Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна |
Пән: Қазақ әдебиеті 5- сынып |
Сабақ №7 |
Күні |
Сабақтың тақырыбы |
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 10 — сабақ. |
Бөлім |
Әжелер бейнесі. |
Оқу мақсаты |
5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау; |
Оқушы мақсаты |
Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды. |
Ақпарат көзі |
Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж. Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева |
Жұмыс реті |
Сабақ мазмұны |
Болжа |
«Жалған мен шындық» әдісі арқылы өткен сабақты қайталаймыз. 1. Ая мен Райхан әңгіме кейіпкері А)Шындық В) Жалған 2.Әжесі қызлдарға ертегі айтатын А) Шындық В) Жалған 3.Әкесі ертегі айтатын
А) Шындық В) Жалған 4. Қыздар әжеге көр сұрақ қойды А) Шындық В) Жалған 5. Әже ертегі білмейді-ау деймін А) Шындық В) Жалған 6. Әже ауылдан келген А) Шындық В) Жалған 7. Қыздар әжені көруге бола келді А) Шындық В) Жалған Жаңа сабақ 1-тапсырма Синк вейн» стратегиясын қолданып, «Әже» сөзі мен бес жолды өлең құрастырыңдар. 1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім). 2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім). 3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік). 4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы. 5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
|
Орында |
«Сезімді ояту» әдісі бойынша сұраққа жауап беріңдер. Елестету : Шығармадағы әжені қалай деп елестетесің ? Портреті: Сүйсіну: Кімдердің қандай қылығына сүйсіндің ? Жек көру :Кімдердің қандай әрекеті ұнамады ? Жаны ашу :Қай жерінде өзіңде жаны ашу сезімі пайда болды ? Өкініш :Өкініш сезімі пайда болды ма ? Таңдану : Таңғалып риза болған сәтің ше? Дескриптор Білім алушы: 1. Қойылған сұрақтарға жауап береді; 2.Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетінен алған әсерін әңгімелейді.
|
Үй жұмысы |
Үйге тапсырма: Өздерің үйде ата-апаларыңа « Шаттық шеңбері» бойынша қуанышты сәтті ұйымдастырыңдар. (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру) Әжелеріңе тілек айтып, ән орындап беріңдер. ӘЖЕЛЕРІҢ АТАЛАРЫҢ АМАН БОЛСЫН!!! АУЫРМАҢДАР!!!
Кері байланыс орындаңдар. Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе WhatsApp нөмірге жібер. |