ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ

Сарина Назигуль Уразгалиевна — тарих пәні мұғалімі

Семей қаласы, №47 орта мектеп

 

Халқымыздың ежелден бері қалыптасып, ғасырлар бойы сақталудағы дәстүрлі мәдениеті заманның ағымына қарай өзгеріске ұшырап, ерекшеліктерге ие болғанымен, желісін үзбей  жалғасын тауып келеді. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық мәдениетіне  қайта оралудың маңызы туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз ойын былайша  білдіреді: «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге – дәстүрлерлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мәдени дәстүрлер қашан да әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің ұлттық тарихи-мәдени тамырларына қайта оралу – бұл, әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, қарым-қатынасты, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Біз барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, қоғамның ендігі жерде халықтың рухани түлеуіне, оның мәдениетін көтеруге, тарихын және мұрасын қалпына келтіруге, оны өркениет дамуынан кенже қалдырмауға ұмтылып отырмыз. Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезімін дарытудың жолы».

     Ұлттық дәстүрді сақтай білу, құрметтеу – ұрпақтардың өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі, иманды тірлігінің ұятына сенуі. «Қай халық болса да өз тарихын, төл дәстүр-салтын, ауыз әдебиетін, тілін қастерлейтіндігі» туралы академик М.Қозыбаев та жазып кеткен.

Зерттеудің алдына қойған мақсаты мен міндеттері: Зерттеулер мен деректер негізінде ұлттық мәдениеттегі мемлекеттік саясат жағдайында орын алған үдерістерге ғылыми талдау жасау мақсаты қойылды.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:

— Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің мәні-мағынасын ашу;

— Ұлттық-дәстүрлі мәдениеттің өзгеріске ұшырау кезеңдеріне шолу жасау;

— дәстүрлі мәдениеттің қайта жаңғыруы және оның жүзеге асырылу тарихын баяндау; қорытындыларына баға беру.

Халық өзінің ұлттық мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлеуі қажет. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымыз. Ұлттық дәстүрлі мәдениет-адамзат құндылықтарымен үндесіп жатады. Ұлттық мәдениет- белгілі бір рухани байла-ныстың адамгершілік үлгілерінің жиынтығы. Ұлттық мәдениетті жасаушы- ең алдымен сол ұлттың өкілдері, ұлттық мәдениетті өз бойында сақтаушы да, оның насихаттаушысы да, кейінгі ұрпаққа асыл мұра етіп жеткізушілер де сол ұлттың нақты өкілдері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті — тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс

         Мәдениет- біртұтас нәрсе. Оның біртұтастығының көрінетін жері сол- бөлінбейтін, бөлшектенбейтін адам тұлғасын жасайды. Дегенмен, барлық біртұтас нәрселердің құралатын бөліктері болатыны сияқты, мәдениеттің де ішкі тармақтары немесе жүйелері бар.

         Мәдениеттің бір жүйесі – оның қоғамның әлеуметтік зердесі болып қалыптасуында. Мәдениет қорында бізден бұрынғы жасап кеткен ұрпақтардың барлық материалдық және рухани тәжірибесі жинақталып шоғырланған. Міне, осы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға өтіп келе жатқан өшпес те өлмес тәжірибе қоғамның әлеуметтік зердесі болып табылады. Мәдениет мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибенің інжу-маржандары, оны тереңдеп қаза берсең, жан-жақты түсіне білсең көп нәрсеге жауап алуға болады. Сол арқылы адамзат тарихында не болғанын түсінеміз, білеміз.

Халықтың дәстүрлі мәдениеті адамдардың терең дүниесінен туады, мәселен, жоқтау арқылы да адам мұңының қаншалықты терең екенін түсінуге болады. Басында айтылғандай, мәдениет – адамның іс-әрекеті арқасында пайда болады, дамиды. Олай болса мәдениеттің түрлерге бөлінуі адамның іс-әрекетінің түрлеріне байланысты. Адамның іс-әрекеті үлкен екі саладан тұрады. Біріншісі- материалдық іс-әрекет, одан материалдық мәдениет қалып тасады. Екінші түрі- рухани іс-әрекет. Ол рухани қазынаны немесе рухани мәдениетті жасайды. Олай болса мәдениеттің екі үлкен түрі бар екен- рухани және материалдық.

 Көптеген ғалымдардың еңбектерімен, сөздіктерімен танысып дәстүр ұғымына берілген анықтамаларды қарастырсақ, «дәстүр» — әдетке сіңген салт-дәстүр, ғұрып, мирас. Дәстүр, «берілу» немесе «қалдыру», «мұра» деген ұғымды білдіреді екен.

         Қазір біраз жұрт Наурыз мейрамы басталғалы бері «Наурыз парсы тілінде жаңа күн» деген ұғымды білдірсе, «бұл өзі бізге парсыдан, шығыстан келген мейрам екен ғой» дейді. Біздің ойымызша XVIII ғ. басында қазақтар жоңғардан шегініп, ата-жұртын тастап, Бұхара, Самарқанға, Жиделібайсынға барып, енді ел-жұрт азат болып тарихи қоныстарына қайта келгенде «Наурыз» сөзін ала келген. Бұған дейін халқымыз бұл мейрамды «Ұлыс», «Ұлыстың ұлы күні» деп, соңынан «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» деп айтатын болған.

             Мұсылмандар үшін демалыс саналатын жұма күні де өзінің мерекелік мән- мағынасын жоғалтқандай болды. Дінге нанушылардың шағындау топтары ғана жұма намаз оқылатын мешітке барып тұратын. Кейбір топтар үшін мұсылманша жұма- «қасиетті», сәтті күн деген ұғым сақталып қалды. 1990 жылдың орта тұсынан бастап, исламдық кейбір тұрмыстық қағидалар қайтадан қазақтардың өміріне берік орныға бастады. Ораза айт пен құрбан айт кеңінен атап өтілетін болды; оразаны қартаң адамдар ғана емес, орта және кіші ұрпақ өкілдері де емін-еркін ұстай бастады. Бұл тұста, біздің ойымызша, жастардың мұндай таңдауы мен ойлы қадамдарына діни емес ұлттық бейтараптыққа ұмтылыс, өздерін еш нәрсеге, соның ішінде батыстық жастар мұратына тәуелсізбіз деген сенім себеп болса керек .

           Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Демек, салт-дәстүрлі ел мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына  ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйым- мен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Мәдениет- қоғамның сапалық ахуалының неғұрлым жалпы көрсеткіші және сондай-ақ, адамның рухани- құндылықтық дамуының өлшемі. Егер мәдениет құлдыраса тұлға кері кетіп төмендейді, қоғам ыдырайды. Мәдениеттің күйреуі — тарихтың шөлді суларында еріген тұз секілді мыңдаған тайпалар мен халықтардың жойылуының себебі де. 

         Өз тарихын, рухани мұраларын, ұлттық құндылықтарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін келесі ұрпаққа таныту — ұлттың өзін-өзі сақтау инстинкті. Әсіресе тарихи сананы қалыптастырудың орны ерекше. Өйткені өткенімізді толық білмей, келешекке нық қадам басуға болмайды. Стратегиялық міндет- тіл, дін, діл тұтастығы. Осы үш ерекшелікті басқа ұлт өкілдерінің ұйытқысы ретінде қолдану арқылы ынтымақтастықты дамыта отырып, рухани өмірдегі жаһандану салдарынан қорғануға, жалпы мемлекеттік  сүйіспеншілікке жетелеу.

  Біздің соңымыздан қалмай келе жатқан тағы бір жаман әдет бар- қазақ тілін жақтаушыларды заманнан артта қалған, Қазақстанның қазіргі көпұлттық бейнесін түсінуге қабілетсіз біреулерге балаушылық. Оларға айтарымыз- барша қоғам мүшелері сияқты біз де қазақ қауымының бірнеше тіл білуіне қарсы емеспіз, дүние жүзіне танымал тұлғалар тілін үйрену қажеттігін жақтаймыз. Дегенмен басқа тілді білгенде Абай мен Махамбеттің, Жамбыл мен Мұхтардың тілінің өзінің тарихи Отанында есіктен сығалып қалуына қарсымыз.

Өзінің ана тілін терең меңгерген адам ғана өзге  тілдердің өміршеңдігін бағалай алмақ. Қазіргі шақта қазақ теледидарының тілі әсіреқызыл бос сөздерден, жалпы -ламалықтан біршама арылып, табиғилана бастады, дегенмен ана тіліміздегі дайындалған хабарларда тілдік түйткілдер әлі де жетерлік. Бірер ғана мысал.

          Cөздің тоқ етері, қазақ тілінің алдағы тағдыры ол күнкөріс-кеңсе тіліне, яғни іс қағаздарын жүргізу тіліне айнала ала ма, жоқ па деген басты мәселеге келіп тіреледі. Ана тіліміз республика көлемінде шын мәнінде кеңсе тіліне айналған күнде ғана халықтың ынтасы оған өз-өзінен аумақ, олай болмаған жағдайда Конституцияға кіргізіп, сөз жүзінде мемлекеттік тіл деп қанша әспеттегенімізбен, ол қоғамға керексіз, нан тауып жеуге жарамайтын, құр әншейін тұрмыстық, асүйлік тіл болып қала береді. Ондай жағдайда балаларын қазақ мектептерінен орыс, ағылшын, түрік тілінде оқытатын мектептерге ауыстырып жатқан ата-аналардың саны жылдан-жылға көбейе түседі  де, қайран ата-баба тілі бодандық тұсындағы кейпін қайта киеді.

Тіл мәдениетінің бір саласы- сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану, сөйлеу мәдениеті теледидардағы сөйлеушінің мәдениеті немесе өнер адамының ресми ортада- кездесу, маслихат не мәжіліс кезінде, көпшілік ортадағы мәдени дәрежесін көтеру ғана емес, жалпы халықтың сөйлеу мәдениетін жаппай насихаттап, ұсынымын бекіту.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ, мемлекеттік мәдениет саясатынды ұлттық құндылықтарды, бүкіл мәдени мұраларды сақтап қалуға және қайта жаңғыртуға баса назар аударылуы кездейсоқ нәрсе емес. Мәдениеттің ұлттық тамырларына қайта оралу үдерісі арқасында Қазақстанда ұлттық тілді, дәстүрлі мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр.   

«Қазіргі жаһандану жағдайындағы ұлттық мәдениет және қазақ тілінің мәселесі» атты зерттеу әдісінің әлеуметтік мониторингісі

      Респонденттердің қатысуымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама бойынша қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық мәдени мұраны сақталу деңгейін анықтадық. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған әлеуметтік сауалнама материалдары осыған дәлел.

1-кесте. Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық мәдени мұраны сақтап жүрміз ба? (%)

Қазіргіжаһанданужағдайындаұлттықмәденимұранысақтапжүрміз ба?

1

Кейде

6,6

2

Иә

33,3

3

Жоқ

60

1-кестеде «Қазіргіжаһанданужағдайындаұлттықмәденимұранысақтапжүрміз ба?» дегенәлеуметтіксауалнаманыңсұрағынаберілгенреспонденттердіңжауаптарыпайыздықмәндеріменберілген.

         Респонденттердің 60%-ы жоқдепжауапберген. Бұданбайқағанымыздайқоғамдаұлттықмәденимұраны жете түсінбеген. Оны сақтауғажұмыстаржүргізілмегенніңбірдәлелі осы. Тақырыпауқымындажұмысжүргізудіқажететеді.

          Қазақ жастары көп кедергілерге кездессе де, оқу-білімге деген ынталары жоғары болды, бірақ қазақ тіліндегі оқулықтардың жетіспеуі салдарынан мамандық таңдауда көп қиыншылықтарға тап болып отырды. Қазір де ана тілінде оқытатын мектептер өте аздық етеді, сондықтан болашақта қандастарымыздың болашағы үшін қолдан келген көмекті аямау қажет деп есептейміз;

Қазақстандық мәдени үдерісте халықтық рухани құндылықтар шарттарын жүзеге асыру, қамтамасыз етуде келесі мәселелерді ұсынамыз:

  — әлеуметтік-ұлттық саясат принцптерін нығайтып, аймақтардағы халықтың дәстүрлі рухани мәдениетінің өмір сүру деңгейін көтеруде, тиімді жергілікті бағдарламаларды көбейту.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Ататек, -1998. -412 б.
  2. Қозыбаев М. Ұлттар мен өркениет. Алматы: Атамұра, 2004. -520 б.
  3. Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. – Алматы: Ғылым, 2000. — Т.1. — 420 с.
  4. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану./Оқуқұралы. -Алматы: Эверо, — 2004. -272 б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *