Эйнштейн скрипкада ойнағанды жақсы көрген екен. Бірақ көп жұрт талантты адамның музыкалық қасиетін білмесе керек. Ол бір жолы Германиядағы қайырымдылық концертіне қатысады. Өз ойынына риза болған оны жергілікті бір журналист суретке түсіріп алады. Және келесі күні Эйнштейн туралы «Ұлы музыкант, теңдесі жоқ скрипка виртуозы» деген мақала жазады. Бұл мақала көпке тарамапты. Бірақ Альберт Эйнштейн сол жазбаны өзіне сақтап, достарына өзінің шын мәнінде ғалым емес, әйгілі скрипкашы екенін айтып мақтанышпен көрсетеді екен.