Тақырыбы : «Жанды табиғат» бөлімі бойынша Нәтиже сабақ . Мен не үйрендім? | «ШҚО Семей қаласы білім бөлімі» ММ «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ | |
Күні: 25.11.2019 | Акбасова Айнаш Тлеукеновна | |
Сыныбы: 3 «Б» | Қатысқандар саны: 10 Қатыспағандар саны: — | |
Сабақ негізделген оқу мақсаты: | 3.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсіну; 3.2.4.1 өзінің жоспар / жазбаларын қолдана отырып, оқиғалар/әңгімелерді өз сөзімен айтып беру; | |
Сабақ мақсаты: | Барлық оқушылар: шағын мәтінді түсінеді;; Оқушылардың басым бөлігі: оқиғаларды өз сөзімен айтады; Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты өз ойын айта алады; | |
Тілдік мақсаты | Негізгі сөздер мен тіркестер: жанды табиғат Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Жанды табиғатты қорғаймыз. Талқылауға арналған тармақтар: Сен табиғатты аялайсың ба? | |
Алдыңғы оқу | «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» | |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
Сабақтың басы. Сабақтың ортасы Сабақтың аяғы. Сергіту сәті Кері байланыс | Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосфера орнату үшін парталас достарымен амандасу. Сәлем, достым! /Қол беріп амандасады/ * Қалің қалай? /иықтарынан қағады/ * Қалай демалдың? / құлақтарынан тартады/ * Мен сені сағындым? /қолдарын жүректеріне қояды/ * Қош келдің! /қолдарын жаяды/ * Күніміз сәтті болсын! /құшақтасады/ Қызығушылықты ояту. «Пазл » әдісі бойынша топқа бөліну. Топтық жұмыс. 1 – тапсырма . Тірек сөздерді пайдаланып, «Жанды табиғат» тақырыбында мәтін құрап жаз. Тірек сөздер: жанды табиғат, жануарлар, өсімдіктер, құстар, жәндік, өседі, өзгереді, ұшады. Дескриптор: * мәтін 5 сөйлемнен болу керек; * сауатты жазу; *барлық сөздерді қолдану; Топтық бағалау. Тапсырманы жұппен орындау. 2 – тапсырма. Әр бағанға 2 сөзден жазу. Жанды табиғат Үй жануарлары аңдар құстар Жәндік Дескриптор: *Әр бағанға 2 сөзден жазу; * сауатты жазу * бір – біріне көмектесу; Өзара жұптық бағалау. Рөлге бөлу. «Жазушы», «Суретші», «Спикер» 3 – тапсырма. Мұғалім әр топқа қағазға жазылған сөздітаратып береді. Оқушыларды рөлге бөледі, деңгейлік тапсырмаларды рөлге бөлініп орындайды. Тапсырма: «Суретші» берілген үй жануарынынң суретін салады; «Жазушы» мен «Спикер» үй жануары турады мәтін жазады. «Спикер» тақтаға шығып қорғайды. Әр топтың жұмысын сынып бағалайды. Дескриптор: * суретті түрлі түсті қарындаш не бояумен орындалады; *мәтін 5 сөйлемнен тұру керек; * сауаттылыққа назар аудару; * каллиографияға көңіл болу қажет; «Қошақаным» биі «Ыстық орындық» әдісі . Бөлім бойынша не білдің? Не үйрендің? | Қиынды суреттер Суреттер, А4 А4 кесте Түрлі түсті қарындаштар, А4, музыка |
Рефлексия | |
Қорытынды бағалау: Қандай екі нәрсе /Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз/ табысты болды? Сабақтан өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз : 1. Рөлге бөліп тапсырманы орындағанда, әр баланың деңгейі ескерілді. Оқушылар тапсырманы өте жақсы орындады. 2. Жұппен тапсырма өте сәтті болды. Балалар бір – біріне көмектесіп, тапсырманы орындады. Қандай екі нәрсе /оқытуды да , оқуды да ескеріңіз/ сабақты жақсарта алды 1. Уақытты жоспарлау . 2. Сабақ барысында өзіңіз көңіліңіз толмаған 2 әрекетті /оқытуды да, оқуды да ескеріңіз/ атаңыз |