ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЖУ

Алпиева Айман Тлеугажиевна – өзін -өзі тану пәні мұғалімі

Семей қаласы, №47 орта мектеп

Зерттеудің өзектілігі. Кәсіби қызмет, еңбек субъектісінің күйімен эмоциясына ықпал етіп, адамның қызметі мен мүмкіндіктерін бағалауына өзгерістер туғызады. Тұлғаның эмоционалды қажуы бір жағынан педагог қызметінде үнемі кездесетін стресс – факторлардың болуымен сипатталады (жоғары динамизм, уақыт жетпеуі, шамадан артық жүктеме, педагогикалық қиын жағдайлардың туындауы, рөльдік анықтылықтың болмауы болса,  екінші жағынан шамадан тыс эмоционалдылық және қысым экономикалық және әлеуметтік –психологиялық мәселелер туындататын педагогикалық кәсіптің беделін түсіреді.

Зерттеудің мақсаты: педагогтардың кәсіби іс – әрекетіндегі эмоционалды қажудың көрінуінің психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда зерттеп, эксперименталды анықтау және коррекциялау. 

Зерттеудің міндеттері: 

  • «эмоционалды қажу» түсінігін теориялық – әдіснамалық тұрғыда зерттеп, талдау;
  • кәсіби іс–әрекеттегі педагогтарда көрінетін эмоционалды қажудың психологиялық ерекшеліктерін ашу;

—   педагогтардың кәсіби іс–әрекетіндегі эмоционалды қажудың көріну жағдайларын анықтау және коррекциялау.

          -педагогтардың  эмоционалды қажуын анықтайтын әдістемелік кешен құрастыру және тиімділігін эксперименттік зерттеу негізінде дәлелдеу.

  • алынған нәтижелер негізінде эмоционалды қажуды коррекциялауға арналған арнайы бағдарлама құрастыру,  оны өңдеу және тиімділігін бағалау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: – эмоционалды қажудың көрінуі  жоғарғы оқу орны педагогтарының ұзақ уақыттағы кәсіби қызметі барысында дамиды. Эмоционалды қажу синдромының қалыптасуында мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің ықпалы айқындалса, онда өз уақытындағы алдын — алу және коррекциялық жұмыстар эмоционалды қажудың көрінуінің жағымсыз салдарын төмендетеді.

Жалпы болжам төмендегі жеке болжамдармен нақтыланады:

  1. Педагогтардың кәсіби қажуын төмендетуге және алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізілсе, онда кәсіби қажуды болдырмаудың маңыздылығы артады;
  2. Педагогтардың эмоционалды тұрақтылығын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілсе, кәсіби қажуды болдырмауға оң ықпал етеді.

 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Зерттеуде педагогтардағы эмоционалдық қажудың белгілері негізделіп, жүйеленді.
  2. Педагогтардың кәсіби іс–әрекетіндегі эмоционалды қажу синдромы дамуының механизмі анықталды, яғни тұлға өзінің динамикалық психологиялық қасиеттерін коммуникативті ортада басқара білу дағдысының жеткіліксіздігінен өзінің эмоционалды реакциясына бақылау жасауды жоғалтады,  кәсіби міндеттерді орындауда және еңбектің алынған нәтижелерін қанағаттандыруда күші жетпейді.
  3. Кәсіби іс–әрекеттегі педагог тұлғасының, психологиялық конструкциясы айқындалды, яғни эмоционалды қажу синдромы тұрақты, өзінің эмоционалды қажуын түсіне алатын, жұмыстағы жетістіктеріне қанағаттана алатын, бүгінгі және болашаққа бағдарланған.
  4. Педагогикалық іс — әрекеттегі педагогтардың түрлі деңгейдегі эмоционалды қажуы деңгейінің ерекшеліктері айқындалды.
  5. Эксперименталды жұмыс процессінде тұлғаның эмоционалды қажуы көрінуін бағалау үшін диагностикалық әдістемелер кешені апробацияланды.

 

Жан күйзелісі түрлі қарым-қатынас жағдайында пайда болып отыратын барлығымызға мәлім.  Күйзеліс  — (латын тілінен conflictus — күйзеліс ) қарама — қарсы бағыттағы оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының,  бағыттарының  қарама-қайшылықтары. Күйзеліс  жағдайы — ұжымдағы ситуацияның қайшылығының күшейген шегі. Өзінің табиғатына сай қарым-қатынастың сыртқы шектеулері  әр түрлі болуы мүмкін.

А.Б.Добрович  қарым-қатынастағы екі жақтың  қанағаттанбаушылығын туғызуға себеп болатын шектеудің 3 типін көрсетіп береді [26].

Шартты түрдегі  шектеулер — адамдар расында «конвенция»  болған жағдайда  пайда болады, яғни салт — дәстүр, ғұрып  өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар — үлкендерді үлгі тұтып,  тыңдау керек, үлкендер — кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала  қалыңдығын қамқорына алу керек,  қалыңдық — басқа ер адамдарға көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай,  алдамау керек. т.б.

Жағдайлық шектеулермен біз  толыққанды қарым-қатынас  қатаң жағдайдың шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз.  Қарым-қатынасқа тұлғалардың  серіктес ретінде қатысуы  жағдайды одан ары қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. («Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?») немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру («Білесіз бе, менің өмірден көңілім қалған»). Мұндай жағдайда  жеке өміріне қатысты емес қаратпа сөздерді қолдану керек. «Рұқсат па?- Мәселе жоқ», «Рұқсат етесіз бе?- Өтінемін», «Кешіріңіз-Айыбы жоқ» т.б.. Бұндай жағдайда  осындай жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады. Эмоционалды шектеу — қарым-қатынас  атмосферасының құрылуында анықталады.  Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен махаббатты сезінсе,  онда олар қарым-қатынастағы  бақытты минуттарды бұзбау үшін  олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады.  Егер серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен  жауласқан болса,  онда олар конфликтіні  шектеуге тырысып,  қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай жағдайда  әркім өзінің серіктесіне  қуаныш сыйлауы өте сирек болады. Н.И.Шевандрин  біздің эмоциямызға негізделген  келесі кедергілерді  көрсетіп берді:  Жек көру және жиренгіштік кедергісі  — күнделікті өмірде  жиі кездеседі.  Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті — бұның бәрі қарым-қатынастағы  серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады.  Ал мұның алдын алу үшін  гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.  Уайым мен қайғырудан  пайда болатын  қарым-қатынастағы кедергімен  кез-келген адам кездеседі. Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық, ол адамның ойын басқа адамдарға бұру өте қиын. Қайғыруға себеп әдетте трагедиялық  оқиғалар, өзінің жағдайына қанағаттанбаушылықтан,  артық физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.

Қорқыныш кедергісі — тұлғалар арасындағы  қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі қиын  кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда  өмірлік қиын жағдайлардан қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері түрлі  болып кетуі мүмкін. Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны қаншалықты дұрыс шеше алуыңызға байланысты.

Ұят пен кінә кедергісі — бұл басқа біреудің немесе өзіне деген  қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немесе жақтау кезінде пайда болады.  Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты  үзетін кездері аз емес.  Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын  адамдар да бар.  Соңғылары өзінде  психологиялық қорған құрып алған.  Олар көп жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды, өзіне ақтаушы  мотивтер іздейді. Өте төмен және өте жоғары  кінәні сезіну  адамдар арасындағы  психологиялық қарым-қатынасты бұзады.

Күштеу шектеулері туралы біз серіктестердің  біреуі тұлғааралық  қарым-қатынасқа дайын  болса,  басқасы қандай да бір  себептер арқылы бұдан өтіп кетіп,  вербальды немесе вербальды емес жолдарды қолдана отырып,  өзінің серіктесін тура соны істеуге  мәжбүрлеуінен көреміз.  Осындай қарым-қатынасты әйгілі Шекспир  сахнада бейнелеп берген болатын, оны Рамеоның  Капулетти  әулетімен достасуға тырысқан көрінісінен көруге болады. Осындай шектеудің ішінен мынандай кедергілерді көрсетуге болады:

Жек көрушілік кедергісі —  мінездің бейнеленуін көрсетеді, бірақ бұл кейде нәсілдік немесе  ұлттық кемсітушіліктен көрінеді. Кейбір жағдайда ғана болмаса, оны жеңу қиын.

Қабылдау кедергісі —  түсініксіз ойды  айтуда, әңгімедегі ойдың дұрыс құрылмауы,  т.б. жағдайда пайда болады.

Ойдың дыбысталуы, мағынасына қарағанда маңызды емес. Аз эмоционалды сөздің адамның жүрегі мен жанына жол табуы қиын. Жоғарыда айтылған сыртқы шектеулермен қатар, қарым-қатынас  кедергісі ретінде  басқа да факторлар  конфликтінің пайда болуына  әсер етеді. Көбіне ішкі психологиялық  кедергілермен күйзеліс  жиі кездеседі. Кез- келген конфликт өздігінен пайда болып, ізсіз жоғалып кетпейді.  Кез-келген әрекеттің астында  қарым-қатынастағы  әріптестердің мақсаттар, ал конфликтінің артында  — қарым-қатынастағы  серіктестердің мақсаттары мен  тілегінің келіспеушілігі жатады.

Атақты психолог  М. Аргайл  қарым-қатынастың маңызды мотивтері, конфликтінің  себептері ретінде: өзіндік таным, рухани және эмоционалдық байланыс, басқару,  агрессия,  басқаларды өзіне бағындыру  сияқты т.б. себептерді  көрсетіп береді.

Күйзелісті  шешудің бес негізгі стильдері Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне салынған бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен қолданылған (1972ж. Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнмен өңделген). Жүйе әрбір адамға күйзеліс  жағдайы барысында өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. Күйзеліс  жағдайына байланысты көрсететін мінез-құлықтың негізгі стильдері, екі немесе одан да көп күйзеліс ушы жақтардың қызығышылықтарының сәйкес келмеуінен пайда болатын кезкелген күйзеліс тың жалпы себебімен тығыз байланысты. Сіздің белгілі бір күйзеліс  жағдайдағы көрсететін мінез-құлық стиліңіз өзіңіздің жеке бастық қызығушылықтарыңызды (белсенді немесе енжарлы әрекет ете) және екінші жақтың қызығушылықтарын (бірігіп немесе жеке әрекет ете) қанағаттандыру шегімен анықталады. Егер де графикалық түрде бейнелейтін болсақ, онда кикілжіңді шешетін бес негізгі стильдердің әрқайсысының атауын және алатын орнын анықтайтын Томас-Килменн торын аламыз.

 

 Кесте 1. — Күйзеліс  жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерін анықтайтын Томас-Килменн торы

 

 

Өзіңіздің жеке қызығушылықтарыңыз

ды қанағаттандыруға тырысатын іс-әрекетіңіз

Қарсыластықстилі

———-

Бірлестікстилі

 

Белсендіәрекеттер

———-

Компромисс стилі

———

Күйзелістенкетіпқалустилі

 

————

Бейімделустилі

Енжарлыәрекеттер

Жеке әрекеттесу

 

Бірігіпәрекеттесу

 

Бұл тор өзіңіздің және кез келген басқа адамның стилін анықтауға көмектеседі. Алдымен белсенді және енжарлы әрекеттер деп белгілеп қойған жақтан бастаңыз. Егер сіздің реакцияңыз енжарлы болса, онда сіз күйзелістен шығуға тырысасыз; ал егер де белсенді болса, онда сіз оны шешуге талпынасыз. Мұндай бағалауды өзіңізге және кикілжіңдесуші екінші жаққа да қолдансаңыз болады. Тордың жоғарғы жағы бірігіп әрекеттесуге жатады. Егер де сіз бірігіп әрекеттесуді қаласаңыз, онда сіз кикілжіңді кикілжіңдесуші адаммен немесе күйзеліске қатысушы адамдар тобымен бірігіп шешуге тырысасыз. Ал жеке әрекеттесуді қаласаңыз, онда мәселені шешудің өз жолын іздейсіз. Тордың екі бөлігін біріктіргенде, ортасындағы компромисс стилімен қоса бес стильден тұратын матрицаны аласыз.

Ол бірдей деңгейде кооперативті және индивидуалды, сонымен бірге енжарлы және белсенді мінез-құлықты қамтиды. Егер де әртүрлі стильдерге мұқият қарасаңыз, әдетте өзіңіздің күйзеліс  жағдайларда қолданатын стильді тануыңыз мүмкін; сонымен қатар сізбен байланысты адамдардың әдетте қолданатын стильдерін де анықтай аласыз. Бірақ белгілі бір жағдайда сіз басқа стильді қалауыңыз мүмкін. Әрбір адам қандай да бір деңгейде осы стильдердің барлығын қолдануы мүмкін, бірақ әдетте әрбір адам қажеттісін қолданады.

Қарсыласу стратегиясында іскерлік әріптесіне қатысты басқарушылық әдісін пайдаланады, даулы сұрақта өз бағытын алға шығаруға талпынады, әріптесінің қарсыласқанына қарамастан мұны өзгенің қызығушылығын тастап, жоғары белсенділік танытады.

 Біріккен іс-әрекет жасау стратегиясында да басқарушы алдыңғы стратегиядағыдай әрекетіндегі сәттілікке ұмтылады, алайда, мұнда тек өзінің емес, сонымен бірге әріптесінің де қызығушылығы ескеріледі, сөйтіп  жан күйзелісі көзқарастан қашу орын алады.

Компромисс стратегиясында басқарушы әріптестерімен пікір келісімін реттеуге тырысады, әріптесінің қызығуларына назар аудара отырып, оның назарын өз жағына аударады.

Кету стратегиясында қойылған мақсатқа жетудегі жауапкершілігінен бас тарту, өзіндік шешім қабылдамайды, іс-әрекеттегі жетістікке құлықсыздық танытады.

Бейімделу стратегиясында басқарушы басқарушылық мақсаттағы іс — әрекетінің нәтижелілігіне белсінділік танытпайды, бейтараптылық бағытын ұстанады. Бұл стратегия адамдармен жан күйзелісі жағдайлардан қашуға негізделген, бұл бағытты ұстанған басқарушы жағдайдан кетуге   және жауапкершіліктен бас тартуға да бейім болады.  Күйзеліс  құрылымын түрлі авторлар өзінше сипаттайды, дегенменде негізгі элементтері барлығына дерлік түсінікті. Бұлар-жан күйзелісі жағдай қатысушылардың  ұстаным, обьект,  күйзеліс тың даму мен шешілуі. Бұл элементтер күйзеліс  типіне байланысты жүреді [14].

М. Дойчтің еңбектерінде күйзелістің  екі түрі аталады: деструктивті және продуктивті. Деструктивті күйзелістердің анықталуы көбінесе қарапайым түсінік пен сәйкес келеді.  Күйзелістің осындай типі өзара әрекеттің шайқалуына әкеліп соғады. Диетруктивті күйзеліс  өзін тудырған себептерден тәуелсіз болған. Оған спецификалық даму тән, нақтырақ айтсақ күйзеліске тартылған қатысушылардың санының көбеюі, олардың жан күйзелісі әрекеттер мен бір-біріне деген жағымсыз  істердің санының өсуі т.б.

Келесі – күйзеліс тың  «эскалациялық» сипаты бұл жан күйзелісі жағдайдың өрши түсуі, қарсыласына деген жеккөрініштің өсуі. Күйзелістің мұндай түрін шешу әсіресе қиын болатын, мұны шешудің негізгі тәсілі келісімге келу мұнда жетістікке жету үлкен қиыншылық тудырады. 
       Продуктивті күйзеліс  — көбінесе белгілі бір  мәселеге байланысты түрлі көзқарастардың  және   оның шешілуінің түрлі жолдарының болуына байланысты.  Мұндай жағдайда күйзелістің өзі  мәселені түсінуді қалыптастырады.   Қорыта айтқанда,   қарым-қатынастағы   күйзелістер біздің өміріміздің түрлі қырлары мен формаларының әлеуметтік-экономикалық және техникалық дамуының ерекшеліктеріндегі және адамның еңбек  іс-әрекетіндегі  психологиялық білімдерінің рөлі арта түсуде.

 

Қажу фазасы респонденттердің 59,7% қалыптасқан жоқ, 36,9%-да қалыптасу кезеңінде, қалыптасқаны 3,2%-да. Бұл жағдай жүйке жүйесінің әлсіреуімен сипатталады. Эмоционалды қорғаныс «қажу» формасында тұлғаның атрибуты болып табылады.  Нәтижесі 3.4 суретте берілген

.

 

Сурет 3.4 ЖОО педагогтарындағы «Қажу» фазасының қалыптасуы

 

Аталған фазаға қалыптасқан педагогтардың жұмыс стажы 5 жылдан 15 жылға дейінгілер жатады. Бұл жағымсыз күйдің себебін еңбек жағдайына ғана емес,  адамның эмоционалды және дене өзіндік күйлеріне ықпал етуші тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты іздеу керектігі айқын болды.

«Эмоционалды жетіспеушілік» белгісі адам жағдайға ене алмауда, қобалжуда көрінеді. Күрделенген түрінде жағымды эмоция сирек байқалып, дөрекілік, тітіркену пайда болады. Қалыптаспаған симптом 64,1%, қалыптасушы 27,7% , қалыптасқан – 8,2 % респонденттерде байқалды.

«Эмоционалды шеттетілу» симптомы кәсіби қызмет сферасынан эмоцияны жоққа шығарады. Қалыптаспаған симпотаматика 58,6%-де, қалыптасушы 34,7%, қалыптасқан 6,5% респондентте байқалды.

«Тұлғалық шеттетілу немесе деперсонализация» белгісі бойынша кәсіби қызметтегі адам субъект қызығушылығы толық немесе жартылай жоғалғанын білдіреді. Қиын жағдайда агрессивті реакция байқалады. Бұл жағдайда тұлғаның невроздық немесе психопатиялық ерекшеліктері айқын белсенділік көрсетеді. Қалыптаспаған симптом 66,8%-да, қалыптасушы 22,2%, қалыптасқан 10,9% респондентте көрінді.«Психосоматикалық және психовегетативті бұзылыстар» белгісі дене және психикалық сезінулер деңгейінде көрініп, көңіл-күйдің сипатталуымен жағымсыз ассоциоциялар, ұйқысыздық, қорқыныш сезімі, психовегетативті реакциялармен сипатталады.

Қалыптаспаған симптоматика – 55,4% — да, қалыптасу үстінде – 30,4%, қалыптасқан – 14,1% респонденттерде анықталды.

 «Қажу» фазасы белгілеріне салыстырмалы талдау 3.5-суретте берілді.

 

 

Сурет 3.5 «Қажу» фазасы белгілеріне салыстырмалы көрсеткіштері

 

Сонымен аталған фазада педагогтарда «эмоционалды шеттетілу» және «эмоционалды дефицит» белгілері айқын көрінді, бұл жаны ашу және студент, олардың ата-анасына қобалжу эмоционалды күйді шақыратындығын көрсетті. Дегенмен, деперсонализация және психосоматикалық белгілер өршіп, эмоционалды қобалжу мен эмоционалды қажу синдромы жоқ, 4,3%-да, қалыптасудың критикалық деңгейі, 17,4%- жоғары деңгей, 26,1%-да орташа деңгей.

Қорытынды. Зерттеудің бірінші кезеңінде педагогтардың тұлғалық және жеке ерекшеліктері зерттеліп, тұлғалық қобалжу,  эмоционалды тұрақтылығы мен нейротизм анықталды. Сонымен қатар педагогтармен жүргізілген бақылау, сұхбат барысында эмоционалды қажу қағаз жұмыстарының шамадан тыс көптігі, университет ішілік тексерулер, сыртқы тексерулер, сабақ кестесіндегі жүйесіздік, басшымен арадағы қайшылықтар,  еңбек ақының төмендігі, жазғы еңбек демалысын толық пайдаланбау, білім беру жүйесіндегі ақпараттардың көптігі  сияқты себептермен байланысты екендігі де белгілі болды.

Ал еңбек стажы аз педагогтардағы эмоционалдық қажу олардағы еңбек дағдыларының жетіспеушілігі, жаңа ортаға толық бейімделе алмаушылық және кәсіби қызметтің жаңа талаптарына толық дайын болмауына байланыстылығымен айқындалды. Констатациялық кезең бойынша эмоционалды қажу синдромы айқын байқалған  26 (55%) педагогтармен  қалыптастыру кезеңінде түзету жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Бақылау тобындағы педагогтардың көрсеткіштері де жоғары дәрежедегі эмоционалды қажу синдромы 24 (48%) бар екендігін, яғни эксперименттік топтағы педагогтардың көрсеткіштерімен шамалас екенін анықтадық.

Теориялық эәне эксперименталды зерттеулерді жинақтау бізге эмоционалды қажуды тұлғаның эмоционалды күйі, яғни жағымсыз психологиялық, мінез – құлықтық және физиологиялық белгілермен сипатталатын: психоэмоционалд қажуды көрсететін динамикалық күй деген ұжырым жасауымызға мүмкіндік берді.

Ғылыми теорияға негізделген, біздің жүргізген эксперименттік зерттеулеріміз көрсеткендей, бұл психикалық күй жоғары эмоционалды қысым жағдайында туындайды.

Зерттеу нәтижесі бойынша жоғарғы оқу орны педагогтарының эмоционалды қажу синдромына бейімділігі анықталды. Бұл жағдай біздің көзқарасымыз бойынша сыртқы және ішкі факторларға байланысты. Бұндағы сыртқы факторларға педагогикалық ықпал, әлеуметтік ортаның ерекшелігі, педагогикалық жағдайлардың күрделілігі жатады.

Ал, ішкі факторларға психикалық қажу, студенттер үшін жауапкершіліктің шамадан тыс жоғары болуы, эмоцияны үнемдеу аймағының кеңеюін жатқызамыз.

Эксперименттік зерттеу жұмыстарының негізінде алынған мәліметтерді салыстырмалы талдау эксперименттік топ респонденттерінің жағымды динамикасының өсуін көрсетіп берді.

Соныменен, бақылау кезеңіндегі өткізілген эксперименттің нәтижелері жоғарғы оқу орны педагогтарының эмоционалды қажу синдромын төмендетуге және алдын алуға бағытталып жасалған түзету бағдарламасы бойынша сабақтар өз тиімділігін көрсетті.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, эмпирикалық зерттеудің басында ұсынылған ғылыми болжам дәлелденді. Эмоционалды қажу синдромын төмендету үшін педагогтар мәселенің маңыздылығын толық сезіне білулері қажет, ол үшін осы тақырыпта семинарлар, ағарту шараларын өткізу тиімді. Эмоционалды қажу белгілері қатты байқалған жағдайда кеңес беру және түзету жұмыстарын жүргізу қажет деген тұжырымға келдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Аминов Н.А. Психофизиологические и психологические предпосылки педагогических способностей  // Вопросы психологии. 1988. № 5. С.71-78.

2 Аронсон Социально-перцептивные процессы личности педагога специальной школы в профессиональной деятельности Новосибирск, 2000.

3 Агапова М.В. Социально-психологические аспекты эмоционального выгорания и самоактуализации личности [Текст]: Дисс. …канд. психол. наук / М.В. Агапова. Ярославль, 2004.

4 Ананьев В.А. Основы психологии здоровья. Концептуальные основы психологии здоровья. Книга 1. СПб.: Изд-во «Речь», 2006.

5Аргайл М. Психология счастья.Санкт-Петербург: Питер, 2003.

6 Акажанова А.Т.  Профессиональные деформации личности педагога: теоретические основы и профилактика: монография. – 2 изд. – Алматы: Қазақуниверситеті, 2013. — 102 с.

7 Абульханова-Славская К.А. Синдром «эмоционального выгорания» у лиц коммуникативных профессий // Гигиена и санитария: научно- практический журнал. 2008. № 3. С. 29 – 33.

8 Бодров В.А.Психологический стресс: развитие и преодоление. «ПЕР СЭ», оригинал-макет, оформление, 2006

9 Бекмұратова Г.Т Профилактика эмоционального выгорания педагогов // Материалы 10-й международной научно-практической конференции  «Новости научной мысли». – Прага, 2014 Т. 16 — С. 99-103.

10 БоршоваМ.В. Дифференциально-акмеологические особенности про-фессионального «выгорания» М., 2009.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *