Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Үй мәдениеті |
Мектеп: «Бесікті орта мектеп — интернат» |
|||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Есенгожина Жайнагуль Атабайевна |
|||||||||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Жеке бас гигиенасы, өзін-өзіне күтім жасау. |
|||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2.5.3 Жеке басының гигиенасы ережелерін зерделеу және сипаттау, әртүрлі шаш пен тері түрін анықтау.
|
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: — Жеке гигиена ережелерін зерделей отырып, шаш пен тері түрлерін анықтайды және оларды өзара салыстырады. Оқушылардың көпшілігі: — Өзіне күтім жасау шаралары мен қолданылатын құралдарды пайдалана білуді үйренеді. Кейбірі: — Жеке бас гигиена ережелерін құрып, графикалық элементтерді пайдаланып суреттерін салады жәнеталдайды. |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
1. Жеке гигиена ережелерін зерделейді және сипаттай алады. 2. Шаш пен дене күтімі түрлерін саралап салыстыра алады. 3. Өз бетінше өз-өзіне күтім жасауда адам ағзасы үшін қажетті күтімді атай алады |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: · Жеке бас гигиенасы, бактериялар, құрғақ/майлы/аралас тері, шаштың құрылымы, кептіру.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: · Мен баспана гигиенасы туралы ……… Баспана гигиенасы қандай болады? · Жеке бас гигиенасықұралдарына … жатады. · Менің тазалығым … басталады. · Киім гигиенасы туралы менің білетінім……….. · Көз гигиенасы………………………. · Су гигиенасы…………….. · Төсек-орын гигиенасы…………….. |
|||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
5. Жалпы Еңбек Қоғамы |
|||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Биология, химия, психология, өзін-өзі тану |
|||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
— Сабақ барысында презентация көрсету үшін интерактивті тақта қолданылады. Жеке бас гигиенасы ережелерін көрсетемін.»Бактериялар туралы 13 жағдай» бейнеролигі көрсетіледі. |
|||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Жеке бас гигиенасының, салауатты өмір салтының негізгі ережелерін біледі;күтіну құралдарын таңдап, қолдана алады; Тұрғын үй гигиенасына, жинау құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар туралы түсініктері бар; |
|||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты топқа бөлу. Сәлеметсіздер ме, балалар? Бүгін біздің сабағымыз ерекше, сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне келіп бір-бірімізбен амандасып алайық. Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! Мен де сендерге жадыраған көңіл күй тілеймін!!! Біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны «Үйренеміз,талмаймыз. Биік шыңға самғаймыз!» Ал енді менің жаныма келіп, қиынды қағаздарды алып, құрастыру арқылы өз тобымызды табайық. Қиынды қағаздар арқылы «Мозайка» әдісімен топқа бөлінеді. Әр топ орнына барып отырады,құраған қағаздарынан шыққан суретті не екенін айтады.Суреттерде сабын, тіс щеткасы, тарақ бейнеленген. Оқушылар осылай 3 топқа бөлінеді. |
Презентация «Жеке бас гигиенасы, өзін-өзіне күтім жасау».
Суреттер, қағаз қиындылары
|
||
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Ой қозғау «Кім жылдам» әдісі. Әр топ суретте шыққан бұйымға байланысты талқылай отырып,сыныптаөз ойларымен бөліседі.Сабын суреті шыққан топ- Тері гигиенасы(қол мен бет терісінің қалыпты,құрамдас,майлы), тарақ суреті шыққан топ- шаш гигиенасы(шаштың жұқа және қалың түрлерін оларды қалай күту қажеттілігін), тіс щеткасының суреті шыққан топ- ауыз қуысың гигиенасы туралы айтады. Оқушылар өзара сынып ішінде өз ойларымен бөлісіп, сыныпқа идеяларын айтып, сипаттау мен талдау дағдыларын дамытады. Дескриптор: 1. Суреттер арқылы өз ойлары және идеяларымен бөліседі. 2. Жеке бас гигиенасы және тері, шаш, ауыз қуысының гигиенасымен танысады. ҚБ: «өзін-өзі бағалау»әдісі арқылы арқылы өзін-өзі бағалайды. 1.Ал сендер үйлеріңде осындай жеке бас гигиенасын ұстанасыңдар ма? 2.Жеке бас гигиенасына не жатады? 3.Егер біз жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамасақ не болады? Барлығымыз «Бактериялар туралы13 жағдай» бейнеролигін көрейік. «Кинометафора»әдісі арқылы «Бактериялар туралы 13 жағдай»бейнебаян көрсетіп, төмендегі сұрақтарды қойылады. Осы бейнероликке байланысты оқушылар · Бейнежазба не туралы? · Бактерияның не екенін білесіздер ме? · Адам ағзасында бактериялар мөлшерден тыс көп болған жағдайда не болады?
· Қалай ойлайсыздар, олардың аз мөлшерде болуы үшін қандай шара қолдануға болады?
Дескриптор: 1. Бейне таспаны көре отырып адам ағзасындағы және қоршаған ортада қаншалықты бактерия болатындығын біледі. ҚБ: «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы 1-тапсырма: «Конверт» әдісі арқылы әр оқушы өзінің жеке бас гигиенасы ережесін құрады. Әр топтың алдында қобдишалар тұрады. Сол қобдишадан үлестірмелі карточкаларды оқушыларға таратып беремін.Үлестірмелі карточкадағы сөйлемдерді аяқтау арқылы өзіне күтім жасау шаралары мен қолданылатын құралдары туралы жазады. · Мен баспана гигиенасы туралы ……… Баспана гигиенасы қандай болады? · Жеке бас гигиенасықұралдарына … жатады. · Менің тазалығым … басталады. · Киім гигиенасы туралы менің білетінім……….. · Көз гигиенасы………………………. · Су гигиенасы…………….. · Төсек-орын гигиенасы…………….. Тапсырманы орындау барысында қолдауды қажет ететін оқушыларға «Дұрыс-бұрыс» әдісіменсуреттегідұрысбейнелердіастынсызғысып, белгілетуарқылықолдаукөрсетіп,жеңілдеу тапсырмаорындатамын.. Оқушылар жеке бас гигиенасының ережелерін құрап, графикалық элементтерді пайдаланып отырып тірек-сызбалар арқылы тұжырымдамалық картажасайды. Дескриптор: 1.Жеке бас гигенасын атайды 2. Киім гигиенасын атайды. 3. Көз гигиенасын сипаттайды 4. Су гигиенасының ережесін атайды 5. Төсек орын гигиена ережесін атайды ҚБ «Медаль және миссия» әдісі 2-тапсырма:»Ойланып сурет саламыз!» Графикалық элементтерді пайдалана отырыпA4 форматтағы қағаз бетіне»Тазалық-саулық негізі»деген тақырыпта сурет салады. Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға қосымша тапсырма: Боялмаған суреттерді беріп, боятамын
· Композициялық ережелерді ескеру · Түстік шешімін қадағалау · Керекті бейнелеу өнер құралдарын қолдану · Қауіпсіздік ережелерді ескеріп суреттеу. Оқушылар жұмыстарын аяқтап болған соң өзара пікір алмасып, өз ойларын сыныппен бөлісіп қорғайды. Дескриптор: 1. Композициялық ережелерді ескере отырып, А4 форматқа суреттер салып үйренеді. 2. Оқушылар жеке бас гигиенасы ережелерінің суреттерін сала отырып, таңдаған құралдарымен салыстырады, өз-өзін күту және қолдану туралы біледі, оны тұжырымдамалық картада қорғайды. ҚБ: «Екі жұлдыз, бі тілек»әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. |
https://www.youtube.com/watch?v=X8cAoGVEbL0 Бактериялар туралы 13 жағдай
Қобдишалар мен үлестірмелі карточкалар
денсаулықhttps://www.google.ru/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&ved …
|
||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Кері байланыс «Блоб» ағашы Оқушы өзінің бүгінгі сабақта түсінгенін қаншалықты бағалайтынын блоб ағашыарқылы таңдап белгілейді .Өзін бояйды. |
|
||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
Қабілеті жоғары оқушыларЗерттеу жұмысын толық әрі нақты орындайды. Қосымша ақпараттар қолданады. Графикалық элементтерді пайдаланып суреттерін салады және талдайды. |
Қалыптастырушы бағалау«Шапалақтау»әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды»Ауыз екі баға» әдісі арқылы бағалаймын. «Жұлдызды баспалдақ» әдісі арқылы жұптар бір-бірін бағалайды. «Түстер арқылы бағалау» әдісіарқылы бірін-бірі бағалайды. |
Қауіпсіздік техникасы: Ноутбук немесе компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде өшіру Қауіпсіздік ережесін ескеріп суреттер салады. Сергіту сәті ретінде сабақ ортасында оқушыларға жаттығу жасатамын жәнебір-біріне жақсы тілектер айтқызамын
|
||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||