Мұғалім: Тілекина Ш
Ашық сабақ
Домбыра класы
Мұғалім:Тілекина Шолпан
Оқушы: Алтынбекқызы Тұмар 2- класс
Сабақтың тақырыбы:Т.Камалдинов«Алма ағаштың аясында»
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі: Шығарма және оның авторымен таныстыру.
ә)тәрбиелілігі: Оқушыға халық күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, ізгілікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын
айқын сезіне білетін ұрпақ тәрбиелеу.
б)дамытушылығы:Оқушыға аспапты дұрыс меңгертіп, сол аспапта ойнау шеберлігін арттыру. Шығарманы талдай отырып, нақышына
келтіре орындап, түсініп тарту.
Көрнекілігі: Домбыра аспабы, күйсандық аспабы.
Сабақтың өтілу барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
а)Оқушымен амандасып, сабаққа кіргізу.
ә)Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алып, оқушыны сабаққа дайындау.
б)Аспаптың құлақ күйін келтіріп, оқушыға беріп, дұрыс отырғызу.
- Үй тапсырмасын тексеру.
а)«Ля минор» гаммасын әр түрлі штрихта ойнату.
Гамма дегеніміз рет – ретімен жоғары қарай, төмен қарай тартылатын дыбыс қатары.
Халық күйі «Тепең көк»:Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз көк аты болыпты. Өзі бәйгеге қосқанда алдына қара салмайтын жүйрік екен. Бірақ бір қасиеті, тері шықпаса мүлдем шаба алмайды, ол жақсылып тері шықса қандай жарыс болсада алдын бермейді. Аттың сыры иесіне мәлім демекші, сол елде үлкен ас болып, жан-жақтан небір сәйгүліктер келеді. Аста ат шабыс, жамба ату, балуан күрестері белгіленіп, озғандарына жүлде тағайындалады. Бұл жарысқа әлгі кедейде келеді. Көк тұлпарын жарысқа қосу үшін иесі бәйге басталмас бұрын қанжығасына екі дорба құмды өңгеріп, әрлі-бері желдіртіп, терін шығарып тепеңдетіп келе жатқанда елдегі бір домбырашы көріп, аттың сұлулығына, жүрісіне көңілі толып «шу жануар Тепең көк» деп күй тартыпты. Содан бұл күй ел арасында «Тепең көк» атанып кетіпті. Күйші бұл күйде тепеңдеп келе жатқан аттың шабысын суреттеген.
Халық күйі «Тепең көк» жатқа сұрау.
Қате жерлері болса түзеп және динамикалық белгілерімен қайта тарттыру.
- Өткен сабақты қайталау.
Халықкүйлеріұрпақтан-ұрпаққажеткенімен, шығарғанкүйшілердіңаты- жөніұмытболуынанхалықкүйідепаталған. Ел ішінде он саусағымайысқаншебердомбырашыларкөпболған.Оларөздерініңорындаушылықөнеріментыңдаушыларқұрметінебөленіпотырған. Қазақтыңхалықкүйлеріорындаушылықәдіс-амалдарға,өте бай. Күйшілердомбырағақұдіретбітіріп, нешетүрлідыбысшығарабілген. Халықкүйлеріхалықтыңтұрмыс-салткөріністерінадамныңтағдырын, жалпыөмірдегіболмыстысуреттепбаяндайтынкүй. Халықкүйлеріғасырдан-ғасырғаұласаберетінтұтасмузыкалықтұлға.Музыка өнерініңең бай саласы-күйөмірі.
Ел арасындатарағанхалықкүйлер: «Қоңыр», «Боз жорға», «Кеңес», «Кербезқыз», «Тепенкөк», «Айжанқыз», «Айда былпым», т.б.
Халық күйі «Кеңес» Халық күйлері туралы сұраймын.
Этюд ( фр. Etude- машықтану)- орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Кейбір этюдтер өз алдына дербес шығарма ретінде қабылданады.
А.Жайымов«Этюд» Этюд дегеніміз не? деген сұраққа жауап алу.
- Жаңа сабақты меңгерту.Т.Камалдинов «Алма ағаштың аясында»
Адам күніне бір алма жеп отырса, әртүрлі аурулардың алдын алады. Оның бар дәрумені қабығында, сондықтан қабығын ашпай жеген дұрыс. Тіпті Ұлыбританияда арнайы «Күніне бір алма дәрігерге апаратын жолды жабады» деген мақал да бар. Алманың пайдасы түсіне байланысты. Халық емі бойынша қызыл алма жүрек пен қан тамырларына, жасыл алма тіс пен қызылиекке, ал сары алма иммунитетті күшейтуге көмектеседі. Бір алмада шамамен 70-100 калория болады, сондықтан ол көптеген диеталық тағамдар құрамына кіреді. Ең пайдалысы – кескен кезде тез қарайып кететін алма. Осылай оның сапасын анықтауға болады. Ортасы тез кебетін алма микроэлементтер мен дәрумендерге бай, құрамында зиянды заттар жоқ. Америкалық миллиардер Рокфеллер шағын кәсібін алма сатудан бастаған. Әлемдегі әр екінші ағаш – алма ағашы. Ол жер бетінде барлығы 5 миллион гектарды құрайды. Жер жүзіндегі ең көп таралған жеміс те – алма. Әлемде алманың 20 000-нан астам сорты бар.
Парсы елдерінде алма туралы аңыз бар. Егер бір арман ойлап, артынша күн сайын үрлеп қырық алманы жесең, арманыңа жетесің. Егер алманы суға салсаңыз, ол батпайды. Себебі төрттен бір бөлігі ауадан тұрады.
а) Оқушыға жаңа сабақ, яғни шығарма туралы, оның авторы туралы түсінік беру.
Т.Камалдиновшығармалары: «Алма ағаштың аясында» шығармасы , симфониялық оркестрге арналған сюитасы, орыс халық аспаптар оркестріне арналған «Сюита — фантазия» атты шығармасы, «Зеленая роща» тақырыбында сюитасы, «Концертная фантазия» атты шығармалары бар.
ә) Шығарманы жай екпінде өзім ойнап көрсетемін
б) Шығарманың тональдігін тауып, қағыстарын қойып, саусақтарын белгілеп,
өлшемін көрсетіп беру.
в) Шығарманы оқушымен қосылып талдау, түсінбеген жері болса қайталап көрсетіп
отыру. Күйсандықпен қосып санап тарттыру.
- Қорытынды.
Сұраққа жауап алу.
1.Бүгінгі өткен шығарманың авторы кім?
2.Шығарманың аты?
3.Қандай екпінде орындалу керек?
4.Қандай өлшемде берілген?
5.Қандай ұзақтықтар кездеседі?
«Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?» кесте толтыру.
Не білемін? |
Не білдім? |
Не білгім келеді? |
|
|
|
- Үйге тапсырма беру.
Т.Камалдинов«Алма ағаштың аясында» шығармасының 1-ші бөлімін жай екпінде жаттап келу.
Өткен тапсырмаларды үнемі қайталап отыру.
- Бағалау. Оқушының үй тапсырмасын қалай орындағаны, өткен сабақтарды
білетіндігін және де жаңа сабақты қалай талдай алғанына қарай бағалаймын.