Ұлы жеңіс!

 

Қанша жан үміт етіп, жүрек түкпірінен ойып тұрып орын алған асыл арманы болған көп халықтың бірауызды тілегі  Жеңіс тұғырынан көріну болатын. Қылыштай уақыттың еншісіне алтынмен апталған,күміспен қапталған сый сыйласаңда өз дегенінен бір мезет ауытқымайтын заңдылыққа не шара. Жеңіс бізге өз құшағын ашып Германияны талқандауға мүмкіндік берді.Иә еске ала кетейік осы орайда: 1941-жыл. Қанды майдан. Мейірімсіз жанар. Алда болатын сын сағатта не боларын тек жорамалдайтын мың сан күдік. Бірақ  Жеңіс екі  алпауыт елге ауадай қажет(Россия-Германия). Әрине бұл бізге атақты фильмдердегі  өткір эпизод болғаныменен, сол соғыстағы жауынгерлер қазіргі ерлік пен батырлықтың символы. Өзінің жалғыз баласын ойлап ішқұса болған Ана, Көзіндегі мейірімімен көңліндегі күдікті ойын тіптен көз алдына елестетсе жүрегі қан жылайтын Әке. Өзінің бозбала шағын тек қынжыла еске алатын тылда қызмет еткен жастар. Еңбегі мен уақытын соғысқа аттанған сабаздар үшін, күндіз тыным таппай даланың шаруасына, ал кеш батқанда әскерилердің керекті заттарын жасау үшін көзмайын тауысқан жанашарлардың жанкештігіне бас июде аз деп ойлаймын. Қазіргі ақпарлар бойынша соғыс қанашама алпауыт елдердің аласарып қалуына әсер еткені соншалықты, тіптен көп мемлекеттер өзінің әлеуметтік-демографиялық әл ауқатын арттыруғада шамасы келмеген. Тіптен соғыс болмай тұрып күн көруіңің өзі арман боп қалған көрінеді.

Соғыс зардабы біздің қазақ ауылдарына да айтарлықтай ауыр тиген. Еміс-еміс естеліктері ойға оралғанда,жанарларынан жақұттар көрінетін жанашыр әжелерімізбен, апаларымыздың жүрек түкпірінен қандай сезімде болып жатқаны бізге беймәлім. Сол әжелеріміздің айтуы бойынша:  «Қақаған қыс, үйді жылытуға не отын жоқ. Аштықтан өлмес үшін бидай дәнін талшық етіп күнде көргенбіз» Ертегідегі қияли сөздерге ұқсағаныменен, бұл ақаиқат болғаны өкінішті. Бірақ Тәубә. Қаншама қиыншылыққа сабыр еткен арда қазақ, енді міне азат қазаққа айналып отыр.

Жүрекке еріксіз ыстық лебімен енген Ұлы Жеңістің 75-жылдығы құтты болсын қадірлі оқырман! Ел-жұрт аман, тыныш заман болсын ағайын!

Азиза Турумбетова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *