Қысқа мерзімді жоспар
Пән:математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сандар және шамалар. Бөлімшесі: 1.1.Натурал сандар және 0 саны. Сынып:1
|
Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы Мұғалімнің аты-жөні: Ержанова Махаббат Ержанқызы |
||||||||
Сабақтыңтақырыбы: |
Тура және кері ретпен санау |
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1 натурал сандар/ нөл санының құрылу жолын түсіну, 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау |
||||||||
Сабақ мақсаттары: |
1.10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, орнын анықтайды; 2.10 көлеміндегі сандардың көршілерін атайды, реттік қатарын анықтайды . 3.10 көлеміндегі сандардың тізбегін құрастырып, салыстырады. |
||||||||
Тілдік мақсаттар :
|
Пәнге тән лексика мен терминалогия: Тура ретпен санау; кері ретпен санау;сандардың көршісін табу;салыстыру; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Санау нәтижесінде не болды? -Сандарды тура санау дегеніміз не? -Сандарды кері санау дегеніміз не? |
||||||||
Құндылықтардыдарыту:
|
Ынтымақтастық-топтық жұмыс және жұптық жұмыс барысында. Шығармашылық-практикалық жұмыс барысында. |
||||||||
Пәнаралықбайланыстар: |
Сауат ашу (санамақ айту) Дүниетану (бұлттарды,жұлдыздарды санау) |
||||||||
Бастапқы білім: |
Оқушылар 10 көлеміндегі заттарды санайды, 10 санының құрамын біледі. Натурал сандардың реттілігі туралы ұғым бар. |
||||||||
Сабақ барысы:
|
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы: 2 минут
Сабақтың ортасы 12 минут
2минут
5 минут |
Ұжымдық жұмыс Ширату: «Санамақ білеміз бе?»
1-дегенім-білмек 2-дегенім –еңбек 3-дегенім-үлгі 4-дегенім –төзім 5-дегені –бестік 6-дегенім-алғыс 7-дегенім –жеңіс 8-дегенім –сенім 9-дегенім-тоқу 10-дегенім оқу Оқушыларға топшамалар үлестіріледі. Топшамада 1-ден- 3-ке дейінгі сандар жазылған.Осы сандар бойынша оқушылар 3-топқа бөлінеді.
Ұжымдық жұмыс «Орныңды тап» ойыны. Мақсатты ашу. Ойын арқылы 10 көлеміндегі сандардың тура және кері қатарын анықтайды. Тақтаға 10 оқушыны шақырып олардың қолына 1-10-ға дейінгі сандар жазылған кеспе қағазды үлестіру және ретімен тұруын тапсыру. (Ретімен тұра алмаған жағдайда санау жұмысын ұйымдастыру). Мұғалім: Осылайша санау, тура санау деп аталатындығына көз жеткізу. Келесі 10 оқушыны шақырып 10 санынан бастап, 1-ге дейін ретімен тұруын өтіну. Енді санауды үлкен саннан бастап санап көруді өтіну. Мұғалім: Санаудың бұл түрі кері санау екендігін түсіндіру. -Оқушылар сабақ не туралы болатынын өздері табады.(Тура және кері ретпен санау)
Мұғалімнің түсіндірмесі: -Оқушылар, айналадағы заттардың барлығын санауға болама? Қандай заттарды санай алмаймыз? Сабынның көпіршігі,бұлттар,жұлдыздар саналмайды.-Неліктен? -Айналамыздағы санауға болатын заттарды атаңдар. Мысал келтіріңдер -Заттарды санауда қолданатын сандарды қалай атаймыз?(натурал сандар) Ең кіші натурал сан-1. 1,2,3,4,5,6,7,8,9-бұл бір таңбалы натурал сандар. 10-екі таңбалы натурал сан.Натурал сандар шексіз. Бейне жазба арқылы «Санау әнін» тыңдату.
Топтық жұмыс. Тапсырма бойынша саралау
А-тобы: «Кэрролл» диаграммасы Оқушыларға 1-ден-10-ға дейін сандар жазылған топшамаларды таратамын. Тапсырма: Сандар жазылған топшамалар арқылы 1-ден-10-ға дейінгі сандарды жұп және тақ сандарға бөліп орналастыр.
2,4,6,8,10 9,7,5,3,1 — Салыстырамыз. Не байқадыңыз?Не айта аламыз? Бағалау критерийі: Берілген сандарды жұп және тақ сандарға ажыратады.
В-тобы: «Тиісті санды тап» әдісі Тапсырма: Берілген сандардың көршілерін тауып, орнына орналастыр.Олар қандай сандар? …3… …5… …2… 4… …5 …6… 7… …8… …9… Бағалау критерийі: Парақшада берілген сандардың көршісін тауып, орнына орналастырады.
С-тобы: «Бір рет ойлан, бөліс» әдісі. Тапсырма:Сандар жазылған парақшаларды тура ретпен қой.Қандай парақшалар жетіспейді? (1,2,3,4,7,8,10) Бағалау критерийі: Парақшада берілген сандарды тура ретпен орналастырады; жетіспейтін сандарды атайды. ҚБ «Өзара бағалау»ауызша
Сергіту сәті (Қимылмен көрсету) 1-дегенде орнымыздан тұрайық, 2,3,4,5 алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Орнымызды табайық.
Дәптермен жұмыс ,38 бет Жұптық жұмыс:«Сен-маған,мен-саған»әдісі Дереккөз бойынша саралау. Әр жұп берілген тапсырманы орындай отырып, бірін-бірі тексереді. Тапсырма:Түсіп қалған сандарды орнына жаз. Тура және кері ретпен сана. 1-жұп:моншақ тізбегіне жазады 2-жұп:сан сәулесіне жазады 3-жұп:сандар жазылған шұлықтарды қыстырғышпен жіпке іледі. Бағалау критерийі: -Түсіп қалған сандарды өз орындарына жазады; -Тура және кері санайды: ҚБ «Білезікпен бағалау»әдісі Жұптық жұмыс барысында оқушылар өзге жұптың жұмысын тексереді және бағалайды. |
Топқа бөлінеді
bilimland
Оқулық математика 1бөлім Назарбаев Зияткерлік мектептері2016
Жұмыс дәптері 1 бөлім Назарбаев Зияткерлік мектептері 2016 |
|||||||
7 минут |
Топтық жұмыс. Дереккөз бойынша саралау Үш топқа шығармашылық тапсырма. 1-топ:«Жалған, ақиқат» әдісі Тапсырма:Іздерге сандар жазу арқылы тапсырманыорында. Бағалау критерийі: Тапсырмада түсіп қалған іздегі сандарды орналастырады.
2-топ: «Кім жүйрік?» ойыны. Тапсырма:Есептерді шығарып, үйрек- анаға өз балапандарын жинап алуға көмектес!
Бағалау критерийі: Мәні 10 болатын өрнектердің мәнін табу арқылы орындайды.
3-топ: « Бірге санаймыз!»әдісі Тапсырма:Жұмбақ өлеңді оқи отырып, шешуін тап. Түйе,түйе маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос қозылы, екі қой. Бәрі нешеу айта ғой. (12) ҚБ «Мадақтама бутерброды» әдісі -Менің қиналған жерім……. -Маған ұнаған сәт…… -Тілек
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:
Бағалау критерийі :10 көлеміндегі сандардың тура және кері тізбегін құрастыру
Тапсырма: Құлпынайлар тізбегін тура ретпен құрастұру
Дескриптор: -тізбектегі белгісіз сандарды жазады; -кері ретпен тізбек құрастырады
|
Газет «Ой сана»
|
|||||||
Сабақтың соңы: 5минут
|
Қорытынды: « Не түйдім?»әдісі — Онға дейін тура ретпен сана. — Оннан бастап кері ретпен сана. — 1,2,3,4,6,7,8,9,10.Түсіп қалған санды тап. (Жауабы:5) -10,9,8,7,5,4,3,2,1.Қай сан түсіп қалған?(Жауабы:6) -Сандарды салыстыр.
Рефлексия: Оқушылар өздерінің жұмысын, жұмыс дәптердегі «Жетістік баспалдағымен» өзін-өзі бағалайды. |
|
|||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың тура және кері санау дағдысын бақылау арқылы бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||
А-тобы: «Кэрролл» диаграммасы Оқушыларға 1-ден-10-ға дейін сандар жазылған топшамаларды таратамын. Тапсырма: Сандар жазылған топшамалар арқылы 1-ден-10-ға дейінгі сандарды жұп және тақ сандарға бөліп орналастыр. 2,4,6,8,10 9,7,5,3,1 — Салыстырамыз. Не байқадыңыз?Не айта аламыз? С-тобы: «Бір рет ойлан, бөліс» әдісі. Тапсырма:Сандар жазылған парақшаларды тура ретпен қой.Қандай парақшалар жетіспейді? |
ҚБ «Өзара бағалау» ауызша
ҚБ «Білезікпен бағалау»әдісі ҚБ «Мадақтама бутерброды» әдісі -Менің қиналған жерім……. -Маған ұнаған сәт…… -Тілек
|
Сергіту сәті
Ресурстарды сабақта қолдану кезінде. Моншақ.кір қыстырғыш, сызғыш. Бейне ролик қолданғаннан кейін компьютерді өшіру. |
|||||||