Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі КММ.
Мұғалімі: Күлжамила Жандарбекқызы Жандарбек.
Сыныбы: 2 сынып
Тақырыбы: Мектеп – біздің ортақ үйіміз
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: тілалғыш болу, батылдық , мұғалімдерді сыйлау
Мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды тілалғыш болуға үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды мұғалімдерді сыйлауға тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://kopilkaurokov.ru 3.https://www.zharar.com/kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену». |
|
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №7 – сабақ. «Менің мектебім» тақырыбына шағын әңгіме жазу. 2. Келесі сабақ. №8, Михаил Водопьяновтың «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Леваға жақсылық жасауға сыныптастарын неитермеледі? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызу, мағынасын ашу, дәптерге жаздырту) Өмірдің өзі – ұлы ұстаз. Халық даналығы Сұрақтар: 1. Ұстаз қандай болу керек? 2. Ұстамы жақсы дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Шәкірт ұстазынан озады дегенді қалай түсінесің?
4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Табылған ақыл М. Құрманалин Бауыржан ойда жоқта үш теңге тауып алды. Біреуден түсіп қалған болу керек – жолда жатыр. Төңірекке қарап еді, көз жетер жерде ешкім көрінбеді. Енді кайтпек? Біреудің еңбекпен тапқан ақшасы бұл, оны иемдену адалдыққа жатпайды. Иесіне берер еді, оны кайдан таппақ?.. Милицияға апарып тапсырса ше? Бірақ, үш теңге жоғалттым деп милицияға кім барады? Бұл да қисынға келмейді. Бауыржан ойға калды. Бәлкім, анасына берер? Ол тауып алдым деген сөзіңе сенсе жақсы. Басқаша ойлауы да мүмкін ғой. Ағасына берсе кайтеді? Бірақ ол кеше әкемнен қармақ сатып алуға ақша сұрап жүрген. Әкем: «алдымен суда жүзіп үйрен, кармақты содан кейін сатып аларсың» деді. Сондықтан бұл ақшаны оған да беруге болмайды… Айтпақшы, кішкентай қарындасына сыйласа ше? Бауыржан бұл ойынан да тез айныды. Өйткені қарындасы балмұздақ сатып алуға құмар. Балмұздақ жеп тамағы ауыруы мүмкін ғой… Бауыржан жақын жолдасы Сақтағанмен ақылдасқысы келді. Бірақбұған да батылыбармады. Ол «ақшаныңжартысынмағанбердесеқайтем? Тіптіүштеңгетауыпалдықдепжұртқажаюыықтимал…» Бауыржанәріойланды, беріойланды. Қолындағыүштеңгеден құтылудыңамалынтаппайқиналды. Ақшатауыпалуданақыл табу қиынекен. Осындай ой құшағында келе жатып ол кітапхана үйіне таяп қалғанын байқады. Кеше ғана келіп кітап алған. Бауыржан тоқтай қалды: «Әй, мына ақшаға дүкеннен бір қызық кітап сатып алып, кітапханаға тарту етсем қайтеді?!» Бауыржан қуанып кетті: «Ол кітапты басқалармен бірге үш теңгесін жоғалтқан адам да алып оқуы мүмкін-ау! Міне, табылған ақыл!». Бауыржан иығынан ауыр жүк түскендей, бойы жеңілдеп, кітап дүкеніне бұрылды. Сұрақтар: 1. Әңгімеде қандай жағдаят суреттелген? 2. Бауыржанның бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер басым деп ойлайсыңдар? 3. Бауыржан қандай дұрыс әрекет жасады? 4. Өз өмірлеріңде осындай жағдайлар болды ма? Әңгімелеп беріңдер. |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 – топ: «Достық»; 2 – топ: «Бауырмалдық»; 3 – топ: «Жолдастық» Тапсырма: 1 топқа тапсырма: Мектептегі достық, жолдастық ережесін жасау. 2топқа тапсырма: Ұстаз, мектеп туралы мақал айту. 3топқа тапсырма: Мектептің, оқулықтың суретін салу. |
|
6. Топпен ән айту. Ақылшым – мұғалім |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №8 – сабақ. «Таза мектеп ауласы» акциясының жоспарын жасау. 2. Келесі сабақ. №9, Василий Сухомлинский«Жүре алмайтын бала» әңгімесін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Мұғалім: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|