Зерттеудің алғашқы нәтижелерінің талдауы мен мектеп дамуының   сынамалық жоспарлауының жүзеге асу үдерісі туралы

Біздің өміріміздегі кез-келген оңды өзгерістер, оның ішінде білім саласындағы өзгерістер оқу үдерісіне қатысты адамдардың көзқарасын өзгертуге тікелей тәуелді. Жаңартылған оқу бағдарламасы қойып отырған жаңа мақсаттар мен міндеттерді мектеп тәжірибесіне енгізу және оның тиімділігін бағамдау  мектеп ұжымының көзқарасын өзгерту арқылы жүзеге асатыны белгілі. Басшы ретінде бағдарлама идеясын мектепке енгізу мақсатында басты мәселе дарынды мұғалімдерді анықтау, идеялас әріптестерді тарту, жекелеген мұғалімдердің көзқарасын өзгеріске бағыттау туындады. Білім  саласындағы өзгерістер туралы ұжым жиналысында және әріптестермен сұхбат кезеңінде ақпарат берілді.

Мектептегі бірінші тәжірибе кезін өзгеріс енгізу  тобын құрумен  бастадым. Оған 9 адам қатысты. Тәжірибе кезеңі алдында әріптестермен, орынбасарлар және деңгейлік оқыған мұғалімдермен пікірлесуден соң «Бірлесе жоспарлау мен өзара сабаққа қатысуды ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында жұмыс жоспарын құру ұйғарылды.

Коучинг өткізу,  деңгейлік курсты бітірген мұғалімдерге бекітілді. Тәлімгерлік, қоғамдастық, Лессон стади топ жетекшілерімен өзара ақылдасып, келісіп тағайындалды.Өзгеріс еңгізетін топпен өткізілген алғашқы жиналыстан соң, мектептің дамуына өзгеріс енгізуге деген ықыластары байқалды.

Мектеп ұжымымен бірінші педкеңесте кездесу барысында мен курстың мақсатымен және міндеттерін түсіндіріп өтуді жөн санадым. Бірінші бетпе- бетте жоспарланған МДЖ-1 жоспарымен таныстырып, бірлесіп талқылап, қажет болған жерге өзгерістер енгізіп, апталық жоспарын  бекітіп, жұмыс істеу қажеттілігін түсіндірдім.

Жиналыс барысында мұғалімдердің ортаға салынған ой-пікірлері тыңдалды, әріптестерім талқылауға белсенді қатысып, қызығушылық танытқандары байқалды. Тәлім алушы ретінде дарынды мұғалім, ілгері деңгейлі сертификатталған, «Бастау» желілік қоғамдастығының, «Шапағат» кәсіби қоғамдастығының жетекшісіне  бірлесіп жұмыс істеуді ұйғардым.

27-тамыз күні мектептегі кәсіби қоғамдастық жетекшісі, мүшелерімен кездесу өткіздім. Алдағы тәжірибенің өту барысы айтылды. Қоғамдастық мүшелері бірауыздан қолдау көрсететіндіктерін айтып, мектепті дамыту жоспарын талқыға салды. Бастапқы мәліметтерді саралай келе, мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізілді.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі өзекті мәселелердің бірі — оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас әлсіздігі, сабақта сыни ойлау мен сөйлеу машықтарының төмендігі  мәселесі талқыланды.

 Мұғалімдердің пікіріне сүйеніп 5 «а», 6 «а»  сыныптары  алынды, кәсіби қоғамдастық мүшелері бастауыш 4 «б» сыныбын да бақылауға алып, нәтижелерді салыстыруға ниет білдірді.  «Бірлесе жоспарлау мен өзара сабаққа қатысуды ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында жұмыс жоспары құрылды. 

Тәлімгер мен тәлім алушы мұғалімдері анықталып, үш сыныпта да  тізбектелген сабақтар, Lesson study сабақтарын өткізу мақсат етілді. Осы қойылған мақсатқа жетуде ұжым арасында өзгерту топ құрылды.

Топ жұмысы жоспарланып, кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсаты қойылды.  Олар:

  1. Мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып өзгерту топ құру.
  2. Мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде іс-шаралар жоспарын бекіту және орындалуын бақылау, қадағалау.
  3. Тізбектелген сабақтар, Lesson study өткізу арқылы тәлім алушыларды даярлау, коучингтер, тәлімгерлік ету әдістері арқылы әріптестерге кәсіби көмек ұсыну назарға алынды.

Әр жұмысқа жауапты тұлғалар ретінде өзгерту  топ мүшелері, І, ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері, тәжірибелі мұғалімдер мен оқу – тәрбие орынбасарларына міндеттеп, бөлінген көшбасшылық арқылы жүзеге асыруды мақсат еттім. Жұмыс нәтижелерін: фотосуреттер, рефлексия, пікір, кері байланыс парақтары жинақталып, сауалнамалар алу, тәлімгер–тәлім алушы, сынып оқушылары- тәлімгер арасында кәсіби әңгіме жүргізілетінінен хабардар еттім. Өзгеріс топ отырысы 27.10.19 директор жанындағы кеңесте өткізілді. Отырыс барысында  мақсат қоя отырып, оқыту мен оқудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін енгізуқадамдары ұсынылды.

Коучингтерге қатыса отырып, әріптестерімнің жаңашылдыққа деген құлшыныстарын байқадым.Барлығы 9 коучинг өтті. Ең бастысы, мұғалімдерге басшы ретінде менің де қызығушылық танытып, үдеріске қатысқандығым ынталандырушы сипат алды деген ой пайда болды.

Коучинг үдерісінің мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуына жақсы әсерін тигізгенін байқадым. Ұжымда өткізілген коучингтерден кейін мұғалімдердің қатысқан сабақтарында коучингтен үйренген әдіс-тәсілдерін сабақта қолданғандарын көрдім.. Коучингтерден  кейінгі сабақтарда оқушылардың сабаққа ынтасы артқандығы байқалды.  Мұғалімдердің коучингтен үйренген  блум таксономиясы, ҚМЖ-ның жаңа үлгісі,қалыптастырушы бағалауды, рефлексияны сабақтарында қолдана білді.  Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы  мен белсенділігін көрдім.

Бұдан шығаратын тұжырымым:МДЖ–2-де қолданылмаған дағдыларды қайта қарастырамын. Мұғалімдерді коуч болуға үйретемін. Тәжірбие кезінде жіберілген қателіктерді  қайта қарастырамын.

Тәлімгерлік аланың құру жұмыстарын ұйымдастыру,  МДЖ жұмысын жүзеге асыру мақсатында деңгейлік курстан өткен үш мұғалім тәлімгерлікке тағайындалды. Осы мұғалімдерге тәлім алушылар бекітілді.

Тәлімгерлік жоспары құрылып, мектепті дамыту жоспарына жұмыс мерзімі енгізілдіТәлімгерлік үдерісін жүргізе асыра отырып  зерттеу сұрағыма баса назар аудардым. Тәлімгерлік үдерісінен тәлім алушым  сабақтарды дұрыс жоспарлауды үйренгендігі байқалады. Тәлімгерлік үдерісінде кезіккен кедергілерге тоқталар болсам тәлімгерлікті мектеп жұмысында толық пайдаланылмауы байқалуда. Тұжырымдай келе,  тәлімгерлік тәжірбиенің  тұрақтылығын  сақтауын қадағалау керек деп ойлаймын.

Lesson study сабақтарын өткізу  деңгейлік курс өткен мұғалімдер топ жетекшілігіне тағайындалды. Бақылау сабақтарына бастапқы кезде қатыса жүріп, оның маңыздылығын, білім сапасын жақсартуға тиімді құрал екендігіне баса назар аудармаған едім.

Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі  зерттеу сабақтарын өткізуде мектептің көшбасшы мұғалімдері және сол сыныпта сабақ беретін мұғалімдерден құралған топтың сабақты жоспарлап, бақылаудағы оқушылардың оқудағы жетістіктерін бақылауын, қайта жоспарлау арқылы әр деңгейдегі оқушыларға тапсырмаларды дифференцияциялау, ұжымдық жұмысты, топтық жұмысты ұйымдастыру мен сабақ мақсаттарына жетуде тиімді әдіс-тәсілдерді саралап, жоспар құрғандарын көріп, оқу мен оқытуды жақсартудың «Lesson Study»тиімді құралы екендігіне көзім жетті. 

Қорытындылай келе, Lesson study сабақтарын өткізу, оқушыларды белсенді әрекет етуге ынталандырып қана қоймай, олардың қабілеттерін де ашуға мүмкіндік берді. Мұғалім өз тәжірибесіне, әрекетіне сыни көзқараспен қарап, өзін-өзі реттеу жүзеге асты. Оқушылардың нақты нені білуге тиіс, қандай түйінді идеяларды түсінулері қажеттігі, қандай мәселе төңірегінде талқылау жүргізілу керектігі сараланып, әр сабақтан соң рефлексия жасалып отырғандықтан, сыныптағы оқу-оқыту бірлігінің деңгейі анықталды. Оқушылармен қатар мұғалімдер де шыңдала түсті, кездескен кедергілерге сын көзбен қарап, одан шығу жолдарын қарастырды.

TALIS нысаны бойынша сауалнама жүргізуге ұйымдастырушы психолог,әрекет ету тобы жұмылдырылды.  Ата-аналардан, мұғалімдер мен оқушылардан өзгерісті бағалау сауалнамасы жүргізіліп, қорытынды жасалды. Ең негізгі өзгеріс туралы сараланды. Сауалнама қорытындысынан өзгеріс нәтижесі көрінді. Ұжымның бір-бірін үйретуі мен бірінен үйренуі жүзеге асырылды, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.  Мұғалімдер топқа бөлу, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу, оқушылардың белсенділігін арттыру, зерттеушілік қабілетке бейімдеу, диалог туғызу арқылы шапшаң ойлауға төселдіру жұмыстарын орынды жүргізілді.

Тәжірибе алмасу үдерісі өз деңгейінде жүріп,тәлімгер мен тәлім алушы арасында өнімді байланыс орнап, жүйелі жұмыстар жүрді. Оқытуға енгізіліп жатқан басымдылық коучингтер өткізу арқылы насихатталып, іс-әрекет жасата отырып талқыланып, таратылып жатыр

Қорыта келгенде, курс бағдарламасын  меңгерту, табандылық пен қажырлылықты және бірлесіп жұмыс істеуді қажет ететіндігін түсіндім. Бірден мектеп өзгеріп кетеді, бірден оқу сапасы жақсарып, мұғалім мен оқушы, мұғалім-мұғалім қарым-қатынасы оқу мен оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдері арқылы артып кетеді деп те айта алмаймын. Ол үшін бағдарлы әрекеттер: коучинг пен тәлімгерлік пәрменін арттыруға, мұғалімдердің өз тәжірибесіне өзгеріс жасауы үшін басшы ретінде өзімді жауапты сезінемін.

Коучингтің мақсаты орындалды ма, мен және әріптестерім осы тәжірибе арқылы не үйрендік:

  • Әріптестерім және деңгейлік мұғалімдерге деген көзқарасым өзгерді, оларды басқа қырынан көре бастадым.
  • Формативті бағалау арқылы тәжірибені жақсарту, ынталандыру, мұғалімдерге мотивация беруге болатынын байқадым.
  • Нақты мақсаттар қойылып, идеялас адамдармен бірлесіп сол мақсатқа жетуге болатындығын түйсіндім.
  • Өзінің тәжірибесін жақсартуға деген ниет қалыптаса бастады.
  • Тәлім алушы мұғалімдердің ішкі қорқынышы жойылды.

Олар өз таңдауының дұрыс екеніне сенімдері оянды.

Окатаева Нуржанат Кенесовна

«Аққала мектеп – балабақша кешені» КММ

ШҚО Көкпекті ауданы Аққала ауылы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

nurzhanat0665@mail.ru

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *