Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.4С Оттекті және азотты оргaникaлық қосылыстaр | Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп- гимназия |
Күні: | Мұғалім: Инкарова Агира Нурлановна |
Сынып: 9 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | Оттекті оргaникaлық заттар. Спирттер |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.4.3.19 – спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру. 9.4.3.20 – метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру. 9.4.3.21 – этанол мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу. |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы: Спирттерді жіктеуді және олардың қасиеттерін біледі, қолданылуын түсіндіреді. Адам ағзасына физиологиялық әсерін біледі.Бір атомды және көп атомды спирттердің қасиеттерін біледі. Оқушылардың көпшілігі: Спирттердің химиялық қасиеттерін негізге ала отырып өз беттерінше реакция теңдеулерін құрастырады; Оқушылардың кейбіреулері:Спирттердің қасиеттеріне зерттеу жүргізіп, нәтижесін зерделейді. |
Бағалау Критерийі | — Спирттерге анықтама бере алады. — Спирттерді құрамына қарай жіктей алады. — Спирттердің адам ағзасына физиологиялық әсерін біледі және — Cпирттердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құра алады. -Бір атомды және көп атомды спирттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алады |
Тілдік мақсаттар | Тірек ұғымдар: Спирттер.Біратомды, көп атомды спирттер. |
Құндылықтарға баулу | Қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілікті сезіну, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру. |
Пән аралық байланыс | Биология |
Алдыңғы білім | 9.4.3.1 – 9.4.3.14. көміртек пен сутек aтомдaры кіретін оргaникaлық қосылыстaр – көмірсутектер. Алкандар, алкендер, алкиндер, ароматты көмірсутектер. |
Сабақ барысы | |
Сабақтың басы 5-мин | Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу Үй тапсырмасы «көмірсутектер» «Сөзді тап» әдісі. Химиялық диктант Көмірсутектер дегеніміз 2 элементтен ……. тұратын …..қосылыстарCnH2n+2…….. көмірсутекке жатадыАлкандар ……..орынбасу реакциясына түседіCnH2n сәйкес келетін көмірсутектер …….. Этеннің сумен реакциясы ……. деп аталадыПолимер түзетін буын …………………… деп аталады.С2Н4-тің атауы ……, жұрнағы……., гибридтелуі….., байланыс саны….. CnH2n-2……………өкілдеріС2Н2-тің атауы ……, жұрнағы……., гибридтелуі….., байланыс саны….. С6Н6-тің атауы …… Тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша қасындағы оқушының жұмысын тексереді. Топқа бөлу Қағаз қиндыларына жазылған формулалар арқылы сынып оқушылар 3 топқа топтастырылады топқабөлінеді. Ой қозғау.Оқушыларға слайдтан суреттер көрсетіледі,бұл суреттер нені білдіреді? Оқушылар тұрмыстағы спирттер туралы әңгімелейді. Оқушылардың айтқан мәліметтері тыңдалады, оқушылар жауаптарына «Қол шапалақтау» әдісі арқылы баға беріледі және жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады. |
Сабақтың ортасы 32-мин 8мин 8мин 8мин 8мин Сабақтың соңы Рефлексия 3-мин | 1 тапсырма «Ойлан,ізде,талқыла» әдісі ТЖ Бейне материалмен және оқулықпен жұмыс. Ұсынылған бейне материалдармен және мәтінді оқи отырып, тақырыптарға мәліметтік постер қорғаңыз. I топ: Спирттердің жіктелуі, физикалық қасиеттері II топ: Этанолдың алынуы және химиялық қасиеттері III топ: Көп атомды спирттерге сипаттама Бағалау критериі: -Спирттерді жіктеп, анықтама бере алады. –Спирттердің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттай алады. -Көп атомды спирттерді сипаттап ажырата біледі Дескриптор. -Мәтінмен жұмыс жасайды -Бейне материалдарды көреді; Берілген тапсырма бойынша топпен талқылайды; Әр топ постер қорғай отырып түсіндіреді ҚБ: «Ойлан,жұптас,бөліс» II тапсырма «Шытырман» ТЖ Мына айналуларды жүзеге асырыңдар. 1 топ: C ® C2H6 ® C2H4 ® C2H5OH ® CO2 2 топ: C2H2 ® C2H4 ® C2H5OH ® C6H12O6 3 топ: көміртек ®этилен ® этанол ® хлорэтан Бағалау критериі: -Көміртектің және көмірсулардың қасиеттерін біледі; -Реакция теңдеулерін жаза алады; Дискрептор: -Айналуларды жүзеге асырады; -химиялық реакция теңдеулерді жазады ҚБ: «Қағаз ақша беру» III тапсырма «Көршіңмен пікірлес» ЖЖ А) 4 грамм этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газы түзіледі? Ә) 10 грамм метил спирті металмен әрекеттескенде неше грамм натрий метилаты түзіледі? Б)Массасы 115 г этил спиртін дегидрлегенде қанша литр этилен қалыпты жағдайда алуға болады? Әр жұп өз жұмысын тексеріп, баға береді. Бағалау критериі: -Есептің шартын құра алады -спирттердің химиялық қасиеттері туралы білімін пайдаланып есептер шығара алады Дискриптор -Есептің шартымен танысады -Есепті шығарады. -Жұппен бөліседі. ҚБ: «Бірін- бірі бағалау» IV тапсырма «Өзіңді бағала»Ж Спирттерді жіктеп, химиялық қаиеттерін жаз 1)Көрсетілген заттарды жіктеп, кестені толтырыныз. СН3ОН, СН2ОН-СНОН-СН2ОН, С3Н7ОН, СН2ОН-СН2ОН, С4Н9ОН Біратомды Көп атомды 2)Реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдер А)С2Н5ОН + ….. ® С2Н5ОNa + H2 Ә) СН3ОН + С2Н5ОН = ……… + Н2О Б) С4Н9ОН + …… = СО2 + Н2О Бағалау критериі: -спирттерді құрамына қарай жіктей алады -Спирттердің қасиеттері бойынша реакция теңдеуін жаза алады Дескриптор -Спирттерді жіктеп, кестеге жазады; -Спирттерді қасиеттеріне қарай реакция теңдеуін толықтырады ҚБ: «Бағала» Кері байланыс «Ашық микрофон» әдісі.Оқушылар қолдарына микрофон ұстап бүгінгі сабақ бойынша пікірлерін айтады. 1.Сабақтан қандай әсер алдыңдар? 2.Сабақта өзіңе не ұнады? |