Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы,
№16 «Бөбек» бөбекжайының
Музыка жетекшісі: Бериккалиева А.Н.
Баланың жан-жақты болып өсуінің басты мақсаты музыка тәрбиесіне байланысты. Осыған орай балалар бақшасындағы музыка іс-әрекетіне көп көңіл бөлінеді.
Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру- музыкалық ынтасын, қабілетін, музыкаға эстетикалық көз қарасын қалыптастыру деген сөз. Музыка- тілмен жеткізе алмайтын, адамның тереңде жатқан нәзік сезімнің құралы. Атамыз Абай, «Құлақтан кіріп, бойды алар. Әсем ән мен тәтті күй» десе Л.Н. Толстой, «Жақсы музыка- көңіл күйдің жан сезімнің шежіресі»- деген.
Н.К.Крупская: «Балаға музыка арқылы өзінің ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуіне, айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуіне көмектесу қажет…» деп өнердің жеке адамды тәрбиелеудегі маңызын айтқан екен.
Мектепке дейінгі балалық шақ — бөбекті әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен араластыратын кезең. Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі — музыка. Баланы жан-жақты, әрі үйлесімді дамыту музыканың атқаратын міндеті. Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек.
Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді, ойынды көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мысалы: маң-маң басқан аю, үркек қоян т.б.
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болды. Баланың музыкалық ерекшеліктерді айыра біледі және оларды есіне ала отырып, музыканы тыңдағанда, ән мен би қимылдарын орындағанда белгілі бір образға сай қимыл жасайды.
Ән арқылы бала өзінің қоршаған ортаның жан-жақты сезініп, оның рухани байлығын түсінеді. Ән орындаудағы балаға қойылатын талаптардың ішінде, оның шығармашылық деңгейін арттырудағы әнді таза айта білуге, эмоциянальды жағдайы, есту, сезу қабілеттерін қалыптастырады.
Ырғақты музыкаға қосылып отырып-тұру, басын шайқау, бір аяқпен екінші аяққа кезек басып шайқау, бір аяқпен екінші аяққа кезек басып иілу қозғалыстарын орындайды.
Көркем шығарманы қабылдауы мен музыкаға ықыласының, қиялының қызығушылығы мен білуге құштарлығының күрт артуы байқалады. Бұл баланың қабілеті мен талантын анықтауға мүмкіндік береді.
Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкалық шығармашылық әрекеттер түрінде эмоциональдық қатынасын білдіруге талпындыру жолында кейбір музыкалық мәнерлілік құралдары туралы музыкалық қабылдау ұғымдарын қалыптастыру бағыттары болады.
-Музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратуға үйрету. Даңғырлатып ойнайтын оркестрге қатыстыру.
-Би қимылдарын орындауға, музыкалық ойын әрекеттеріне талпындыру.
-Түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды ажыратуға, кейбір балаларды композиторлардың шығармаларын айтуға үйрету.
-Сазды әуенмен күшенбей, мәнерлі табиғи дауысымен ән айтуға үйрету.
-Адамгершілік –эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Ән тыңдау: үйрету жолдары.
-Түрлі сипаттағы (көңілді көңілсіз, жылдам, баяу) музыкалық шығарманы қабылдауға үйрету.
-Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау, шығарманың бөлімін ажырату, музыканың сипатын анықтау іскерлігін дамыту.
— Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеу іскерлігін дамыту.
— Музыкалық аспаптардың (Асатаяқ, домбыра, қобыз,барабан, сылдырмақ, дабыл және т.б. ) ажыратуіскерліктерін дамыту.
-Музыкалық шығармалар мен олардың жанры туралы ұғымдарынқалыптастыру.
-Дыбыстардың биіктігі, дыбыстау ұзақтығы, ырғақ пен тембр туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Ән салу:
-Жеке және хормен ән айту, дыбысталуын созып, дауыс ырғағын таза келтіріп айту дағдыларын қалыптастыру.
-Бір қарқында (жылдам-баяу) бірдей дыбыстау күшімен (қатты-ақырын) ән айтуға үйрену.
-Түрлі сипаттағы әндерді орындауды қолдану, секірмелі және әдемі сазды қарқынмен дауысты бере білуге үйрету.
-Табиғи дауыспен ән салуды, күштенбей, сөзі мен дыбысты таза және анық айтуын қадағалау.
-Кіріспе музыкадан кейін әнді бастауға, музыкалық сөздің арасында тыныс алуға, әнді бір уақытта бастап аяқтауға, сазды дұрыс бере білуге, әннің аяғын саздылық етуге үйрету.
-Кварта аралығында, музыка сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән салу.
-Дыбыстарды биіктігі бойынша (октавашегінде) ажырату, басы мен аяғын сезіну.
-Балалар композиторларының шығармаларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалар мен олардың авторларының аттарын атап, тани білуге үйрету.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар:
-Жаттығулар, ойындар, хороводтар, билер, би шығармашылығы.
-Мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер, қимыл ойындары енеді.
Музыканың түрлі бөліктерін: ән бастамасы, қайырмасын ажыратуға үйрету.
-Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға талпындыру.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау:
Үлкендердің домбырада, сырнайда, метоллофонда, ксилофонда және басқа да түрлі музыкалық және даңғырлақ аспаптарындағы ойнауын тыңдау іскерлігіне тәрбиелеу. Даңғырақ оркестрге қатысуын талпындыру. Балалар музыкалық аспаптарын танып, атай білуге үйреті.
Музыкалық- дидактикалық ойындар балалардың музыкалық даму міндеттерін шешуге көмектеседі. Ритм сезімін қалыптастыруға, музыка қабілетін дамытуға, қандай да болмасын дағдыны түзетуге немесе музыкалық талғамын тәрбиелейді.
Мейрам күндері- балалар үшін жан тебірентірер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты әлемі. Сондықтан да, мерекелік сәттерді әрбір сәби, әсіресе балабақша балалары асыға күтеді, өз өнерін жолдастарына және ата-аналарына көрсетуге тырысады. Мерекелік ертеңгіліктер ән салу, әуен ырғағымен би билеу, музыка аспаптарында ойнау, толғану, жеткіншіктерге татулыққа, коллективтік жауапкершілікке үйретеді. Дегенмен, ертеңгіліктің маңызы эстетикалық тәрбие құралдарының бірі ретінде тек музыка ықпалымен шектеліп қалмай, сонымен қатар өнердің бірнеше түрін үйлестіріп, бір тақырыпты шешуге бірін-бірі толықтырады.
Музыка өнерінде музыка тыңдау, ән үйрету жолдарында баланы әсемдікке әдемілікке қоршаған ортаны сүюге тәрбиелейді.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие ғана емес, оның өзге де сипаттары бар ұлттық болмыс, мазмұн, тәрбие. Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық тәрбие беру бала бойында белгілі бір деңгейдегі білім мен музыка мәдениетінің негізгілерін қалыптастыру. Жаңа бағдарламалар талаптарына сай мектепалды ересек топ балалары мен мектептің бірінші сынып оқушыларының оқу-тәрбие міндеттері өзара тығыз байланысты.
Халықтық педагогикалық тәрбиеге сүйене отырып, ата-аналармен бірлесе отырып, балалардың музыкалық қабілетін жетілдіріп дамыту, оларға рухани байлықпен таныстыра отырып тиімді жағдай жасау. Балалармен жеке жұмыс жолдарын жетілдіру, бағыттарын қалыптастыру.
Тәрбиешімен бірлесе отырып қызмет етуі арқылы музыкалық-эстетикалық жағынан жан-жақты дамыған, шығармашылығы мол, өзбетімен әрекет етуге даяр, түсінігі қалыптасқан, айналасын толық білетін, тәрбиелі, ибалы, кішіпейіл өнерлі бүлдіршіндер даярлау.