Тәрбиеші : Дуйшенова Гүльсим Султановна
Тобы: «Жас өнертапқыш» ересек топ
Білім беру саласы |
Таным |
|
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
«Математика негіздері»
|
|
Тақырыбы |
Бауырсақ келді қонаққа.
|
|
Ұоқ мақсаты |
Заттарды үлгі және аталған саны бойынша 5 көлемінде тура және кері санай алады. Беске дейінгі сандық топты белгілейді. Тендік және тенсіздік ұғымдары қалыптасады. |
|
Күтілетін нәтиже
|
— 5 –ке дейін тура және кері санауды біледі. — Беске дейінгі сандық топты белгілейді. — Тендік және тенсіздік ұғымдары қолданады. |
|
Ресурс |
Сандар , бауырсақтың ойынына қажетті ресурстар, |
|
Әдіс тәсілдер |
4К коммуникативтілік дамыту, Бала үні қызығушылықтарына қарай тыңдалады. «Миға шабул» «ширату» «ашық микрофон» , жалпылама ,тікелей бақылау, саралау қолдау көрсету арқылы және нәтиже арқылы жүргізіледі. |
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
Кіріспе бөлім 4 мин Жағымды ахуал орнату
«Ашық микрофон» әдісі Бала үні: Қызығушылығы.
Негізгі бөлім 13 мин
4К: командада жұмыс, коммуникативтілік. Бала үні: қызығушылығы. Бақылау:Жалпылама Саралау: қолдау көрсету арқылы.
4К: сыни ойлау,коммуникативтілік. Бала үні: қызығушылығы. Бақылау:тікелей Саралау: нәтиже арқылы.
Қортынды бөлім: 3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі «Тілек шеңбері» бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік. Сәлемдесу. Балалар алдымен достарымен содан соң келген қонақтармен сәлемдеседі. «Миға шабул » әдісі Шарты: Өткен тақырып бойынша білімдерін ортаға салу. Ашық сұрақтар арқылы жаңа оқу қызметін ашу — Балалар қазір жылдың қай мезгілі? — Күз мезгілінің неше айы бар? — Атап шыға аламыз ба? — Балалар біз өткен оқу қызметінде қай санмен таныстық? — 4 санына дейін тура және кері санайықшы. Ширату: балалар ыдыс ішінен геометриялық пішіндерді алып таңдаған пішін бойынша 4 топқа бөлініп отырады. Балалар геометриялық пішіндерді алып таңдаған пішіндері арқылы 4 топқа топтасып отырады.
«Кинометафора» әдісі пайдалана отырып 5 санымен таныстыру. Ғажайып сәт Топқа бауырсақ келеді.
-Сәлеметсіздер ме балалар ? -Балалар маған көмектесіп жібересіңдер ме ? — Ата мен әжемнен қашып шығып едім , орман аңдарына тап болдым, оларға өлең айтып берейін десем келіспей тұр біздің әр түрлі ойындарымыз бар соны ойнап бересің дейді -Маған көмектесесіңдер ме балалар ? -Бауырсаққа көмектесеміз бе балалар ? -Олай болса балалар назарларымызды тақтаға аударайық .
Педагог жетекшілігімен жургізілетін ойын: «Аңдарға көмек».Топтық жұмыс Шарты: Заттарды үлгі және аталған саны бойынша 5 көлемінде тура және кері санайды, сандық топты белгілейді. Бірінші топ Қоянмен ойын: Суреттегі сәбіздерді сандарды орнына қоя отырып тура және кері санайды. Екінші топ: қасқырмен ойын Суреттегі жұлдыз құрттың қалташасына сандарды орнына қоя отырып тура және кері санайды. Үшінші топ : Аюмен ойын Суреттегі жануарлар сан бойынша азықтарын сандарды орнына қоя отырып тура және кері санайды. Төртінші топ: Түлкімен ойын Мұнда балалар сыйқырлы кітап тұр сол кітапшадын 5 санын тауып бес санына сәйкес келетін әр заттарды орналастырады. Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек»
Сергіту сәті: Бауырсақпен сергіту (видеоролик)
Құрылымдалған ойын «Ойлан тап» Шарты: заттарды санайды, тен немесе тен еместігін сәйкестендіреді. Жұптық жұмыс Кері байланыс: «Сэндвич» әдісі.
Кері байланыс: Әр түрлі бейнедегі смайлктер
Рефлексия: Балалар өздерінің суреттері бар қалташаларға жұлдызша төрт бұрыш немесе үшбұрышты таңдап салады. Егер оқу қызметін толық түсінгендері жұлдызша орташа деңгейде болса төрт бұрыш түсінбесе үшбұрышты таңдайды. |
123 4 43 21
https://www.youtube.com/watch?v=IV-OP74eNqc
|