Бұйым дайындау. Бұйымды пішу 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №185 «ЖББМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Калиева Рая Нусипбаевна

Сынып: 6-сынып (қыздар)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Бұйым дайындау. Бұйымды пішу. 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1

Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана  отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.

 

6.2.6.2

Қол, электрлі  құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру.

 

Сабақ мақсаттары

—          Алжапқыш бөліктерін пішу;

—          Жапсырма қалтаны қол тігістерін қолданып өңдеу;

—          Пішу мен қол тігісін орындау барысында техника қауіпсіздігін ұстану;

Бағалау критерийлері

—          Мата бетінде лекалдарды дұрыс орналастырады;

—          Қосымша беріп, піше алады;

—          Мата шығынын есептей алады;

—          Техника қауіпсіздігін ұстанады.

Тілдік  мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бұйым – изделие — product

Киіп көру – примерка – fitting

Қол тігістері – ручные швы – hand welds

Жапсырма қалта – накладные карманы – patch pockets

 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мата шығыны аз болу үшін …

Матада лекалдарды орналастыруда … сақтау қажет.

Менің үлгіме … мата шығын болады.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта балалардың бойына еңбек, шығармашылық құндылықтарын дарыту: тігу, пішу, өңдеу жұмыстары арқылыжүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Сызу-матаға сызғышты пайдаланып үлгіні түсіру.

Математика – есеп жүргізу,

Геометрия – бұйым бөлшектерін мата бетінде дұрыс әрі сыйымды орналастыру

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпаратты іздеу,өңдеу.Жұмыс барысында қолдану

Бастапқы білім

 

Оқушыларда бастапқыдан матада лекалдарды орналастыру, пішу дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басы

2 мин

 

 

5 мин

 

 

 

 

3 мин

Сабақты ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.Түгендеу.Ынтымақтастық ахуал орнату.Шеңберге тұрып,оқушылар бір біріне жақсы тілек жылы лебіздерін білдіреді

Үй жұмысын тексеру: «Автор орындығы»әдісі бойынша оқушының үйде жазған мәліметтерін орындықа отырып оқиды

Топқа бөлу Алжапқыш түрлерінің суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді

Ой шақыру Оқушылар алжапқыш суреттеріне постер қорғайды.Топбасшы бағалау парағына белгілеп отырады

Сабақ басында оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап алу.Жұмбақ жасыру арқылы тақырыпты ашу

 

 

 

 

 

Орындық

 

 

Карточкалар,бағалау парағы

Сабақтың ортасы 

25мин

 

Алжапқышты пішу туралы бейнеролик көрсету

Бұйымды тікпес бұрын мата таңдап алу қажет.Қауіпсіздік техникасын еске түсіру

 

Матаны пішуге дайындау.

 

Оқушыларға столдың бетінде жатқан матаның өңі мен теріс бетін, бойлық жіп бағытын, суретінің ерекшелігін және т.б. анықтауды ұсыну.

 

(К) Матаға бөлшек пішімін дұрыс орналастыру реттілігін көрсету. Бойлық жіп бағыты ескеріле отырып, алдымен үлкен бөлшек, төменгі бөлігі немесе негізгі бөлшек (егер алжапқыш тұтаспішімді болса) және көкірекше, сонан соң арасына майда бөліктері – белдік, аспабау, қалта, әдіп орналастырылады. Оқушыларды мата жайылмалары: екі бүктеу, ашып жаю, аралас тәсілдерімен таныстыру. 

 

Оқушыларға столдың бетінде жатқан матаның өңі мен бетін ,бойлық жіп бағытын,суретінің ерекшелігін және т.б. анықтауды ұсыну

 

 

 

 (Ө) тапсырма: алжапқыш пішу.

Оқушыларматағапішімді түйрегішпен түйреп, пішім контурын бормен айналдыра сызады, тігіске қосымша сызық белгілеуді ұмытпайды ескерту.Оқушылар өз бетімен бөлшектерді пішеді. Қалта орнын белгілейді.  

Дескрипторлар:

1.      Матаға үлгілерді орналастырады.

2.      Бормен сызып шығады.

3.      Қалта орнын белгілейді.

4.      Пішеді.

Құралдармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасына ерекше назар аудару.

 

Бөлшектердің орналасуына назар аударуды ескерту. 

Тәжірибелік жұмыс барысында кеңес беріп, түзету енгізіп, қажеттілігіне қарай көмектесу.

 

Кері байланыс:Сұрақ жауап:

Үлгілерді қалай матаға орналастыру қажет?

Алжапқыш пішуде қандай қиындықтар кездесті?

«Галереяға ой шарлау» әдісі

Әр топ жұмысты аяқтаған соң бір-бірінің жұмыстарын қарап шығады

Бағалау:«Еркін микрофон» әдісімен оқушылар бір-бірінің алжапқыштарын түрлі қалта үлгілерін көріп жақсарту бойынша ұсыныстар айтады.Бүгінгі сабақта не үйренгендері мен қандай сұрақтар туындағаны туралы ой бөліседі.Бағалайды

https://www.yotube.com/watchv=LRGAan8zr20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мата, бор/сабын, метрлік таспа, қайшы, инелер, лекалдар

Сабақтың соңы

5 мин

Үй жұмысы Алжапқыштың төменгі бөлігін көктеу тігісімен орындау

Рефлексия Стикерге пікір жазып смайликке ілу

·         Не білемін?

·         Не білдім?

·         Не білгім келеді?

 

жазбаша стикер

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау -оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып тапсырманы қарапайым алжапқыш пішінен күрделіге дейін іріктеу.Бұрынға алған білімдері мен оның ауқымын кеңейтуге және тақырыптарды үйлесімді меңгеруін қолдаймын

 

Оқушылардың алжапқыш бөліктерін матадан пішу, оны біріктіруде өз бетінше жұмысы бойнша бағаланады.Тапсырманы орындау,жаңа сабаққа белсенді қатысуына және сабақты меңгергендігіне байланысты бағалау.Оқушылар бірін-бірі бағалайды

Қайшымен жұмыс істеу, қол тігісін орындауда техника қауіпсіздік ережесін ұстану.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

 

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған

 

 

 

 

Оқушылар толық тапсырманы орындады.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

               

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *