Ас атасы — нан

Ақтөбе қаласы
№21 «Кәусар бұлақ» МДГ
Жармагамбетова К А
Білім беру саласы: Таным, коммуникация
Бөлімдері: Сауат ашу, сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, жаратылыстану
ҰОҚ тақырыбы: «Ас атасы — нан.»
ҰОҚ мақсаты:
Білімділік: Балаларғ ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Бауырсақ ертегісінің желісімен тапсырмалырды орындауға үйрету. Сөз, сөйлем туралы білімдерін бекіту. Ребустар шешуге уйрету. Азық – түлік түрлерін ажырату, нүктелерді қосу арқылы 1-ден 20-ға дейін санап, есептер шығарту. Дүниетанымын, ой- өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту. Жыл бойы алған білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: проектор, әріптер, есептер, танграмм, муляждар, ребустар.
ҰОҚ барысы: Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Күлімдесін күн де,
Күлімдейік біз де.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүректегі жылуды
Қонақтарға сыйлайық.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Асты тас, үсті тас.
Ортасында піскен ас
(Нан)
«Нан» сөзін буынға бөліп беріңдер.
«Нан» сөзі неше дыбыстан тұрады.
Нан дастарханға қалай келді? (СЛАЙД)
Жарайды балалар, олай болса нан туралы сендерге айтып берейін. (СЛАЙД)
Ендеше нанның бір түрі бауырсақ. «Бауырсақ» туралы ертегі білесіңдерме? Сол бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері біздерге әртүрлі ойындар дайындаған. Ендеше сол ойындарды бірге ойнайық.
Сергіту: Ойын «Нан қайдан келеді?» балаларды ортаға шығарып арқаларына нан дайындау жолдарын массаж түрінде жасап көрсету.
«Бауырсақ» ертегісі.
Бауырсақпен ойын: «Гүл жинау»
Шарты: балалар әуен ырғағымен ортада ойнап жүреді. Әуен тоқтағанда балалр бір-бірден гүлдерді қолдарына алады, қолдарындағы гүлде қандай дыбыс болса сол дыбысқа сөз айтады
.
Қоянмен ойын: «Супермаркет»
Шарты: азық – түлік түрлерін ажыратып себетке салады. Сүт онімдері, нан өнімдері. Ет өнімдері, көкөністер мен жемістер, ет өнімдері т.б.

Аюмен ойын: «Танграмм»
Шарты: танграм ойыны арқылы сандарды құрастырып, сол санға сөздер айту. Мыс: 1 – бір буынды сөз, 2 – екі буынды сөз немесе екі дыбысты сөз, 3 – үш буынды немесе үш дыбысты сөз, 4 – төрт буынды сөз немесе төрт дыбысты сөз, 5 – бес дыбысты сөз айту.

Қасқырмен ойын: « Сан құрамын анықта» және «Есепте»
Шарты: берілген суреттегісанға байланысты құрастыру. Сурет бойынша есепте.

Түлкімен ойын: «Ребус» шешу.
Шарты: суреттердегі заттардың бас әріптерінен ертегі кейіпкерлерін табу.
1. бауырсақ

2. қоян

3. аю


4. қасқыр

5. түлкі
тиын үкі лақ кірпі із

Атамен әженің ойыны: «Криптограмма» шешу
Шарты: сандар, олардың астында әріптер берілген. Тапсырма бойынша берәлген сойлемді жазып оқу
1 2 3 4 5 6 7 8
А Т Л Б З Ы М Қ


4 1 8 6 2 2 6
б а қ ы т т ы


4 1 3 1 7 6 5
б а л а м ы з

Балалар сендерге ертегі кейіпкерлерінің ойындары ұнады ма?
Олай болса сендерге сыйлығым бар. Мына қағаздарда нүктелер берілген, сол нүктелерді қоссаңыз сыйқырлы суреттер шығады.
Ойын: «Нүктелерді қос»
Шарты: нүктелерді қосып, шыққан суреттер бойынша сөйлем құрайды. Сөйлемдерді ажыратады, (жай, сұраулы) неше сөзден тұратынын айтады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *