдыздар, кометалар, астероидтар жатады.
3. Ерекшелігі.
Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады.
4. Салыстыру.
Күн – қатардағы жұлдыздардың бірі.
Жер – шар тәрізді дене.
5. Экологиясы.
Күн – жан-жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады. Бұл болмаса жер бетін қара түнек басар еді.
6. Қорытынды.
Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Кеңес Одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты.
7. Нәтиже.
Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Телехабарлар беріледі. Радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Ауа райы алдын ала болжанады.

                                  Сөзжұмбақ  шешу.

 

 

 

 

Ғ

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

Ы

 

 

 

 

 

 

 

Ш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К

 

 

 

 

 

 

 

Е

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазақ ғарышкері.

2.Ғарышкер киімі.

3.Бас конструктор.

4.Ғарыш айлағы

5.Тұңғыш әйел-ғарышкер.

6.Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

7. Ғарышқа адамзат аттанатын планета.

8.Алғаш рет ғарышқа ұшқан ғарышкер.

 

Рефлексия

Оқушылар ғарыштың не екенін түсінеді.
Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойша ғарыштамыз – деп елестетуді өтінемін.
— “Айналадан не көріп тұрсыңдар?”
— “Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?” — деп сұраймын.
Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш туралы қиялдарының суретін салып беруді сұраймын.

 

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеремін)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *