Балабақша |
№ 22 «Гауһартас» бөбекжай бақшасы |
|
Тәрбиеші |
Сұлтамұрат Жадыра Алматқызы |
|
Тобы |
«Жұлдызша» ересектер тобы |
|
Білім беру саласы |
Қатынас |
|
ҰОҚ |
Сөйлеуді дамыту |
|
ҰОҚ тақырыбы |
«Мамандықтың бәрі жақсы» |
|
ҰОҚ мақсаты |
Мақсаты:Балалар сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен байытады, мамандық әлемінің түрлерімен танысады. Үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуді үйренеді. Тілдік ойындарды қолдана отырып сөздік қорлары дамиды. |
|
Күтілетін нәтиже: |
— мамандық атауларымен танысты. —үлкендердің еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуді түсінді. —тілдік ойындарды қолдану барысында сөздік қорлары дамыды. |
|
Ресурстар : |
АКТ, әртүрлі мамандық иелерінің суреттері , мазмұнды суреттер,аудиотаспа |
|
Әдіс-тәсіл: |
«Миға шабуыл» әдісі , жетелеуші сұрақтар, мнемокесте, « өз үлесіңді ал» әдісі ( суреттер арқыл топқа біріктіру), «үш шапалақ» (бағалау) әдісі ,4К-командада жасау,коммуникативтілік , «табан ізі»,«отшашу» әдісі (кері байланыс),рефлексия «басбармақ» әдісі |
|
|
||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
ҰОҚ –басы 5 минут жағымды ахуал орнату үшін
Бала үні, 4К -коммуникативтік Айтылым
«Миға шабуыл» әдісі Жетелеуші сұрақтар
«Өз үлесіңді ал» әдісі арқылы топтарға біріктіру. Саралау .
|
1.Сәлемдесу
Ой қозғау. 2.Слайд көрсету.
—Балалар, видеороликтен нені көрдіңдер? — Сендердің ата-аналарың қайда жұмыс жасайды? — Кім болып жұмыс жасайды? -Қандай қызмет атқарады? -Сендер қандай мамандықтың түрлерін білесіңдер? Суретпен жұмыс.Мамандықтардың суреті көрсетілді.
|
(Видеороликтен сауда орталығындағы сатушы мен тұтынушының арасындағы байланыс, емхана, тіс дәрігеріне келген бала ,мектептегі сабақтан т.б көріністер көрсетілді.)
Әртүрлі мамандық иелерінің суреттері. |
ҰОҚ -ортасы
10 минут
|
Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын : «Сөйлеп тұрған кім?» -Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы: 1) Балмұздақ сатамын! Балмұздақ сатамын! 2) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір дене қызуыңызды өлшейін? 3)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін? 4)Бүгінгі оқу қызметімізде балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз?
5) Мен тоқаш пісіріп жатырмын, қазір дайын болады
|
аудиотаспа
|
Бақылау Саралау үдеріс арқылы 4 К моделі
ҰОҚ-соңы 5 мин |
Ұжымдық жұмыс. Құрылымдалған ойын: Шарты: түрлі мамандықтарды таниды.Оларға қажетті құралдарды ажырата алады. 1-топ: «Кімнің құралы?» 2-топ:Кім жасырынып тұр? 3-топ: «Көлеңкесін тап» 4-топ: Көлік кімге тиесілі? Әлсіз балалар бір-біріне қодау көрсету арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру.
Сергіту сәті: «Көңіл –күйің қалай?»
«Кім боламын?»мнемокесте әдісі арқылы қайталау
Бекіту. «табан ізі» әдісі 2.Бағалау: «Үш шапалақ әдісі» 3.Қорытынды: Сендерде жақсы маман иесі болу үшін қазірден тәртіпті , білімді, болып өсулерің керек. Ол үшін апайларды, ата-аналарыңды тыңдап , білімді болуларың қажет. Әр адамның таңдауы да әртүрлі.Біреуің ертең ақын, екіншің дәрігер, үшіншің құрлысшы боласыңдар.Мамандықтың бәрі жақсы.Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқып, білімді болуымыз керек.Сонда ғана қалаған мамандықтарыңның иесі бола аласыңдар. 4. Кері байланыс «Отшашу» әдісі5. Рефлексия «Басбармақ» әдісі
-жоғары қарағаны ..Мен бәрін түсіндім -төменге қарағаны..Мен тапсырманы орындауда қиналдым.
|
Көңіл-күйге байланысты іс-қимылдар жасайды.
|