Топырақ−тіршілік негізі.Құнарлы топырақ мал мен ауыл шаруашылығының дамуына және жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігіне оразан зор әсер етеді.Топырақ−түзілу процесінің жиынтығы.Ол бір уақытта құрлықтың пайда болуымен басталып,қазіргі кезге дейін барлық жерде үздіксіз жүріп жатыр.Топырақтың түзілу процесінің алғашқы сатысы табиғаттағы органикалық емес күштермен іске асады,олар−күн сәулесі,атмосфералық ауа мен су.Топырақты мекендейтін организмдер топырақтың қалыптасуында жетекші рөл атқарады.
Топырақта жануарлардың таралуы әртүрлі.Әр топтың өз биологиялық ерекшелігі,сыртқы факторларға реакция формасы және таралу сипаты болады.Осыған байланысты әртүрлі аймақтағы топырақ фаунасының құрамы түрліше болады.Соған қарамастан барлық аудандарда кездесетін топырақ фаунасының орталықтоптарыболады.Мысалы,буылтық және жұмыр құрттар,буынаяқтылар және қарапайымдылар топтары бар.Экологиялық тұрғыдан топырақ фаунасы микрофауналар және мезофауналар болып бөлінеді. Соның ішінде жауынқұрты мезофаунаға жатады.Жауын құрты топырақтың тұрақты тұрғыны болып саналады.Олардың сандық мөлшері өзгергіш болып келеді,қолайлы жағдайда 1м² топырақта 900-1000-ға дейін жауын құрты тіршілік етеді.Тірі ағзалар мен тіршілік ету ортасының арасындағы мәселенің екі жағы болады.
Жауын құрты-тіршілік ететін ортаның,яғни топырақтың жауын құртының әсерінен қалай өзгеретіндігі және агрономия саласындағы маңызымен қатар биологиялық қызығушылық тудырады.Топырақ түзілу процесін толық және жете түсіну,бұл үрдіс барысындағы жауын құрттарының маңызын,яғни олардың топырақ түзуге қосатын үлесін дұрыс бағалау үшін топыраққа қатысты басқа өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттерін ескеру қажет және топырақ түзілудің басқа да факторларын қарастырып өткен дұрыс болады.
Жауын құрттары өсімдік қалдықтарын және басқа да органикалық заттарды (қи,ағаш қабығы,өнеркәсіп қалдықтары) өңдеп,топырақта гумустың түзілуін қолдайды.Сонымен қатар,топырақтың механикалық құрамы жақсарады,зиянды организмдер азаяды.Бір тәулікте 1миллион жауын құрты 500кг қалдықты өткізіп,оны организмдерге пайдалы қорек заттары бар,ферменттері мол құнды тыңайтқышқа айналдырады. Мал қиын өңдеп,топырақты пайдалы органикалық қышқылдармен қанықтырады.Бұл органикалық тыңайтқыштар өсімдіктің қоректік режимін жақсартады,топырақтың су ұстағыштық қасиетін жоғарылатады. Жауын құрты ішегінен өткен топырақта өсімдікке қажетті қорек элементтері ұлаяды.Тау беткейлерінде эрозия қаупіне жиі ұшырайтын топырақ түйірлері қалыптасады.Жауын құрттар топырақты қопсытады,ауамен жанасатын ауданын 5-10есеге ұлғайтады.
Жауын құрттардың жолы олардың бөлінетін шырышпен бекиді және жауын-шашынның суларын өткізу үшін ұзақ уақыт құрылыс жолы ретінле сақталады.Жауын құрттар топырақты қопсытып,органикалық материалдарды,тыңайтқыштарды тасымалдайды.Жаз бойы 100 құрттан тұратын популяция 1м² топырақта 1 км жол салады,оны су және ауа өтетін борпылдақ күйге айналдырады.Бір тәулікте 1құрт ішегінен өзінің салмағына тең топырақты өткізетіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденген.Басқа жануарлардың іс-әрекетін және агромелиоративті әдістерді жауын құртының әрекетіменн салыстыруға болмайды.Олар жылма-жыл өсімдіктер мен жануарлардың органикалық биомассасын өңдеп,жердегі барлық тіршілік иелеріне қолайлы жағдай туғызады.Шұбалшаң неғұрлым топырақтың арасымен көбірек жүріп өтсе,соғұрлым топырақ құрамына ауа және судың өтуіне қолайлы жағдай жасайды. Жауын құрттар топырақ құрамына ауаның өтуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Жауын құрты қоныстанған топырақ құрамына назар аударатын болсақ,олар жүріп өткен жолдың көптігін қарапайым көзбен байқауға болады.Мысалы,бір жауын құртының топырақтағы жұмысын бақылауға алып,арнайы дайындалған шыны қабырғалар арқылы топырақ арасындағы құрттың іс-әрекетін бақылау барысында байқағанымыз:
-бастапқыда жауын құрты топырақ қабатына еніп кетіп,топырақтан басқа жол жасап,жер бетіне қайта шықты;
-келесі күн топырақ қабатына ену үшін көлденең,яғни горизонталь жүріс қайтады,біраздан соң топырақ бетіне қайта шықты;
-одан әрі қарай жауын құртты топырақ арасымен қозғалу үшін бұрынғы қазған жолдарын пайдаланды,сонымен қатар жаңа жолдарды қазды,21 күн өткеннен кейін бұрыннан қалып қойған,көміп тастаған және жүріп өткен жолдарының және көкжиектің кез келген бұрышы арқылы әртүрлы бағытта жасаған жолдарынан күрделі жол жүйесі пайда болады.Жауын құртының жүріп өткен жолымен топырақтың терең қабатына ауа барып,топырақтағы өсімдіктердің тамыр жүйесіне су мен ауаның жетуіне ықпал жасайды.
Жауын құрты жүріп өткен жолдың қабырғаларына және сол жермен шекаралас жа микробтар мен басқа да топырақта тіршілік ететін микроорганизмдер қоныстанады.Жауын құртының топырақ арасындағы жолы топырақтың терең қабатында тіршіліктің пайда болуына жол ашады.Жауын құртының топырақтың құрылымы және химиялық құрамына,ауа өткізуіне және су сіңіруіне әсері зор.Сонымен жауын құрттаары топырақ түзілудің ең маңызды факторы болып табылады.Жауын құртсыз құрлық бетінде диқаншылар «жақсы жер» деп атайтын әрі қазіргі біз бақылап жүрген топырақ болмас еді.
Егер бақшаңыздың гүлденіп,жайқалып тұруын қаласаңыз,бірақ жауын құрты бақшаңызда болмаса көбейтудің жолы бар.Ол үшін бақшаңыздан кішкене шұңқыр қазып,кепкен жапырақ,қағаздың қиындыларын салып,бетіне 3-5сантиметр топырақ төгіңіз.Топырақтың бетіне сұйық тамақ қалдықтарын құйыңыз да бірнеше жауын құртын жіберіңіз.Бірнеше күннен кейін бақшаңызда жауын құрты көбейіп,топырақ құнарлана түседі.
Биология пәнінің мұғалімі
Бисенбай Назерке Асылбекқызы