Түркістанды қазақ халқы мен түркі тілдес ең ірі зиярат және туризм орталығына айналдыру

 

                                           Түркістан – түркілердің түп отаны,

                                           Жарығын жарты әлемге шұбатады!

                                            Тік тұрған аяғынан имей басты,

                                            Түркістан – Эрамызбен түйдей жасты!

                                                                                 Ғ. Қайырбеков

Ия киелі қасиетті Түркістан – қазақстандағы көне қалалардың бірі. Сонау XV – XVI ғасырдан бері Яссы деп аталып, қазақтардың қолына қарады.

Түркістан деп аталған соң ол орталыққа айналып қазақ хандарының ресми ордасы болды.

Қожа Ахмет Яссауи Түркістан өңірінде туып, өмірінің көп кезеңдерін осы Түркістанда өткізген. Ақын және сопы Ахмет Яссауидің ел арасында беделі үлкен болып, ол қайтыс болған соң күллі елденкеліп мазарына зиярат жасаушылар көп еді. Түркістан қаласының терең тарихын өлеңмен зерделеген Мағжан Жұмабаевқа назар аударсын

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой

             Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып – өскен.

Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,

Түріктен басқа от болып жан туып па?

Көп түрік енші алысып тарасқанда,

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?

Міне осы өлеңде қаншама сыр, қаншама тарих жатыр.

Кезінде Мұстафа Шоқай «Түркістан деген – түркі ел» — деп түсінік берсе, сол кездегі ғұламалар «Түріктердің өлкесі»- деп бағалаған.

Жаугершілік, шапқыншылық салдарынан жан – жаққа шашылған түркітілдес халықтардың түп – тамыры осы жерде қалғандығын ақын жазушылардың еңбектерінен оқып білеміз.

Түркі тектес, түркі тілдес халықтар арада мың  жылдар өтсе де ата – жұртымыз деп тәу етері осыдан болса керек. Кезінде үлкен білім алатын орталық болып, тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп – тамыры осында жатыр. Ғасырлардан аманат болған шежірелі Түркістан – қазақ хандығының орталығы болған рухани астанасы – ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты мекен.

Бүкіл түркі мемлекеттері Түркістан қаласын түрік әлемінің мәдени астанасы деп бағалайды. Шынында да тарихқа үңіле отырып, қаламыздың қадір – қасиеті үлкен екендігін білеміз. Сондықтан болар түпкір – түпкірден түркі халықтары келіп зиярат жасап, тәу етушілер саны еш азайған емес.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қасиетті қалаға құрметі ерекше екендігін іс – жөнінде дәлелдеп облыс орталығы етіп жариялағаны баршаны үлкен құанышқа бөледі.

Ендеше күн – санап түлеп – түрленіп жатқан бұл мекенде туризмді дамыту мәселесі бірінші орында тұрғандығы белгілі.

Тәуелсіз еліміз өсіп – өркендеп жаңа Астана сынды қала бой көтеріп барша шетелдіктерді тамсандырғаны белгілі.

Ендеше көне қала – жаңа қалаға айналып әртүрлі жаңа ғимараттар, саябақтар пайда болып келген туристердің көңілінен шығатын қала болмақта.

Көненің көзі болған қаладағы әрбір жәдігерлер көздің қарашығындай сақталып, өз мән – мағынасын жоғалтпай келеді. Ежелден аты аңызға айналған мекен көпшілікке «Мәдинадан Мұхаммед Түркістанда Қожа Ахмет»- деген атпен танылған.

Ия, Түркістан «Мекке Мәдина » сынды үлкен туристік қалаға айналуға лайықты мекен. Мұнда үлкен тарих, үлкен тарихи тұлғалар мәңгілік тыныс алып, жер баурында жатыр. Құран кітаптарында «Түркістанның бір шаршы жері алтынмен тең» деп жазылған екен. Ендеше Алланың назары түсіп өз қасиетімен ерекшеленген бұл қала мәртебесі күннен – күнге асқақтап келеді. Келешекте үлкен туризм орталығы, зияратшылар келіп тәу ететін орынға айналып, өсіп өркендеуге бет алған бұл мекенде туып өскенімізге мақтан етеміз.

Ендеше жасай бер, жайнай бер Түркістаным!

Гульжазира Абдурахманова

№19 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

                            Түркістан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *