Өмірлері өнеге болған ұлы адамдар

 Тәрбиеші:Доскалиева Ж.Ғ

Ашық оқу қызметінің жоспары
Тақырыбы: Өмірлері өнеге болған ұлы адамдар
Білім беру саласы: «Әлеумет,коммуникация,шығармашылық»

Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу,сөйлеуді дамыту,сурет салу,аппликация»

Мақсаты:

а) Балаларға батырлық, ерлік туралы түсінік беру,бала бойында батырлық,жігерлік қасиеттерді қалыптастыру,отанды елді сүйе білуге үйрету,рухани отан сүйгіштік сезімді дамыту,сөйлеу мәдениетін,тілдік қорын байыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

б)тәрбиелігі:Тарихи тұлғалардың және белгілі батырлардың рөлін түсіндіру.Еліміздің әскері, батыр, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлері туралы айтып әңгімелеп береді. Қазақ батырлары мен тарихи тұлғалардың, ақын жазушылардың сөздерін жатқа айтады.
ә)дамытушылығы: балалардың ой — өрісін дамыту, ұлы адамдар жайлы түсінігін кеңейту және еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру.

Қолданатын әдіс — тәсілдер:
Көрсету, түсіндіру,тақпақ айту,макал-мәтел,ойын ойнату, мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар:     
Тақырып бойынша слайд түрінде.Түрлі түсті картоннан қиылған шаблондар,қайшы; Дымқыл шүберек,ермек саз т.б

Сөздік жұмысын жүргізу. Көптілділік: Батырлар – герои – нeroes,тұлға-личность-personIity

Сабақтың түрі: аралас сабақ

І. Ұйымдастыру бөлімі

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин

Амандасу!(үш тілде) шаттық шеңбері

Күлімде күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

 Кешегідей бүгін де,

 Қанат қақсын көгершін

 

 

 

ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.  Мақсатты болжам.   3–5 мин

Балалар,біздің еліміз қалай аталады? (жауабы Қазақстан)

Еліміздің бас қаласы қай қала?(Астана)

Қай қалада тұрамыз? (Орал қаласында)

Қаламыздың қандай көшелерін білесіндер? (балалардың жауабы) Әбілхайырхан,Жәнгірхан,Дәулеткерей,Асан Тайманов, Кенсары,Исатай батыр,Қасым Аманжолов,Алия Молдағулова,Мәншүк Маметова

-дұрыс балалар

-Осы адамдарға қаламыздың көшелеріне не себептен берді деп ойлайсындар?

Балалардың жауабы:елімізге танымал,халыққа еңбегі сіңген ұлы адамдармен батырлар.

Ендеше балалар бүгінгі ашық оқу қызыметінде өмірлері өнеге болған ұлы адамдар мен батырлармен танысамыз.

Өнеге болған ұлы адамдар мен  батырлар туралы айтылады.

Қазақ халқында өмірлері өнеге болған адамдар көп болған. Олар: хандар, билер, ақындар, батырлар. Әділ, ақылды хан ел басқарған. Билер халыққа ақыл айтып, дауларды шешіп отырған. Ақын, жыршылар халқымыздың өмірі туралы жыр шығарған. Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген.

Слайд арқылы көрсетіледі.

 Көптілділік: Батырлар – герои – нeroes,тұлға-личность-personIity

ҰОҚ-ның ортасы ІІІ тақырып бойынша жұмыс. 6–28 мин

Қазақтың ұлы адамдарымен таныс болайық.

 Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма орындатылады

Абай Құнанбаев – қазақтың  ұлы ақыны. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Оның өлеңдерін бүкіл дүниежүзінің адамдары оқиды.

(Б, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма орындатылады. Педагог Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңін мәнерлеп айтып береді.

 

 

Арай (оқушы)

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдыңда,

 Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Мағынасын түсіндіру

Бес жаман – өсек айту, өтірік айту, мақтаншақтық, еріншектік, ысырапшылық екенін түсіндіру. Адам бойындағы бес жақсы – талап, ақыл ой, қанағат, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді айту.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты – Ибраһим) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушысы. Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, балаларға арнап өлең, әңгіме, ертегілер жазған. «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады.

«Кел, балалар, оқылық»  өлеңі  Ыбырай Алтынсарин

Тулеп Ернур (оқушы)

«Кел балалар оқылық»

оқығанда,көңілге ықыласпен тоқылық

оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар,

тілегенің алдыңан,іздемей ақ табылар.

Шоқан Уәлиханов Шыңғысұлы – қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы, суретші. жерімізді картаға түсірді, тарихи ескерткіштердің тарихын, әдеби мұраларды зерттеп, көптеген еңбек қалдырды.

— Ендеше балалар  ұлы отан соғысынадағы батырлармен танысамыз.1941-1945ж

Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан, елі, жері үшін от кешкен батырлар – Бауыржан Момышұлы – Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Халық қаһарманы, Әлия  Молдағұлова – Кеңес Одағының батыры, Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының батыры, Қасым  Қайсенов – Қазақ батыры, жазушы, Халық қаһарманы,  Талғат Бигелдинов – ұшқыш, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры.

Димаш (оқушы)

Батыр қыз.

Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Атын аңыз,жыр қылып

Елдің батыр түлегі,

Әр жүректе тұр күліп.

Рақымжан Қошқарбаев – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батыры, Халық қаһарманы

 Ахан ( оқушы)

Өр тұлғалы, келбетті.

Қошқарбаев Рақымжан Сын сағатты ерлепті.

 Ел сүйсінген батыржан Арпалысып ел күнде

Аңсап талай жыл күткен.

Жеңіс күні Берлинде Рейхстагқа ту тіккен!

Ұлы отан соғысы бинетаспа көрсету (9 мин)

Батырлар  еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Бтырлардың арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз – бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, алып өз жеріміздің патриоттары болайық.

 Тәрбиеші: Балалар, біздің шегараны кім қорғайды?

 

 

 

 

Бой сергітіу

 Солдаттар.

 Шегарада солдат тұр,

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр

(қимылмен жасайды түзу тұрады,жүреді,қолын басына апарады)

Балалар отан батырлар туралы мақал-мәтел айтып жиберейікші

Б.Аружан

Отан-оттан да ыстық.

Отансыз адам,

Орман бұлбұл.

Зейнеп

Батыр мың қол бастайды,

Шешен тар жерде сөз бастайды.

Айару

Батыр туса –ел ырысы,

Жаңбыр жауса-жер ырысы.

, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма:Бұрынғы кезде қазақ халқында ел қорғаған батырлар өте көп болған. Олар: Бөгенбай, Қабанбай және Наурызбай батырлар. Олар – Абылай хан тұсындағы батырлар. Қалмақ және қытай әскерлерінен жерімізді қорғаған. Ал Абылай – Қазақ ордасындағы ұлы хан болған

-ендеше балалар осы батырларымыз туралы бинетаспадан мултфильмге назар аударайық.(7мин)

-балалар бұл батырлар өз еліне адал,елін,жерін қорғаған батыл ержүрек,қайсар,қаһарман адамдар.

 (Ө, т) 3-тапсырма: Батырлардың құрал саймандарын бояуға көмектеседі. Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру.

ІV. ҰОҚ  қорытындысы. рефлексиялық түзету. 25–30 мин

Ойын:Орамал тастамақ.

Ойын шарты:Балаларға сұрақ-жауап арқылы ойнату

Балалар шеңберге тұрады,ал ойыншы балалардың артына ормалды тастап кетеді.

Артына тастаған бала сұраққа жауап береді.

— Балалар , елімізге қандай тілек айтар едіндер? – Бейбітшілік болсын! – Соғыс болмасын! – Достық болсын! – Адамдар бір-бірімен тату, дос болсын! – Дұрыс айтасыңдар, балалар.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Көңілді смайк арқылы

Бағалау.Қоштасу үш тілде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *