Тақырыбы: «Бөлме — гүлмен әдемі.»
Мақсаты: Бөлме гүлдері туралы түсініктерін кеңейту. Түстер туралы ұғымын бекіту.Табиғатқа деген сүйіспеншіллігін ояту.Өсімдіктерге қамқорлық жасауға, еңбекқорлыққа баулу.Үлкендрдің еңбегін бағалай білуге үйрету.
Көрнекілік: зал мерекеге сай безендірілген. Әр топтың сайысқа әзірлеген гүлдер көрмесі.
Шаттық шеңбері:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Көк аспанда күн күлсін,
Күліп жүрсін бүлдіршін!
Қайырлы таң достарым.
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, балалар бүгін мектебіміздің мектепке дейінгі ұйымы топтары арасында өтетін « Бөлме – гүлмен әдемі » атты гүлдер көрмесіне хош келдіңіздер.
Гүл – табиғаттың әсем туындысы. « Гүл өссе – жердің көркі » деген сөз бар.Гүлдер де адамдар секілді тіршілік иесі.Құлпырып өскен әсем гүлдер көз тартып, әдемілігімен, хош иісімен баурап алады.Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі.Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде гүл сыйлау – үлкен құрметтің белгісі болып саналады.
Ал,балалар,қазір біз бәріміз гүлдер әлеміне саяхатқа барайық. Ол үшін поездға мініп, көзімізді жұмып, тәрбиеші апайымыздың соңынан ілесеміз.
( әр топ өз гүл көрмесінің қасына барып тұраады.)
Есік қағылады.
Гүл ханшайымы кіреді.
Гүл ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен Гүл ханшайымымын, бүгін сендерде бөлме гүлдері көрмесі болып жатыр деп естіп тамашалауға келдім.
Тәрбиеші: Қош, келдің , Гүл ханшайымы! Кел,ендеше біздің көрмемізге.
Гүл ханшайымы: Бүгін біз гүлдер әлемінде саяхатта болғандықтан кім жақсы жауап берсе, белсенділік көрсетсе соған сыйлық ретінде Гүл ханшайымының тәжін ұсынамын.
Сұрақтар:
Гүлдер қандай топтарға бөлінеді ? ( дала гүлдері және бөлме гүлдері )
Гүлдер қандай мүшесі арқылы өседі? ( тамыры )
Гүлдің тағы қандай мүшесі болады? ( сабағы, жапырағы, күлтесі )
Гүлдер туралы кім тақпақ біледі ?
Гүлдер туралы кім әндер біледі ?
Әр топ өздері даярлаған тақпақтарын , әндерін айтады.
Сергіту сәті:
Біз гүлдрше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желмен бірге жайқалған.
Тәрбиеші: Гүл ханшайымы біздің балаларымыз бөлме гүлдерін өте жақсы көреді.
.Оларға күтім жасағанды ұнатады. Қазір кішкентай Рабия мен оның анасы бізге құмыраға гүл отырғызып көрсетеді.
Гүл ханшайымы: Өте керемет! Рахмет Рабия және Айнұр апай. Міне, балалар, біздер бөлме гүлін қалай отырғызу керектігін үйреніп алдық.
Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
« Гүл жинау » ойыны:
Шарты: әр топтан бір баладан шығып, жерде шашылып жатқан гүлдерді жинап себетке салады. Кім көп гүл жинайды , сол жеңімпаз болады.
Гүл ханшайымы: Балалар мен сендерге риза болдым. Сендер өнерлі балалар екенсіңдер.
Бөлме гүлдерінен әзірлеген көрмелерің де әдемі екен.Енді мен сендерді марапаттаймын.
( топтарды марапаттайды )
Және бүгін ерекше белсенділік көрсеткен Рабиа балақайға Гүл ханшайымы тәжін кигіземін.
Мен сендермен қоштасамын балалар.
Жылулық шеңбері:
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер.
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғаллып,
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!
Гүл ханшайымы балалармен қоштасып шығып кетеді.