Өзім туралы өзім айтамын Қадыр Мырза Әли. Не үшін?

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

 

Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі: Өзім туралы

Бөлімше: шығарманың мазмұнын түсіну

 

 

 

 

Мектеп: Мектеп: БҚО, Орал қаласы

А. Тайманов атындағы №34мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні:Ержанова М.Е.

Күні:

Сынып: 2

 

Мұғалімнің аты-жөні:Абилова Нурия Суйеубаевна

Қатысқандар  саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы:

Өзім туралы өзім айтамын

Қадыр Мырза Әли. Не үшін?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.

Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы  оқып,мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар:шығарманың мазмұны бойынша қажетті ақпаратты ажыратады.

Кейбір оқушылар:шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:қыңбау, ақиқат, тіл мен жақ,аудармашы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Жақсы болу, жақсылық жасау әркімнің қолынан келе ме?

-Біз қандай өлең оқыдық?

-Қандай дене мүшелері?

-Олар бізге не үшін керек?

Көзбен …

Құлақпен …

Қолмен …

Аяқпен …

Құндылықтардыдарыту

 

Ынтымақтастық(топтық жұмыс жасауда)

Еңбек және шығармашылық(ресурстар бойынша саралау және де тапсырма бойынша саралау кезінде )

Пәнаралықбайланыстар

Көркем еңбек (жақсы адам моделін жасаукезінде )

Жаратылыстану (жақсы адам моделін жасаукезінде)

Қазақ тілі (дәптермен жұмыс кезінде)

Бастапқы білім 

Жалпы көз, қол құлақ, жүрек сияқты адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметін біледі.

 

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

 

 

 

 

Сабақ басында оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында:

Өзіңді жақсы жағыңнан қалай таныстырар едің? деген сұрақ беріліп, үлгі бойынша бірнеше оқушыдан сұралады.

Мысалы: Мен мейірімдімін.

                 Өйткені   …

                 Мен өнерлімін.

Өйткені   …

Мен шыншылмын

Өйткені   …

Яғни бұл сендердің жақсы қасиеттерің. Жақсы болу, жақсылық жасау әркімнің қолынан келе ме? Олай болса біз жақсы бала болып, айналамыздағы адамдарға үнемі көмектесіп жүруді ұмытпауымыз керек.

 Енді мына іс-әрекетті жасап көрейікші

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!

 Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)

-Біз қандай өлең оқыдық?

-Біздің дене мүшелеріміз

-Қандай дене мүшелері?

Көз,құлақ,қол,аяқ,

-Олар бізге не үшін керек?

Көзбен …

Құлақпен …

Қолмен …

Аяқпен …

-Осы дене мүшелеріміздің көмегімен жақсылық жасауға болады деп ойлайсыңдар ма?

Балалардың қысқаша ойын тыңдау

 

Сабақтың мақсатын таныстыру.

Олайболса,балалар, біз бүгін берілген сұрақтарға жауап бере отырып,өлең мазмұнынан өзімізге қажетті ақпаратты белгілеп, мазмұнын ұғынуды үйренеміз

 

 

 

 

 

 

 

«Әдебиеттік оқу» 2-сынып Алматы «Атамұра» 2017ж.

( 1-бөлім)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интернет желісі

Сабақтың ортасы

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              5 мин

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру алдында мұғалім бүгінгі сабақ барысы өзін-өзі бағалау әдісі арқылы жүргізілетінін айтады. Әрбір іс-әрекете оқушы кестеге өзін бағалауда жасыл, сары, қызыл түсті адам бейнесін орналастырып, сабақ соңында өзін-өзі бағалау кестесін «жетістік баспалдағына» қоятындығы түсіндіріледі. Ол мынадай критерий бойынша бағаланып отыратындығын айтады:

1.Тапсырманы орындауда  белсенді болдым –«жасыл»

2. Тапсырманы орындауда орта деңгейде болдым –«сары»

3.Тапсырманы орындауда  белсенділік көрсете алмадым –«қызыл»

 

Жұптық жұмыс.

Суреттер арқылы түсіндірме сөздерді сәйкестендіру

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, оқушылар мұқият тыңдап, алдарына берген суреттер (көз, қол, құлақ,жүрек,тіл мен жақ, аяқ ) мен тірек сөздерді сәйкестендіреді.

Тірек сөздер қара түспен беріледі.Қызылмен берілген «қыңбау» сөзіне мән беріліп, мұғалім түсініктеме береді.

Әр жұп бір шумақтан дауыс ырғағын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды.

ҚБ «өзін-өзі бағалау» , мұғалімнің мадақтауы (жақсы, жарайсың! өте жақсы!)

 

 

 

 

Автор жайлы бейнебаян арқылы,мәлімет беу.

 

Топтық жұмыс«Жақсы адам моделін жасау»Ресурстар бойынша саралау

1-топ ермексаз, пластикалық бөтелке,таяқшалар мен жіптерді пайдаланады.

2-топ түрлі-түсті қарындаш, ақ қағаз, түрлі-түсті бояулар

3-топ  пластикалық ыдыстар,түрлі-түсті қыстырғыштар

4-топ аспан денелерінің суреттерін пайдалану: күн,ай, жұлдыз, бұлт, жер.

Оқушылар жасаған жұмыстарын қорғайды.

ҚБ «өзін-өзі бағалау» , мұғалімнің мадақтауы (жақсы, жарайсың! өте жақсы!)

   

 

 

 

Оқушы деңгейіне қарай отырып,қайта топтастыру. Төрт түрлі түске (қызыл, сары, жасыл, көк) аты-жөндері жазылып әзірленеді. Сол түстерге қарай оқушылар топтасады.

Жеке жұмыс.Дәптермен жұмыс

Кестедегі сұрақтарға қысқаша жауап беру

А деңгейіндегі оқушылар бірінші бөлігін толтырады.

Б-С деңгейіндегі оқушылар түгел орындайды.

Сұрақ

Ақынның жауабы

Сенің жауабың

1.Екі көзің не үшін керек?

 

 

2.Екі қолың не үшін керек?

 

 

3.Құлақ не үшін керек?

 

 

4.Жүрек не үшін керек?

 

 

5.Тіл мен жағың не үшін керек?

 

 

6.Аяқтарың не үшін керек?

 

 

ҚБ «өзін-өзі бағалау»

     

 

 

 

Сергіту сәті:

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады,

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы атқарады.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарады.

Мынау — менің оң аяғым,

Мынау — менің сол аяғым

Жақсылыққа апарады.

 

Топтық жұмыс.Тапсырма бойынша саралау.

А деңгейі. «Тест — интервью» ойыны

Р/с Сұрақтар ————————Оқушы жауабы

1 Екі қолың не үшін керек? ——жақсыларды көру үшін

2 Жүрек не үшін керек? ———- ақыл-кеңес тыңдау үшін

3 Ақиқатын айту деген не? —— шындығын айту, шын сөйлеу

4 Қыңбау деген сөздің мағынасы қандай?——  қорықпау

5 «Туған жер» деген не? ——туып өскен жерің, атамекенің

Б деңгейі.Айнаға қарап өзін сипаттау, ақынның сөзін пайдалану

Мысалы, менің көзім қара. Көздерім жақсыларды көру үшін керек.

Б деңгейі.«Сіз кімсіз?» ойыны

Қатысушылар өздері жауабын қалаған 2 сұрақ жазулары керек. Содан соң шеңбер арқылы айнала жүріп, өз сұрақтарына жауап алады. Мұнан соң әрқайсысы сұрақтарға жауап айтады, қалғандары білген мәліметтері арқылы оны толықтырып отырады.

С деңгейі.«Радиоға қоңырау шалу» ойыны.

Радиоға қонақ келеді.Топ мүшелері өздері әзірлеген сұрақтарды кезек-кезек қояды. Бұл сұрақтар өмірмен байланысты да болуы мүмкін.

ҚБ «өзін-өзі бағалау» , мұғалімнің мадақтауы (жақсы, жарайсың! өте жақсы!)

       

 

 

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Бағалау критерийі   

•   Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды

Тапсырма

Мәтінді оқы. «Достық» туралы  айтылған сөйлемді қоршап сыз.  

Нағыз дос

  Саят пен Ермек тату достар еді. Бір күні Ермек ауырып, сабаққа бармай қалды. Кешкісін Ерболдың үйіне барып, үйге берген тапсырманы сұрады. Ол көшіріп алуға дәптерін берді. Сол кезде Ерболдың үйіне Саят келіп қалды. Ол Ермектің асығыс көшіріп жатқанын көріп:

 — Сен оны текке көшірме, мен саған шығару жолын түсіндірейін,сосын өзің де үйреніп аласың,-деді. Ермек досының сөзін мақұлдап, досына риза болды.

 

Сұрақтарға жауап бер.

 

•   Кейіпкерлердің қайсысының іс- әрекеті мәтіннің тақырыбына сәйкес келеді? Белгіле ()

Саяттың

Ермектің

 

 

 

 


•   Ермек досының сөзін неге мақұлдады?

•   Мәтіннен қандай ой түйдің?

 

Дескриптор

    

Білім алушы

  мәтінді  қатесіз оқиды;

  қажетті ақпараттарды белгілеп көрсетеді;

  мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  мәтін мазмұнына қатысты ойын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әдебиеттік оқу» 15-бет

2-сынып Алматы «Атамұра»

2017 ж. (1-бөлім)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://imektep.kz/kz/adebiettik-oku

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әдебиеттік оқу»  №1жұмыс дәптері, 12-13 бет,2-сынып Алматы «Атамұра»

2017 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұндамалар жинағы

 

Сабақтың соңы

3 мин

 

 

 

Рефлексия

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Сұрақтар құрастыру жеңіл ме?

-Өзімізге қажетті ақпарат алдық па?

-Сабақта көңілге түйген ойымыз өмірде қолдануда маңызды ма?

 Олай болса, балалар, өзін-өзі бағалау парағын «жетістік баспалдағына»  орналастырайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық жұмыс.

Тапсырма және дереккөз бойынша саралау. ( әр топқа әртүрлі ресурс:

ермексаз, пластикалық бөтелке, таяқшалар мен жіптер,қыстырғыштар)

А деңгейі. «Тест — интервью» ойыны

Сұрақтар —————Оқушы жауабы

1 Екі қолың не үшін керек? ——жақсыларды көру үшін

2 Жүрек не үшін керек? ———-

қыл-кеңес тыңдау үшін

3 Ақиқатын айту деген не? —— шындығын айту, шын сөйлеу

4 Қыңбау деген сөздің мағынасы қандай? ——  қорықпау

5 «Туған жер» деген не? ——туып өскен жерің, атамекенің

С деңгейі.«Радиоға қоңырау шалу» ойыны.

Радиоға қонақ келеді. Топ мүшелері өздері әзірлеген сұрақтарды кезек-кезек қояды. Бұл сұрақтар өмірмен байланысты да болуы мүмкін.

ҚБ «өзін-өзі бағалау» әдісі

(әрбір тапсырма орындау барысында кетеге адам бейнесін жапсырып отырады)

ҚБ «мұғалімннің мадақтау» (жақсы, жарайсың! өте жақсы!)

ермексаз, пластикалық бөтелке,таяқша-лар,пластикалық ыдыстар,түрлі-түсті қыстырғыш-тар жіптер

           

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *