Коронавирустың жақсы жағы…

 

Кейде жұмыстан айрылу қуанышты оқиғаға айналуы мүмкін: Тайландта пілдерді туристік лагерьлерден «қуып», оларды табиғи мекеніне қайтарып жатыр. Себебі, карантинге байланысты туристер келуді тоқтатты, ал пілдерді жергілік халық қызықтамайды, мінбейді, туристер секілді фотоға да түспейді.  Піл ұстап ақша табатын кәсіпкерлердің айтуынша пілдердің қазіргі кезде түк пайдасы жоқ. Сондықтан, оларды орманына қайта жіберген. Ал жергілікті журналистер темір құрсаудан шыққан пілдердің орманға беттегендегі қуанышы, адамдардан тезірек ұзап кетуге оқталған іс-қимылы тез байқалатынын жазған.

Бұл оқиғаны пандемияның жалғыз жақсы нәтижесі деуге болады…

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *