Тәуелсіздік – тұғыры биіктер

ҰОҚ конспект

13 күні 12 желтоқсан  айы  2019 ж

Тәрбиеші: Хужаева .У.Б.

Білім беру саласы : «Коммуникация», «Шығармашылық»

Бөлімі :Мерекелік іс-шара

Тақырыбы: Тәуелсіздік – тұғыры биіктер

Мақсаты:

  1. Білімділік:Балалардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, қандай мереке екенін сезіну, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру;
  2. Дамытушылық: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту;
  3. Тәрбиелік:Өз республикасын танып – білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:Отан-Родина- Motherland

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық/

 

Залға әуенмен кіреді.Үш тілде амандасады.

 

 

Тәрбиеші:Армысыздар, құрметті қонақтар, әріптестер, балалар!

Бүгінгі «Тәуелсіздік – тұғыры биіктер»

Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміздің ертеңгілігін ән ұранмен ашамыз.

Аян:
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны

 

Әнұран айтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, бірге тойлайық!

1991-жылы Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді.

Ең бірінші Тәуелсіздік  туралы ән айтып алсақ.

Тәрбеші:

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.
Алақай-ау, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғалық, балақан!

Келесі кезекті әнге берейік.

Ән: «Жас дәуірдің гүліміз!»

 

 

 

Ұйымдастыру –

іздестіру

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

Балалар елбасымыз кім?

Қай жерде жұмыс атқарады?

Тағы да Астанамызда ерекше көзге көрінетін қандай ғимарат бар?

Балалар тәуеліздік алғаннан бері біздің өз рәміздеріміз бар.

Қандай рәміздер атап көрейік.

Ту, елтаңба, әнұран

Ту туралы кім тақпақ айтып береді екен.

 

 

Ақниет:

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.

Айбибі

Ақ ниетті – алтын күн
Асқақ арман – қыраны
Жалауы бұл — халқымның
Мәртебесі, мақтаны

Елтаңба жайлы кім біледі?

Айкөркем

Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен
 Билігім өз қолымда
Еркіндігім – Елтаңбам

Әнұран жайлы кім айта алады?

Балым:

Ән ұранын жаттаған,
Елтаңбасын сақтаған.
Ынтымақ пен бірліктің,
Таусылмайтын жырымын.

Балалар кәнекей «Тәуелсіздік» сөзін үш тілде айтып көреміз бе?

Біздің балалар үш тілде де айта алады

Қостілдік компонент: Қостілділік компонент:Отан-Родина- Motherland

Тәрбиеші:

Биле,бала, биле, биле сен.
Көрермендеркөңіл-күйінкөтер сен.
27жылдықтойынтойлапбаршамыз,
Дүрсілкіндірсахнамыздыңтөрін сен,
Келесікезектібигебереміз

Би топпен:«Алға Қазақстан»

 

Тәрбиеші:жарайсыңдар балалар.Отанымызға арнап тағы да

тақпақтар кім айтады?

 

Нұрғиса

Қуат  алған  өзінен,
Туған елдің  ұлымын.

 Бақытты  етіп  өсірген

Отанымның  гүлімін.

Айзару

Елтаңбасы елімнің

 Неткен  әйбат, әдемі!

Тұнығындай  көңілдің,
  Ортада- аспан  әлемі.

Анель

Ән ұранын жаттаған,
Елтаңбасын сақтаған.
Ынтымақ пен бірліктің,
Таусылмайтын жырымын.

Мұхаммед:

Тәуелсіздік — тірегім, 
Тәуелсіздік — жүрегім.
Ата-бабамды аңсатқан. 
Тәуелсіздік сен едің!

Айзере

  Қазақ  рухын  биіктет,
 Бас қалам- АСТАНАМ 

Қорытынды:

 Тәрбиеші:Балалар кішкене видеоға назар аударайық!

Видео:Тәуелсіздік

Тәрбиеші: Өте  жақсы осы бейне фильмнен біраз нәрсе түсінген болармыз.

Ән:Тәуелсіз елдің түлегіміз.

Рефлексивті –

түзетушілік

Бүгінгі күн қандай керемет!

 Барлығымыздың көңілдеріміз көтеріліп, қуанышқа кенелдік. Құрметті әріптестер, қонақтар, балалар бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Елімізаман, жұртымыз тыныш, көк туымыз көк аспанда мәңгілік желбірей берсін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№12 « Гүлдер» бөбекжай балабақшасы КМҚК

 

 

 

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік – тұғыры биіктер»

 

 

 

 

 

 

   Әзірлеген: 2 кіші «Бауырсақ»тобының тәрбиешісі:Хужаева.У.Б

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *