Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 13-бөлім. «Қазақстандағы туризм және экотуризм» Мектеп: «Шахтинск қаласы әкімдігінің №11 ЖББОМ КММ» Қарағанды облысы Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Майлыбекова Айнагуль Амантайкызы Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
«Қазақстандағы киелі орындар» |
|||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
9.3.2.1 ғылыми стильде (пікір, аннотация, мақала, презентация) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасау ; 9.4.5.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу; сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану; |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты
|
1. Ғылыми стильде жазылған мақаланың өзектілігін анықтау. 2. Мәтіннің тілдік және жанрлық ерекшелігін талдау. 3. Жазба жұмыстарында бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу мен тыныс белгілерін орынды қолдану. |
|||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
— ғылыми стильде жазылған мақаланың өзектілігін анықтайды; — мәтіннің тілдік және жанрлық ерекшелігін талдайды; — жазба жұмыстарында бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазады, тыныс белгілерін дұрыс қолданады. |
|||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: мәтіннің өзектілігін анықтайды, сұрақтар қояды, тілдік және жанрлық ерекшелігін талдайды, ойын еркін айтады. Оқушылар күрделі және құрама атауларды дұрыс жазады, тыныс белгілерін дұрыс қолданады. Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: ерекшелен, жауһар, жерасты, рәсімде, телегей, үйлесімді, жиһангер. Диалог және жазу үшін қолданылатын сөз тіркестері: киелі жерлер , тау—тас, жерасты қорымдары, зәулім кесене, тарихи ескерткіш , мәдениет орындары. |
|||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Мәңгілік ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын дәріптеу, тарихи-мәдени орындарды қадір тұтып, құрметтеу; — қарым-қатынас жасау қабілеті; — өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; — шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. |
|||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы. Сабақта пәнаралық байланыс қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз. (Мәтіннің мазмұны арқылы тарихи орындардың құндылығын слайд арқылы, сурет арқылы әңгімелеу, баяндау). |
|||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
«Қазақстандағы туризм» тақырыбына қойылған сұрақтарға жауап береді, баяндайды , түсінеді және өз пікірін жазады.
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут
Сабақ ортасы 25 минут
Сабақтың соңы 7 минут
|
«Ыстық-алақан» тренингі. Сабақта ынтымақтастықты қалыптастыру үшін оқушылар бір— бірімен сәлемдеседі. Бір-біріне жақсы, жылы тілек-лебіздер айтады. Топқа бөлу: «Пазл » әдісіне негізделген қиынды суреттерді таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді. Демалыс орындары атауларымен үш топқа бөлінеді. 1-топ: «Жосалы» тобы . 2-топ: «Бурабай» тобы . 3-топ: «Қарқаралы» тобы. Алдыңғы біліммен байланыс. Демалыс орындары суреттерінің қиындылары парта үстінде жатады. Сол суреттерді құрастыру арқылы оқушылар «Пазл » әдісімен топтарға бөлінеді. Әр топ қима суреттердің артына жазылған сұрақтарға жауап береді. — этнотуризм; — тау туризмі; — емдік-сауықтыру туризмі; — мәдени-танымдық туризм; — аңшылық пен балық аулау; 2-топ: «Бурабай» тобы туған өлкесінде қандай демалыс орындары бар, атап-атап айтып береді. Мысалы: «Жосалы» , «Тасбұлақ», «Қарқаралы» т.б. демалыс орындары . 3-топ: «Қарқаралы» тобы Қазақстанда емдік саяжайлар туралы қысқаша сипаттама береді. Мысалы:«Сарыағаш» , «Бурабай», «Жасыбай» емдік саяжайлары бар. Олар әсем де көрікті аймақтарда орналасқан.
Оқылым алды тапсырмасы: «Қазақстанның киелі орындары» таныстырылымы интерактивті тақтадан көрсетіледі. «Миға шабуыл» әдісі арқылы түрткі сұрақтар қойылады. 1. Бұл көрсетілім қандай ой тастады? 2. Қандай тарихи орындар суреттелген? 3. Бұл тарихи-мәдени орындар қай жерде орналасқан? 4. Не себепті киелі орындарға жатқызамыз? 5. Тарихи-мәдени мұралардың құндылығы неде? — Олай болса біздің бүгінгі жаңа сабағымыз «Қазақстандағы киелі орындар» — көне қалаларға арналады. ТЖ. «Сәйкестендіру» әдісі. Жаңа сөздермен жұмыс. Интербелсенді тақтада жазылған жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. Сөздерді бағытталған сызбамен «Сәйкестендіру» әдісі арқылы есте сақтап,дәптерге жазады.
ерекшелену мавзолей жауһар культурное наследие рәсімдеу подземный телегей оформление үйлесімді путешественник жиһангер гармоничный мәдени мұра бриллиянт кесенелер выделяться жерасты огромный Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. Мәтін кезіндегі тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды тауып оқы, есте сақта. «Кие»- қазаққа қанмен дарыған ұғым. Киелі дүниенің бәріне құрметпен қарап, қадірлейміз. Қазақ баласы үшін Қазақстанның әр өңірі, тау мен тасы, өзен мен көлі киелі. Киелі орындарға қазақ халқы ерекше құрметтейтін табиғат ландшафты, мәдени мұра ескерткіштері , кесенелер, жерасты қалалары, сондай-ақ тарихи және саяси маңызды орындарды жатқызамыз. 2003 жылы ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мұра» тізіміне Түркістан қаласындағы Қожа –Ахмет Яссауи кесенесі енгізілді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тарапынан аталған тізімге енгізуге ұсынылған 23 ескерткіштің сегізі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.Олар Жуантөбе, Қараспантөбе, Күлтөбе, Сидақ, Сауран, ежелгі елді мекендері, Бөріжар қорымы, Отырар оазисінің ескерткіштері,Түркістан қаласы. Оңтүстік Қазақстанда киелі жерлер көп. Арыстанбаб , Қожа Ахмет Яссауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта.Арыстанбаб кесенесінің жанында шипалы, тұзды,сулы құдық бар. зө Қазақтар Түркістан қаласын «екінші Мекке»,- деп атайды.
ТЖ:1-тапсырма «Джигсо» әдісі. Мәтінді бөліктерге бөліп оқиды. Басқа топқа «Өкілдер» аралап , өзінің жұмысы туралы топта өзара талқылау.
Бағалау критерийі: -ғылыми стильде жазылған мақаланың өзектілігін анықтайды. Дескриптор: — тақырыбы мен идеясын табады; — тірек сөздерді анықтайды. — мәтін мазмұнына өз ойын білдіреді. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.
ТЖ. «Конверттегі сұрақтар» әдісі. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. Диалог/сұрақтар арқылы саралау. А тобындағы оқушылар: — «Кие» — деген қандай ұғым? — Тарихи ескерткіштің басым бөлігі қайда орналасқан? В тобындағы оқушылар: — Түркістан қаласында қандай кесене орналасқан? — 2003 жылы ЮНЕСКО -ға қандай кесене енгізілді? — Тарихи көне қалаларды ажыратады; С тобындағы оқушылар: — Жуантөбе, Күлтөбе, Сидақ , Сауран , Отырар қалалары қандай қалалар? — Қазақ халқы неліктен «Түркістан» қаласын «Екінші Мекке», — деп атаған? — «Кие»- деген сөздің мағынасын түсінеді;
Бағалау критерийі: — ғылыми стильде жазылған мақаланың өзектілігін анықтайды. Дескриптор: — сұрақтар жауап береді; — өзектілігіне дәлелдер ұсынады; — көтерілген мәселеге пікір айтады.
ҚБ: «Бас бармақ » әдісімен өзара бағалау.
ЖЖ. «Т кестесі» әдісі. Мәтіннің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықта.
Тапсырма арқылы саралау: А тобындағы оқушылар: жанрлық ерекшелігін анықта, дәлелдер келтір. В тобындағы оқушылар: мақалаға тән тілдік ерекшелігін анықта. Дәлелдер келтіріп, жанрын сипатта. С тобындағы оқушылар. Мақаланың жанрлық және тілдік ерекшелігін мысалдар арқылы дәлелде. Бағалау критерийі: -мәтіннің тілдік және жанрлық ерекшелігін талдайды. Дескриптор: -тілдік ерекшелікті анықтайды; -жанрлық ерекшелікті ажыратады; — дәлелдер ұсынады. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы өз-өздерін бағалау;
Жазылым тапсырмасы: Ж/жеке жұмыс. «Адасқан сөздер» әдісі. 2- тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөздерді дұрыс орналастырып жаз. Керекті сөздер: Екінші Мекке, Күлтөбе, Сидақ, Сауран, Қарашаш ана, Арыстанбаб. 1. … ежелгі елді мекендер. 2. … кесенесі осы аймақта. 3. … кесенесінің жанында шипалы, тұзды, сулы құдық бар. 4. Қазақтар Түркістан қаласын «…» -деп атайды. Бағалау критерийі: — жазба жұмыстарында бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазады, тыныс белгілерін дұрыс қолданады. Дескриптор: — күрделі, құрама атауларды тиісті орнына қояды; — сөйлемнің орын тәртібін түсіндіреді; — тыныс белгісін орынды қолданады. ҚБ: «Баспалдақ жетістігі» сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс жасау арқылы бағалау.
Оқушылар рефлексиясы: «Табыс сатысы» әдісі арқылы оқушылар стикерге өз ойларын жазып тақтаға іліп кетеді. Нені білді, нені үйренді? Не әлі де түсініксіз? Қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет? Мүмкін болса, оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмыстарын бағалай алады? Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы арқылы саралау: А тобындағы оқушылар. «Қазақстандағы киелі орындар» мәтіні бойынша сұрақтар құрастыр. В тобындағы оқушылар: Мәтіндегі күрделі, құрама атауларға сөйлемдер құрастыр. С тобындағы оқушылар. «Көне қалалар» тақырыбына қосымша ақпараттар жинақтап әкел. |
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы 9-сынып 2-бөлім «Көкжиек-Горизонт» баспасы 2018жыл. 125-127бет.
Слайд көрсетілімі.
Қазақстандағы киелі орынның бірі — Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы 9-сынып 2-бөлім «Көкжиек-Горизонт» баспасы 2018жыл. 128-129 бет.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» 9 — сынып оқулығы Авторы : Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А,Қ.Рауандина, Қ.С.Жайлаубаева. «Көкжиек- Горизонт» баспасы 128-129бет.
|
||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. |
||||||||||||||||||||||
Диалог/сұрақтар арқылы саралау. А тобындағы оқушылар: — «Кие» — деген қандай ұғым? — Тарихи ескерткіштің басым бөлігі қайда орналасқан? В тобындағы оқушылар: — Түркістан қаласында қандай кесене орналасқан? — 2003 жылы ЮНЕСКО -ға қандай кесене енгізілді? тарихи көне қалаларды ажыратады; С тобындағы оқушылар: — Жуантөбе, Күлтөбе, Сидақ , Сауран , Отырар қалалары қандай қалалар? — Қазақ халқы неліктен «Түркістан» қаласын екінші мекке деп атаған? — «Кие»- деген сөздің мағынасын түсінеді; Тапсырма арқылы саралау: А тобындағы оқушылар: жанрлық ерекшелігін анықта, дәлелдер келтір. В тобындағы оқушылар: мақала тән тілдік ерекшелігін анықта. Дәлелдер келтіріп, жанрын сипатта С тобындағы оқушылар. Мақаланың жанрлық және тілдік ерекшелігін мысалдар арқылы дәлелде. Үй тапсырмасы арқылы саралау: А тобындағы оқушылар. «Қазақстандағы киелі орындар» мәтіні бойынша сұрақтар құрастыр. В тобындағы оқушылар: Мәтіндегі күрделі, құрама атауларға сөйлемдер құрастыр. С тобындағы оқушылар. «Көне қалалар» тақырыбына қосымша ақпараттар жинақтап әкел |
Бағалау критерийлеріне негізделген тапсырма дескрипторлары бойынша оқушыларды бағалау кезінде «Бас бармақ бағамдары», «Бағдаршам», «Жетістік баспалдағы» , «Табыс сатысы» қалыптастырушы бағалау әдістері қолданылады. |
Денсаулық сақтау технологиясы, сабақтағы сергіту сәтінде «Ыстық алақан» белсенді қимыл жаттығулары түрлерімен жүзеге асады. АКТ-ны қолданған кезде қауіпсіздік техникасының ережелері сақталады. |
||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?
|
||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?
|