Отбасы құндылықтары 4- тоқсан.  12-сабақ.

Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна

Пән: Қазақ әдебиеті 5- сынып

Сабақ

   №11

Күні

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы

Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан.  12-сабақ.

Бөлім

Д. Лондон «Мексика ұлы».

Оқу мақсаты

5.Т/Ж1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс – әрекеті арқылы образын ашу

Оқушы мақсаты

 Мексика ұлы әңгімесіндегі кейіпкерлердің портретін анықтайды. олардың іс – әрекеттері арқылы образын ашады.

Ақпарат көзі

Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.

Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева

Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Болжа

Д. Лондон «Мексика ұлы». Оқулықтың 148-беттегі жазушының өмірбаяны жайлы жазылған мәтінді оқыңдар.

149-153 беттегі «Мексика ұлы» әңгімесінің мазмұнымен танысып, шығарманы толық оқып шығыңдар.

«Боулинг» әдісі. «Боулингке» арналған сұрақтар:

1.      Джек Лондон неше жасынан бастап шығарма жазуға қызықты?

2.      Джек Лондонның қандай шығармалары бар?

3.      Джек Лондон қай елдің белгілі жазушысы?

4.      «Мексика ұлы» шығармасында қандай спорт түрі әңгімеленген?

5.      «Мексика ұлы» әңгімесінің идеясы қандай?

Орында   

Оқылым алды тапсырмасы. Сұрақтар:

1.      Д. Лондонның қандай әңгімесімен таныспыз?

2.      «Мексика ұлы»  әңгімесіндегі басты кейіпкер кім?

3.      Ривераның қарсыласы кім?

4.      Әңгімеде тағы да қандай кейіпкерлер бар?

Оқылым кезіндегі тапсырма:

1 – тапсырма. «Концептуалдық кесте»

«Мексика ұлы» әңгімесіндегі 4 кейіпкердің портретін анықтап, әңгімеден дәлел келтір.

 

Кейіпкерлер

Портрет

Адамгершілік қасиеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор: 

—          «Мексика ұлы» әңгімесінен 4 кейіпкерді табады;

—          Кейіпкерлердің портретін анықтайды;

—          Адамгершілік қасиеттерін анықта.

 

Үй жұмысы

Үйге тапсырма: «Мексика ұлы» әңгімесіндегі өзіңе ұнаған бөлікті мәнерлеп жатқа оқуға дайындалыңдар.

Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе  WhatsApp   нөмірге жібер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *