Абай Құнанбаев 1845 жылы, 10 тамызда, дүние келген Абай — ұлы ақын, саяси қайраткер, ағартушы, композитор, аудармашы, философ, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиет тілінің негізін қалаушы. Анасы Ұлжан, әжесі Зере. Абайға бала кезінен аңыз әңгіме, ертегі айтып өсірген. Абай Құнанбаев ол кезде әлі бала болса да, анасымен әжесін бар ынтасын қоя қызығып тыңдап, бойына сіңіріп өскен. Ол сол кезден-ақ поэзияға әуес болып өскен. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, ал аталары бай болыстар болған. Алғаш оқып-жазуды ауыл молдасынан арабша үйренген. Туған жеріне келетін болсақ Семей облысы, Абай ауданы, қазіргі Сырт қасқа бұлақ деген жерде дүниеге келген. Негізі 1845 жылдың 10 тамызы нақты туған күні болып келеді. Азан шақырып қойған аты Ибраһим. Абай 12 жасқа кей дерек көздерінде 10 жасқа толған кезінде әкесі Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Ол медреседе төрт жыл оқығығаннан кейін, әкесі Құнанбай оны медреседен шығарып алып, ел басқаруға үйрете бастаған. Сол уақытта әкесінің маңындағы ел жақсыларымен араласқаны арқылы, халықтың рухани мәдениет жүйесімен танысқан. Жәнеде шешендік өнерге үйренген. Абай өмірінде көп өлеңдер жазған, солардың алғашқыларының бірі әжесіне арналған болатын. Қазірде Абай жазған өлеңдерді тек қазақтар ғана емес, басқада ұлт өкілдері өз тілдеріне аударып орындап жүр. Тағыда айта кететін жайт, Абайдың өмірі жайлы жазылған «Абай жолы» кітабы көп тілдерге аударылған.
Ал, сөз соңында:
Абай ақын, ғұлама ойшыл нақ дана,
Ауыз толып айта алатын мақтана!
Жазылған жыр, айтылған сөз тоқтала.
Атылған мылтық қайта-қайта оқтала.
Абайға енді сөздің пірі деп қара!
Ақнұр Дулатқызы