«Өмірімнің мәні анам екен, Анамсыз өмірім жоғалар екен. Сол бір лүпіл қаққан жүрегім,Анам деп мәңгі соғады екен»- дей отыра анам жайында айтқым келіп отыр. Анамның есімі –Тайжолова Зұлқия Қожағалиқызы, Ақтас ауылының тумасы. Жасы биыл алла жазса сәуірде 81-ге келеді.Алтын алқа иегері, Батыр ана атағын алған,12 құрсақ көтерген абзал жан.Қыздарын қияға, ұлдарын ұяға қондырып, немере,шөбере сүйіп отырған бақытты жан- ол менің Анам.
Анамның 81 жылда осы өмірде көрген қызығы да бейнеті де көп. 16 жасында әкем екеуін тағдыр қосып, екеуі 60 жыл шаңырақ көтерген.
Шешем 26немере, 19 шөберелерінің қызығын көріп отырған- Батыр ана.
16 жасынан бастап отбасын асыраймын деп түрлі жұмыстарды қиынсымай еңбек етіп, ұл-қыздарын асырау үшін көп еңбектенген.80-85 жылдардың жазғы уақытында совхоздың мал қораларын сылау үшін балшықты өгізбен бастырып, мал қоралардың іші сыртын бүтіндеп, оны ағартумен айналысқан. 85-88 жылдары көктемнің басталуымен қоңыр күзге дейін әлі көз алдымда, әкем шешеме күнде атты жегіп береді, сосын шешем ауылдағы үш көшені аралап жүріп сүт жинап, оны совхозға тапсыратын. Жауынға да, күннің ыстығына да қарамастан еңбек еткеніне қарап таң қалушы едік:«Осындай нәзік жанды адамда соншама күш қайдан келеді екен?»- деп.Есейіп, өзіміз отбасылы болғасын оны енді ғана түсініп жатырмыз. Шешемнің шешесі ерте қайтқан екен, ал әкесі, менің атам-Қожағали орта жасқа дейін өмір сүрді. Рухия есімді сіңдісі мен Зұлқарнай есімді бауырлары бар. Өкінішке орай інісі,менің нағашымның өмірі орта жасында үзілді.
Анамның 7 қызы мен 4 ұлы бар. Нұрсұлу есімді қызы 2 жыл бұрын 55 жасында денсаулығына байланысты өмірден өтті, перзентінен айырылған анам көп қайғы жұтып, ақ шашына тағы да ақ қосылды.
Анам менің әлемдегі ең бақытты адам- ол кісінің ұлдары мен қыздары, немерелері оны кезекпен алып кетіп, қонақ қылып ардақтайды.Балалары аналарын мәңгі ардақтап,аялай білсе,бұдан асқан ана үшін бақыт жоқ шығар.