Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна |
Пән: Қазақ әдебиеті 5- сынып |
Сабақ №6 |
Күні |
Сабақтың тақырыбы |
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 7-сабақ. |
||||||||||||||||||
Бөлім |
«Нағыз әже қайда?» әңгімесінің құндылығы. |
||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
5Т/Ж1 Әдеби шығарманы жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. |
||||||||||||||||||
Оқушы мақсаты |
Әдеби шығарманы жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды. |
||||||||||||||||||
Ақпарат көзі |
Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж. Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева |
||||||||||||||||||
Жұмыс реті |
Сабақ мазмұны |
||||||||||||||||||
Болжа |
«Адасқан үзінді» әдісі бойынша әңгіме үзінділері беріледі. Әрқайсысың әңгіме желісі бойынша әңгімені оқи отырып үзінділердің ретін анықтап, түсіндіріңізжер. 1-үзінді Бұл жолы шақырылған жерге желп етіп жетіп бара салмай , кәдімгідей мән беріп дайындалдық. Тіпті өз отбасымыздағы қуанышты қарсы алатындай-ақ қарадай қарбалас жасап, әбігерге түсіп кеттік… Әсіресе, қыздарымыз алабөтен қуанышты. «Әжеге барамыз, әжені көреміз» деп өздерінше мәз-мейрам… 2-үзінді -Әже, онда бізге ертек айтып берші,-деді сөздің ретін бағып отырған Ая сабырлы қалпын сақтаған күйі. Осы кезде Жолдастың жұбайының саңқылдаған өктем үні тағы естілді: -Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей! Біздің бабушка сендерге, немене, ойыншық па еді сонша…
3-үзінді Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған –Ая екеуміз. Бір-екі рет өзара жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жаратып сөйлескеніміз де жоқ. Екеумізді мазалаған ойдың ортақтығын содан-ақ сездім. Жанымды қинаған жайсыз сезімді ашып айта алмай, қуыстанатын секілдімін. «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау» деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтті… 4-үзінді Әлгі бір уақыттан бері іштей жақын тартып, өзімше пір тұтып отырған шешей осыны айтуы-ақ мұң екен, біртүрлі жатырқап сала бердім.Әлденеден бойым тітіркенгендей ішіме салқындық үйірілді. |
||||||||||||||||||
Орында |
Оқулықтың 144-бетіндегі 2- тапсырманы орындаңдар. Әңгіме мазмұнына байланысты кестені дәптерлеріңе толтырыңдар. Әңгіменің бөлімдеріне өздерің қалаған атауды қойыңдар.
|
||||||||||||||||||
Үй жұмысы |
Үйге тапсырма: 4- тапсырманы орында. 145-бет Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе WhatsApp нөмірге жібер. |