Пәні: Сауат ашу Мектеп: №269 Ұзақ мерзімді жоспарбөлімі: Менің мектебім Мұғалімнің аты-жөні: Төребекова Ж Күні: Қатысқандар саны: Сынып: 1 Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақ тақырыбы: |
Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі.
|
|||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту. 1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап әріп элементтерін коллиграфиялық талаптарға сай жазу.
|
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Сюжеттік суретке тақырып қоя алады. О дыбысы мен әріпті таниды, ажыратады, берілген тақырыпқа сөйлем құрап айтады. Әріп элементтерін жазу жолында көрсетеді.
Көптеген оқушылар: Сюжеттік суреттер бойынша мәтін құрай алады Әріппен дыбысты ажырата алады. Жолдың жоғарғы және төменгі сызығында әріп элементтерін жаза алады.
Кейбір оқушылар: Әріппен дыбысты сәйкестендіріп жаза алады Әріп элементтерін коллиграфиялық талапқа сай жазады. Сюжеттік суретке әңгіме құрай алады.
|
|||||
Бағалау критерийлері |
-сюжетті суретті сипаттайды -сюжетті суреттің реті бойынша әңгіме құрастырып айтады -әріпті таниды, ажыратады, әріппен дыбыспен сәйкестендіріп оқиды -әріп элементтерін коллиграфиялық талапқа сай дұрыс байланыстырып жазады
|
|||||
Құндылықты дарыту |
Өз бетімен білім алуға ұмтылады, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлайды, коммуникативтік қарым-қатынасы дамиды.
|
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика-реттілігін анықтайды. |
|||||
Бастапқы білім |
О дыбысына дейінгі дыбыстарды ажырата алады. |
|||||
Сабақ барысы
|
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақтың Басы 5 мин
Сабақтың ортасы
25 мин
Сабақтың соңы 5 мин |
1 мин 2 мин
1 мин
1 мин
1 мин
8 мин
1 мин
8 мин
1 мин
5 мин
1 мин
2 мин
3 мин
|
Ұйымдастыру. Ширату «Көзбен көріп, қолмен ұста» әдісі. Шарты:Сынып ішіне әр түрлі жолды алдын ала салып қоямыз. Балалар сол жолды жүріп өту арқылы қоржынға салынған оқу құралдарын айтады. (Сөмке ,кітап, қарындаш, дәптер, желім, өшіргіш, қайшы, түрлі-түсті қағаз, ермексаз, сызғыш т.б)
(КБ) «Бақыт құсы» әдісі Қандай оқу құралдарын таптыңдар? Оны не үшін пайдаланасың?
Топқа бөлу Сараланған ресурстарды қажеттілігіне қарай таңдау арқылы топқа бөлу. 1-топ: автобус 2-топ: поезд 3-топ: велосипед 4-топ: мотоцикл
(МК.Ұ) «Сиқырлы қорапша» әдісі Сиқырлы қорапшадағы затты тап. Қорапшадағы жұмыртқаны сипатына қарай(түсі ақ екен, пішіні сопақша, сыртында қабығы бар, оны пісіріп жейді) анықтайды. Жұмыртқа қандай әріпке ұқсайтынын табады.
(КБ) «Серпілген доп» әдісі О дыбысынан басталатын қандай сөз білесің? О қандай дыбыс? Бағалау: Жарайсыңдар!
ТЖ «Галереяға саяхат» әдісі. Топ мүшелері өзара рөлдерін анықтайды (капитан –тапсырмаларды бөліп береді, спикер-баяндайды,уақыт сақшысы- уақытты белгілейді, бақылаушы-бақылайды) Оқушыларға Әли мен Мерейдің «Менің мектепке баратын жолым» тақырыбындағы сұхбатын аудио үнтаспадан тыңдату немесе мәнерлеп оқып беру. Сюжетті суреттердің көмегімен сұхбатты жалғастыр. Әр топқа қима суреттер беріледі. Суретті құрастырады. Сурет бойынша әңгімелейді.
1-топ. Үй, бала, жол суретті құрастырады, әңгімелейді.
2-топ. Автобус, бала, автобус аялдамасы суретті құрастырады, әңгімелейді.
3-топ. Метро, бала, адамдар суретті құрастырады, әңгімелейді.
4-топ. Мектеп, аялдама, бала суретті
құрастырады, әңгімелейді. Бағалау: Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.
(КБ) «Ыстық микрафон» әдісі. Сен мектепке қалай келесің? Сен мектепке қандай көлік түрімен келесің? Бағалау: «Бас бармақ» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
(ЖЖ)«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі. Мектепке барар жолда кездесетін «о» әрпі бар сөздерді суреттерді тап және бос торкөздерде тағыда қандай сөздер болуы мүмкін екенін анықта. Сөздерді буынға бөл, буын санын анықта. (жол, автобус, троллейбус, метро, стадион, орындық)
КБ«Қарлы кесек» әдісі. Бір буынды неше сөз бар? О дыбысы екінші буында тұрған сөзді тап.
Бағалау: «Бас бармақ» арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.
Жеке жұмыс. «Мен әдемі жазамын» әдісі О дыбысы мен әрпі кездесетін сөздерді сызбаға жаз
10 (КБ) «Ыстық орындық» әдісі. О дыбысы бар қандай сөздерді білесің? О дыбысы сөздердің қай жерінде кездеседі?
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.
Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады? Сол әріпті қоршап сызыңыз.
Сараланған тапсырма «Адасқан әріптер» ойыны …рындық қ…л қ…рап б…та ж…л авт…бус
Рефлексия «Ауадағы сөздер» әдісі Шарты: Шеңбер құрып тұрамыз. Шарлардың ішіне о дыбысы бар сөздер жазу. Сөзді оқып о дыбысының орнын анықтап сөйлем құрайды. Кері байланыс: «Сұрақ-жауап» әдісі. О дыбысы бар сөздер айтыңдар О дыбысы сөздердің қай жерінде кездеседі?
|
Оқу құралдары
Қорапша
http://www. balalaralemi.kz
Қима суреттер
Суреттер
шар |
|||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
||||
Ұжымдық, топтық, жұптық жеке жұмыстарда барлық оқушыларға
|
Ширату мен ұжымдық жұмыстарда «Жарайсыңдар!» деп оқушыларды ынталандыру мақсатында бағаладым. Топтық жұмыста топтар бір-бірін, жұптық жұмыста жұптар бір-бірін, жеке жұмыста өзін-өзі «Бас бармақ» арқылы бағалап отырдым. |
Жол қауіпсіздік ережесін сақтауды үнемі ескертіп отыру. Топқа бөліну бөлгенде сүрініп кетпеуін, қаламсапты абайлап пайдалануын ескертіп отыру.
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың мақсатына жеттім бе? |
Сабақ мақсаты дұрыс қойылған.Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізе алады. |
|
||||
Жалпы баға Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: Топтық жұмыс барысында пайдаланған «Галереяға саяхат»әдісім тиімді болды.Оқушылар топта отырып қима қағаздан сурет құрастырды. 2: Жұптық жұмыс кезінде пайдаланған «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісім тиімді болды. Сюжеттік суреттерден о дыбысы бар сөздерді тапты. Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт. 1. Сабақ барысында пайдаланған әдістерді түрлендіріп отыру. 2.Рефлексия
|
||||||