Отбасы құндылықтары 4- тоқсан.  13-сабақ

Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна

Пән: Қазақ әдебиеті 5- сынып

Сабақ

   №11

Күні

 

 

Сабақтың тақырыбы

Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан.  13-сабақ.

Бөлім

Д. Лондон «Мексика ұлы» әңгімесіндегі кейіпкерлер.

Оқу мақсаты

5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Оқушы мақсаты

Шығармадағы басты кейіпкерлердің бейнесін салыстырады.

Шығармадағы кейіпкерлерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдай алады.

Әдеби эссе жаза алады.

Ақпарат көзі

Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.

Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева

Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Болжа

Оқулықтың 153-беттегі  кейіпкерге мінездеу жайлы ережені оқы.

Мінездеу-жазушы шығарма кейіпкерінің сыртқы портреті мен қатар ішкі мінез-құлқын, көңіл-күйін, ой-сырын, дүниеге көзқарасын суреттейді.

Болжа:  Ривераға көрермендер неге менсінбей қарады, себебі неде? Мәтіннен тауып оқып, оқиғаны сараптағдар.

Орында   

«Жуан-жіңішкелі сұрақта» әдісі 

1.Шығармада бокс бойынша әлем чемпионы кім?

2.Шығармадағы 18 жасар мексикалық жігіттің аты кім?

3.Бокс алаңында қанша раунд болды?

4.Бокс алаңында әділдік сақталдыма?

5.Раунд барысындағы Дэннидің Ривераға көзқарасы өзгердіме?

6. Не себепті халық жеңіліске ұшырап жатқан Дэнниді қолдап, Ривераны қолдаусыз қалдырды?

Үй жұмысы

Үйге тапсырма: Қайталау. ТЖБ-ға дайындық

Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе  WhatsApp   нөмірге жібер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *