Отбасы құндылықтары 4- тоқсан. 6-сабақ

Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна

Пән:

 Қазақ әдебиеті 5- сынып

Сабақ

   №5

Күні

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы

Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 6-сабақ.

Бөлім

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»

Оқу мақсаты

5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Оқушы мақсаты

Әңгіменің мазмұнын түсінеді, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Ақпарат көзі

Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.

Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева

Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Болжа

Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты анықтаңыздар.

 

 

 

Оқулықтың 137-беттегі жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәтінді оқы. Сұраққа жауап беріңіздер. (жазбаша)

1.      Нұрдәулет Ақыш қандай баспалар мен газет редакцияларында қызмет атқарған?

2.      Жазушының балаларға арналған қандай кітаптары бар?

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»  137-139 беттегі 1-2 бөлімді оқыңыздар.

Орында   

Оқулықтың 144-беттегі 3-тапсырманы орындаңыздар. Әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеясын анықтаңыздар. Не себепті жазушы әңгімені «Нағыз әже қайда?» деп атаған. (тапсырманы орындауға арналған көмекші сөздер: тақырыбын анықтауға арналған тірек сөздер: нағашы апа, әже, әженің мейірімі. Идеясын анықтауға арналған тірек сөздер: әженің ертегісі, ата мен апа тәрбиесі, немере, жиен әженің баласы.)

Әңгіменің тақырыбы

Идеясы

Неге «Нағыз әже қайда?» деп атаған

 

 

 

Кері байланыс:  «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

 бүгінгі сабақта мен….түсіндім, …білдім, ….көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны…..
  • мен өзімді…..үшін мақтар едім.
  • маған ерекше ұнағаны…..
  • қызықты болғаны…..
  • ……қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім…..

Үй жұмысы

Үйге тапсырма: оқулықтың 139-143 беттегі бөлімдерін оқыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *