Отбасы құндылықтары 4- тоқсан. 3-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 3-сабақ.

Бөлім

Әңгімедегі образдар жүйесі.

Оқу мақсаты

5.А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

Оқушы мақсаты

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.

Ақпарат көзі

Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.

Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева

Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Болжа

«Ой қозғау» әдісі . Білу.Түсіну 

Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» сұрақ-жауап қойылады . 

1. — Есмағамбет пен Сержан алғашқыда бірін-бірі танымайды — …..

2. Есмағамбет атасы балмұздақ алып бермеді — …..

3. Сержанның анасы қасында жоқ  – ….

4. Сержан қалаға аттанып кетті  – ……

5. Анасы баласын  атасына қалдырып кетті – ……

6.  Ең бірінші  жақсы көретінім – Балмағамбет атам– …..

7.  Есмағанбет қалаға аттанғанда   баланың  «өңіне  бір кірбің, көздеріне де мұң ұялағандай еді…»– …….

8. Балмұздақтың қалғанын ешкімге бермей, өзім жеймін  – ……

Орында   

Тапсырма: Кейіпкерлердің портретін қазіргі өмірмен салыстыра отырып жалғастыра отырып, суреттеп жаз.

1. Сержан: Ата-анасын сағынған Сержан,Уәдеден үміттенген Сержан,Арманы орындалмаған Сержан.

2.  Есмағамбет:  Есмағамбет- балажан,мейірімді,ата-анасын сағынған Сержанды қалаға алып кеткісі келді

3. Балмағамбет: Сержанның нағашы атасы, қандай адам?

4. Күміскүл: Күміскүл-мейірімді,баласын асырау үшін қаражат тауып жатқан ана.Баласының қауіпсыздығы үшін нағашысы Балмағамбеттің отбасына әкеліп тастаған ана.

Кері байланыс. Кестені толтыру. «Тілек беті» әдісі бойынша.

Үй жұмысы

Оқулықтағы 134-беттегі 3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Орындаңдар.

Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе  WhatsApp   нөмірге жібер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *